Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Негізгі ережелер

«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ (Сәтбаев университеті) – Қазақстан Республикасындағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1934 жылы Алматы қаласында құрылған. Бүгінде Сәтбаев университеті – елдегі алғашқы техникалық университеттердің бірі және Орталық Азиядағы ірі техникалық хабқа айналу бағытында жұмыс жүргізіп келе жатқан жетекші оқу орны. Университеттің миссиясы – «Ғылым мен білім адам игілігі үшін».

Университеттің толық атауы:

  • «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы («Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ, Сәтбаев университеті).
  • Орыс тілінде: Некоммерческое акционерное общество «Казахский национальный исследовательский технический университет имени К.И. Сатпаева» (НАО «КазНИТУ им. К.И. Сатпаева», Satbayev University).
  • Ағылшын тілінде: Non-profit joint-stock company «K.I. Satbayev Kazakh National Research Technical University» (NPJSC «K.I. Satbayev KazNRTU», Satbayev University).

Республикадағы инженерлік білім берудің флагманы – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің тарихы мемлекетіміздің тарихымен, оның мәдениетімен және жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуымен тығыз байланысты.

XX ғасырдың 30-жылдарында халық шаруашылығындағы техникалық-экономикалық артта қалушылықты жою міндеттерін шешу үшін елде жоғары техникалық білімді дамыту керек деген аса үлкен қажеттілік туындады.

1933 жылғы 20 қазан күні КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің «Қазақстан үшін кадрлар даярлау туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан астанасы Алматы қаласында Қазақ тау-кен металлургия институты (ҚазТКМИ) құрылып, онда екі факультет: тау-кен факультеті және түрлі-түсті металдар факультеттері ашылды.

1934 жылғы 19 қыркүйек күні Қазақ тау-кен металлургия институтында алғашқы оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды.

Қазақстан Республикасындағы ең көне жоғары оқу орындарының бірінің қалыптасуы мен дамуы тарихында бірнеше негізгі кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

1934–1960 жж. – Қазақ тау-кен металлургия институты (ҚазТКМИ);

1960–1994 жж. – Қазақ политехникалық институты (ҚазПТИ);

1994 ж. бастап – Қазақ ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ).

Еліміздің инженерлік-техникалық кадрларын даярлаудағы ерен еңбегі үшін 1999 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақ ұлттық техникалық университетіне кемеңгер ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.

2001 жылғы 5 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен университетке ерекше мәртебе берілді.

2014 жылы университетке «Ұлттық техникалық зерттеу университеті» санаты берілді.

2017 жылдан бері университеттің толық атауы – «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ, сонымен қатар ол Сәтбаев университеті атауына ие болды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту