Сәтбаев Университеті холдингінің ғылыми қызметкерлері
Сәтбаев Университеті – ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі бойынша Қазақстанның барлық университеттері арасында жетекші орын алып отырған ұлттық зерттеу университеті.
Сәтбаев Университеті холдингінің құрамына алты ғылыми-зерттеу институты кіреді:
Сандық техника және технологиялар институты
Өндірісті автоматтандыру саласы бойынша халықаралық деңгейді, big data және машиналық интеллектіні әзірлеуші.
Science & Technology Solutions акционерлік қоғамы
Қазақстан экономикасы үшін басым салаларда инновациялық әзірлемелерді жасауға бағытталған ғылыми-технологиялық және білім беру орталығы.
Металлургия және байыту институты
Әлемдік деңгейдегі ірі ғылыми-зерттеу институты, пайдалы қазбаларды өңдеу, металлургия және материалтану, минералды шикізат саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, жаңа технологияларды әзірлеумен айналысады.
Физико-техникалық институт
Қазақстандағы материалтану, жоғары энергия және ғарыштық сәулелер физикасы саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу институттарының бірі.
Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты
Еліміздің гидрогеология, геоэкология және жер қойнауының су ресурстарын кешенді түрде ұтымды пайдалану саласындағы жетекші институты.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты
Қазақстандағы жетекші геологиялық ғылыми-зерттеу орталығы. Қатты, сұйық және газ тәріздес жүйелердің стратиграфиясы, минералогиясы, геохимиясы, пайдалы қазбалар кен орындары мен мұнай геологиясы салаларында зерттеулер жүргізеді.
Сәтбаев Университеті Қазақстан ғылымның келешегі зор бағыттары бойынша зерттеу жүргізеді:
- Энергетика және машина жасау;
- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тиімді пайдалану, экология;
- Геология, минералды және көмірсутекті шикізаттарды қайта өңдеу және байыту, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз құралдар мен конструкциялар;
- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
- Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі;
- Денсаулық және өмір туралы ғылым;
- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша зерттеулер;
- Ғылым және білім беру саласы бойынша зерттеулер;
- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс;
- Жаратылыстану ғылымдары бойынша зерттеулер.
Университет «Қазатомөнеркәсіп», «ҚазМұнайгаз», «ҚазТрансОйл», «Қазцинк», «Қазхром», «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз», «Тоспа Су», «Павлодар мұнай-химия зауыты» секілді ірі-ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық байланыста. Сәтбаев Университетінің ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары – жасанды интеллект саласындағы жобаларды дамыту және баламалы көздерден көмірсутекті шикізаттарды алу.
Университеттегі зерттеулер бейінді институттардың кафедраларында, ғылыми-зерттеу зертханаларында және қосалқы ғылыми-өндірістік құрылымдарда, атап айтқанда, Цифрлық техника және технологиялар институты, Металлургия және кен байыту институты, Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты сияқты институттарда және «Baker Hughes a GE Company» трансұлттық компаниясымен бірлесіп құрылған кен орындарын талдау және дамытудың халықаралық орталығында жүргізіледі. Ғылыми жұмыстарға университеттің профессорлары мен оқытушыларының 48%-ы тартылған.
Сәтбаев Университетінің ғалымдары жүзеге асырған жобалар:
«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыры бағыттары бойынша мұнай мен мұнай қоспаларын тасымалдау кезінде энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қолдау
Сәтбаев Университеті мен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бірлесіп жасаған жобасы.
Жоба «ҚазТрансОйл» магистральды мұнай құбырлары арқылы тез тұнып қалатын және жабысқақ мұнай мен мұнай қоспаларын айдау процесін басқаратын және оңтайландыратын SmartTran инновациялық бағдарламалық кешенін әзірлеуге және енгізуге арналған. Кешен мұнай тасымалдаудың эксплуатациялық шығындарын төмендетуге және жылдам әрі нәтежиелі шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
«Higer Quazar» бірлескен кәсіпорны аясында Quazar брендімен электроавтобустар шығару
Satbayev University & Higer Holdings Co LTD компаниясының бірлескен кәсіпорны.
Жоба дизельді автобустарды электрлі автобустармен ауыстыруды енгізу арқылы «жасыл технологияларды» дамытуға және «жасыл» көлікке көшуге бағытталған. Жоба аясында энергияны үнемдеу саласындағы швед және қытай технологиялары ұсынылады. Болашақта бұл біздің әзірлемелердің ғылыми негізін қалайтын болады.
Қарағанды көмір бассейніндегі көмір шахталарынан метан барлау және өндіру жөніндегі «Сәтбаев Университеті мен Арселор Миттал Теміртау» бірлескен инвестициялық кәсіпорны»
Satbayev University & ArcelorMittal Gas Production «Suamgas» бірлескен кәсіпорны.
Жоба энергетикалық секторды дамытуға және метан өндірісі мен қайта өңдеу өнімдерінен қосымша құндылығы жоғары өнім алу мақсатында шахталардағы метан мәселелерін шешуге бағытталған. Жоба аясында 8 шахтада зерттеу жұмыстары жүргізілуде, қорларды есептеу әдістемесі әзірленді және осы шахталардағы метан қорлары есептелді.
«Кен орындарын әзірлеу және сараптама жүргізудің халықаралық орталығы»
Satbayev University және Baker Hughes, а General Electric Company-ның бірлескен инвестициялық кәсіпорны.
Орталық мұнай-газ және тау-кен металлургия салаларына арналған озық технологияларды қолдана отырып, инновациялық жобаларды дамыту, білім базасын құру және мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында құрылды. Компания жобаларының бірі – Сәтбаев Университеті мен «АрселорМиттал Теміртау» бірлескен кәсіпорнын құру үшін кен орындарын, сондай-ақ көмір қабаттарынан метан іздеу, барлау және оны игеру.
«Тиімділікті басқару орталығы» жасанды интеллект жүйесі
«Сандық техника және технологиялар институты» АҚ мен «Газпром мұнай» АҚ-ның бірлескен жобасы
Жасанды интеллекті қолданатын бұрғылау жұмыстарын басқару жүйесі. Бұрғылау қондырғысы жабдықтарының жұмысына, жұмыс режиміне және энергияны тұтынуға әсер етуі мүмкін процестерді бақылайды, төтенше жағдайларды басқарады және олардың алдын алу шараларын жүргізеді. Тиімділікке сараптама жасайды және жұмысты 60 күн бұрын оңтайлы түрде жоспарлауды жүзеге асырады.
Құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу жүйесі «Интеллектуалды-сараптамалық орталық»
«Сандық техника және технологиялар институты» АҚ мен «Baiterek Development» АҚ-ның бірлескен жобасы
Бүкіл Қазақстан бойынша тұрғын үй кешендерінің құрылысын және қаржыландырылуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті жасанды интеллект жүйесі. Жүйе құрылыс процесін басқаруға, техникалық қадағалау бақылаушыларын басқаруға мүмкіндік беретін тұлғаларды, құрылыс элементтері мен жабдықтардың түрлерін тану жүйесіне негізделген. Бұл ақпарат «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдарға арналған порталда жарияланады.
Марапаттар
Университет ғалымдары әлемнің әйгілі ғалымдарымен бірлесе жүргізілетін зерттеулерге белсенді түрде қатысады. Зерттеушілер құрамына университеттің профессорлы-оқытушылар құрамы, шақырылған ғалымдар, аспиранттар мен студенттер кіреді, олар Қазақстан экономикасының басым бағыттары үшін инновациялар жасайды. Олардың көпшілігінің жұмыстары аймақтық және республикалық сыйлықтармен марапатталды:
2020
- В.И. Блинников атындағы Алтын медаль;
- «Мұнай инженериясы» кафедрасының меңгерушісі Мұрат Сыздықов – жас мамандарға арналған SPE дамытуға қосқан үлесі үшін аймақтық сыйлықпен;
- Лектор Вероника Мусабаева – үш «Күміс диплом» және «Премия АОК’LD-2020» ландшафты дизайн көрмесінің халықаралық әділ қазылар алқасының арнайы сыйлығымен.
2019
- Профессор Зинеш Садыровна Абишева – «Құрмет» орденімен;
- Профессор Жасұлан Мұқашевич Таханов – «Құрмет» орденімен;
- Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техникасы саласы бойынша берілетін 2019 жылғы Мемлекеттік сыйлығының иегерлері:
- Университет Ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Искандер Бейсембетов;
- Металлургия және байыту институтының Директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Бағдәулет Кенжалиев;
- «Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік зертханасы «Компьютерлік модельдеу және бағдарламамен қамтамасыз ету» бөлімінің жетекшісі Тимур Бекибаев;
- «Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдарының академигі Ұзақ Жапбасбаев.
- Профессор Сарқыт Құдайбергенов – Жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша жүргізген үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықпен;
- Сәтбаев Университеті Директорлар кеңесінің Төрағасы Мұрат Журинович Журинов – Петр Капица атындағы Алтын медальмен марапатталды.
Халықаралық агенттіктер университеттің жоғары басылымдық белсенділігін атап өтті. 2019 жылы Сәтбаев Университеті Scopus бойынша жарияланған мақалалар саны бойынша Қазақстандағы көшбасшы деп танылды және Web of Science деректері бойынша Қазақстандағы ең көп дәйектелетін жоғары оқу орындарының бірі атанды.
2019
- «Scopus Award 2019» сыйлығы «High Performance Award» номинациясы бойынша;
- «Ғылым үздігі – Web of Science Awards» сыйлығы Қазақстан Республикасының техникалық оқу орындары арасында соңғы бес жыл ішінде «Web of Science Core Collection жинағында жарияланған ғылыми жарияланымдарының саны бойынша үздік» атанғаны үшін берілді.