Т. Кенеев атындағы Politech баспа орталығы
Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Баспа басқармасы қайта құрылғаннан кейін өз қызметін бастаған Polytech баспасы, бұл:
- толық циклді цифрлық жабдықтары бар заманауи баспахана;
- 50 жылдық мінсіз қызмет;
- үлкен жұмыс тәжірибесі бар кәсіби команда;
- шығарылатын өнімнің жоғары сапасы.
2004 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ баспасын Қазақстан ЖОО қауымдастығы «Үздік университеттік баспа» деп таныды және жаңа буын оқулықтарын шығарудағы жетістіктері үшін ҚР ЖОО қауымдастығы президентінің дипломымен марапатталды.
Polytech баспасы буклеттер, брошюралар, парақшалар, сонымен қатар қазіргі ғылыми білімнің барлық салалары бойынша кітаптар - студенттерге, аспиранттарға, оқытушылар мен мамандарға арналған оқу және ғылыми әдебиеттер, жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған нұсқаулықтар, сонымен қатар ғылыми-көпшілік, ғылыми-көркем және анықтамалық әдебиеттер шығарады.
Баспа сонымен қатар «ҚазҰТЗУ Хабаршысы – Вестник КазНИТУ» ғылыми журналын шығарады (жылына 6 нөмір).
Polytech баспасы жоғары технологиялық полиграфиялық жабдықтармен жабдықталған:
- OceVarioPrintVP6160 монохромды өнімді цифрлық баспа машинасы (ақ-қара);
- KM Bizhub Press C8000 толық түсті өндірістік баспа машинасы;
- түрлі-түсті кең форматты сканер;
- MFP Konica Minolta bizhub;
- мұрағаттық құжаттарды сканерлеуге арналған роботты сканер;
- кең форматты принтер;
- трафаретті аппарат;
- кружкаларға, табақтарға және т.б суреттер мен мәтіндерді салуға арналған 3D принтер;
- қағаз кескіш аппарат;
- термобиндер – түптегіш аппарат;
- лазерлік гравировка аппараты.
Polytech баспасының жұмысы ведомстволық және университеттік деңгейдегі баспа қызметіне қатысты нормативтік құжаттармен реттеледі. Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығару және шығаруға дайындықты жақсартуға қатысты Баспаның алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында кітап шығаруды ұйымдастыру мен сапа менеджментіне негізделген жарнама мен басқа да материалдарды шығарудың барлық мәселелері қарастырылды.
Мекен-жайы: Алматы қ. Сәтбаев көшесі, 22, Бас оқу ғимараты, 104, 105, 107 офистері.