Satbayev University психологиялық қызметі
студенттер мен қызметкерлерге қолдау көрсету
Satbayev University психологиялық қызметі оқу процесіне қатысушыларға уақытылы психологиялық көмек көрсету үшін құрылды. Қызметтің негізгі мақсаты — әрбір адамның жеке және психологиялық дамуына барынша қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау.
Бұл мақсатқа жету үшін психологиялық қызмет жазылу арқылы жеке кеңес беру ұсынады. Кеңес беру анонимді түрде жүргізіледі, бұл толық құпиялылықты қамтамасыз етеді.
Психологпен талқылай алатын сұрақтар:
- Дағдарыс кезеңдері
- Өзін-өзі бағалау, өзіне деген сенімділік
- Жақын адамдармен, ата-аналармен, достармен қатынастар
- Жаңа өмір жағдайларына бейімделу
- Депрессия
- Тревожды жағдай
- Паникалық шабуылдар
- Стресс жағдайлары
Тренингтер өткізу
Психологиялық қызмет студенттер үшін тұлғалық өсу мен студенттік өмірге бейімделуге бағытталған тренингтер өткізеді. Тренингтер бағдарламасына қосылу үшін Психологиялық қызметке хабарласыңыз.
Байланыс
Психолог: Сулейменова Айгерим Маратовна
Телефондар: +7 702 672 9961, +7 777 980 6103
Мекенжайы: Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 22, ГМК ғимараты, 218 кабинет
Satbayev University психологиялық қызметі әрқашан сіздерге қиындықтарды жеңуге және жеке әрі кәсіби өмірде үйлесімге қол жеткізуге көмектесуге дайын.