Дене шынықтыру кафедрасы

Тарихы      

Кафедра 1934 жылы құрылды. Алғашқы кафедра меңгерушісі міндетін 30 жылдай П.А. Калифутов атқарды. Келесі жылдары кафедра меңгерушісі қызметін төмендегі тәжірбиелі ұстаздар: К.К. Қалдыбеков (1963-1972 ж.ж.) еңбек сіңірген спорт шебері  Ж.Н. Саурамбаев (1972-1977 ж.ж.), Н.С. Кәрімов (1977-1983 ж.ж.), Д.Ү. Мұрзаев (1983-1988 ж.ж.), кафедраның алғашқы профессоры Ж.Н. Саурамбаев (1988-2015) атқарды. 2016 жылдан бастап кафедра меңгерушісі міндетін WBPF нұсқасы бойынша бодибилдингтен спорт шебері, фитнес пен бодибилдингтен халықаралық дәрежедегі сертификатталған жаттықтырушы, бодибилдинг пен мас-рестлингтен халықаралық дәрежедегі төреші Т.С. Иматалиев атқаруда.

Кафедраның өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқандар Б.И. Лим, В.С. Коробов, И.Р. Бондарев, И.И. Карцев, Г.С. Иманқұлов, С.Е. Крылов, В.Г. Ильин, А.Ф. Никишин, Н.Т. Қанағатов, А.Д. Тен, Т.Я. Малиновская, Н.Н. Скедро, Е.Ж. Құрманғазы, Э.Х. Габдулов, А.Қ. Әбілханов. Көптеген жылдар бойы кафедрада жұмыс істеп келе жатқан оқытушылар: Х.И. Махперова, Г.Р. Амренова, С.К. Аркабаева, Э.В. Бородина, Е.У. Джуашев, С.Т. Джумабаева, Х.А. Исаев, И.Ю. Машков, А.А. Нусипова, С.В. Плехова, М.Г. Рыбинцева, Б.А. Сейлов, Д.В. Синьков, А.С. Танакулова, Т.Р. Укешов. ҚазҰТЗУ-да келесі спорт түрлері дамыған: мас-рестлинг, баскетбол, волейбол, футбол, армрестлинг, үстел теннисі, шахмат, тоғыз құмалақ, фитнесс.

Университет әрдайым элиталық спортшыларды дайындады және дайындауда:

  • Жұлдызбай Азамат, каратэден ҚР спорт шебері, 2014 ж. әлем чемпионатының жеңімпазы;
  • Ерланов Диас, таэквондодан ҚР спорт шебері, 2014 ж. ҚР чемпионатының күміс жүлдегері;
  • Алғазы Нұрсұлтан, дзюдодан, қазақ күресінен ҚР спорт шеберіне үміткер, 2011 ж., 2012 ж. қазақ күресінен ҚР чемпионаттарының қола жүлдегері, 2012 ж. дзюдодан халықаралық турнирдің чемпионы;
  • Садыкова Дилорам, каратэ-додан ҚР спорт шебері, 2015 жылғы әлем чемпионатының чемпионы және жүлдегері;
  • Рахимбаев Даулет, шаңғы спорты бойынша спорт шебері, 2016 жылы ҚР VI Қысқы Универсиадасында тау шаңғысы спорты бойынша 3 орын, шаңғы жарысы бойынша 5 орын, трамплиннен секіру бойынша 5 орын, спорттық бағдарлау бойынша 11 орын, президенттік көпсайыс бойынша 15 орын, сондай-ақ 2017 жылы 28 Дүниежүзілік қысқы Универсиадада 70 қатысушының ішінен 10 орын иегері;
  • Етемесов Абдуллах 2016 жылы Джиу джитсудан 1 орын алды;
  • ҚР чемионаты, 2018 ж. Мәскеу қаласында өткен мас-рестлингтен Әлем Кубогында SU студенттері Шәмет Темірлан Нұрланұлы мен Ақылбек Алтын Қалдыбекқызы 3 орын алды;
  • 2019 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 3 курс студенті Шамет Темірлан Нұрланұлы 3 орын алды.

Дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі — Иматалиев Талап Сайппуллович, WBPF нұсқасы бойынша бодибилдингтен спорт шебері, бодибилдинг пен фитнестен халықаралық дәрежедегі сертификатталған жаттықтырушы, бодибилдинг пен мас-рестлингтен халықаралық дәрежедегі төреші.

Мақсаты мен міндеттері

Жоғары оқу орнындағы дене шынықтыру қазіргі заманғы маман тұлғасының жалпы және кәсіби мәдениетін қалыптастыру жөніндегі ұлттық бағдарламаның ажырамас бөлігі болып табылады.

Барлық мамандықтар үшін міндетті оқу пәні ретінде ол мамандандырылған физикалық дайындықты қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын ұстануға саналы қажеттілікті тәрбиелейді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру құралдарының бірі, денсаулықты нығайту факторы, кәсіби дайындық процесінде студенттердің физикалық және психофизикалық жағдайын оңтайландыру болып табылады.

Осы бағдарламаның негізгі ережелері "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексімен және "Қазақстан-2050" стратегиялық іс-қимыл бағдарламасымен тығыз байланысты.

Бұл бағдарлама студенттердің дене шынықтыру бойынша білімін арттыруға бағытталған. Ол оқу процесінің мектеп және орта арнайы оқу орындары оқушыларының дене тәрбиесі бағдарламаларымен сабақтастығын қамтамасыз етеді.

"Дене шынықтыру" пәнінің мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, студенттердің күнделікті іс-әрекет процесінде олардың қабілеттерін жүзеге асыру үшін денсаулығын сақтау және нығайту.

Дене шынықтырумен айналысу білім беру, тәрбие және сауықтыру міндеттерін шешуді көздейді:

  • өмірлік маңызы бар дене қасиеттерін дамыту мен оларды жетілдіруде дене шынықтыру мен спортты пайдалану, денсаулықты көпжылдық сақтау туралы базалық ғылыми-негізделген білім беру;
  • дене шынықтыруға мотивациялық-құндылықты қатынасты және дене жаттығуларымен және спортпен жүйелі айналысу қажеттілігін қалыптастыру;
  • дене қабілеттерін дамыту бойынша жан-жақты біліктер мен дағдыларды игеруді қамтамасыз ету;
  • дене шынықтыру құралдары мен әдістерін қолдана отырып, психикалық жағдайды басқаруды үйрету;
  • салауатты өмір салты мен дене бітімін жетілдіру қажеттілігін тәрбиелеу;
  • дене шынықтыру саласындағы негізгі білім мен практикалық дағдыларды игеру;
  • дене даярлығын, жаттығуын, жұмысқа қабілеттілігін, кәсіби маңызды және психомоторлық қабілеттерін дамытуды қоса алғанда, болашақ мамандардың кәсіби дайындығының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету;
  • аурулардың алдын алу, денсаулықты сақтау және нығайту үшін дене шынықтыру құралдарын толық пайдалану;
  • студенттерді дене шынықтыру құндылықтарын игеру және оны жеке тұлғаны жан-жақты дамытуда қолдану тәжірибесін алу бойынша белсенді дене шынықтыру-спорттық қызметке қосу;
  • студент-спортшылардың спорттық шеберлігін жетілдіру;
  • ағзаның функционалдық жағдайын өз бетінше бағалау дағдыларын, өзін-өзі бақылау бойынша білімдерді меңгеру.

Кафедраның миссиясы "Қоғамның барлық деңгейінде денсаулық пен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған дене шынықтыру, спорт және бос уақыт саласындағы маңызды жетістіктер арқылы адам рухын көтеру" болып табылады.

sport@satbayev.university

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту