Қазақ және орыс тілдері кафедраның ғылыми жобалары

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми және әдістемелік зерттеулер жүргізеді, оның нәтижесі Scopus базасына кіретін жарияланымдар, сондай-ақ отандық және шетелдік басылымдарда (Түркия, Германия, Ресей, Польша, Венгрия, Чехия және т.б.) жарияланып отырады. Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік зерттеулері оқу процесіне енгізіледі.

Кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеулерінің басым бағыттарының бірі 2016 оқу жылында тілдерді деңгейлік оқытудың енгізілуіне байланысты бастамашыл жобасының тақырыбы «Техникалық ЖОО-да тілдерді деңгейлік оқыту» болып табылады.

Кафедра оқытушылары ғылыми зерттеулер мен гранттық жобаларға белсенді қатысады.

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к. А.Ж. Үдербаевтың жетекшілігімен, п.ғ.д. К.Б. Жақсылықова, к.ф.н. Б.С. Жөнкешовтің қатысуымен «Геология, геодезия, география бойынша арнайы лексикадағы инновациялар: біріздендіру және лексикографиялау» тақырыбында 2018-2020 жылдарға арналған ҚР ҰҚК гранттық жобасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы сәтті аяқталды.

2022-2024 жылдарға арналған "Жас ғалым" гранттық жобасы бойынша «Қазақ тілінің жиілік сөздігі негізінде техникалық ЖОО-дары студенттеріне мемлекеттік тілді меңгерту барысында бірінші деңгей тапсырмаларының үлгісін жасау» тақырыбында зерттеу жұмыстары жүргізілуде (жетекшісі: PhD докторы, Карбозова б.д.); сондай-ақ ассоц. проф., ф.ғ.к. Ұ.К. Исабекова МҚБ шеңберінде 2023-2025 жылдарға арналған «Уақыт пен кеңістіктегі мәдени құндылықтар транзиті» тақырыбындағы гранттық жобаға қатысуда.

2023 жылдың басынан бастап KAZENERGY қауымдастығымен шаруашылық шарт бойынша «Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларына арналған бірыңғай қазақ-орыс және орыс-қазақ терминология сөздігін құру» жобасы іске асырылуда (ғылыми жетекшісі – А.Ж. Удербаев, қатысушылар: А.Б. Байбатша, К.Б. Жақсылықова, К.Ж. Әбдиев, Б.Б. Садықов, Б.С. Жөнкешов, С. Молдамуратов).

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту