Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімі

Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ (бұдан әрі – Университет немесе ҚазҰТЗУ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім қызметінің негізгі мақсаты – Университет қызметінің стратегиялық және ағымдағы мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиімді құжаттамалық менеджментті жүзеге асыру болып табылады.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Бөлім келесі міндеттерді шешеді:

  • Университет қызметінің тиімді құжаттамалық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бірыңғай қағидаттар негізінде архив қоры құжаттарын қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік тілді дамыту аясында мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау және қолдау.

Бөлімнің негізгі функциялары:

  • сыртқы хат-хабарларды (кіріс, шығыс) қабылдау, өңдеу, тіркеу, тарату, орындалу мерзімін бақылау;
  • хаттардың, хаттамалардың, өкімдердің фирмалық бланкілерін есепке алу және беру;
  • Университет бөлімшелерінің мөрлері мен мөртабандарының есебін жүргізу;   
  • құжаттарды дайындау және өңдеуде заманауи цифрлық технологияларды қолдана отырып, Университетте құжаттамалық қамтамасыздандыруды жетілдіру;
  •  құрылымдық бөлімшелерге құжаттармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету, бөлімше қызметкерлерімен             іс жүргізу бойынша нұсқама жүргізу; 
  • Университеттің істер номенклатурасын, тіркелмейтін құжаттардың тізімін жасау;
  • архивке тапсыруға жататын істердің дұрыс жасалуын бақылау;
  • құжаттарды архивке сақтауға қабылдау және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • архивтік анықтамалар, құжаттардан үзінді көшірмелер, құжаттардың көшірмелерін беру;
  • Мемлекеттік архивке тұрақты және ұзақ мерзімге сақтауға тапсыру кезінде құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
  • ЖОО-ны жыл сайынғы төлқұжаттандыру бойынша Мемлекеттік архивпен хат алмасу;
  • құжаттарды мемлекеттік тілге аудару: 1-деңгейдегі ішкі нормативтік құжаттар;
  • құжаттарды тексеру және түзету: 2-ші, 3-ші деңгейдегі ішкі нормативтік құжаттар, проректорлардың бұйрықтары мен өкімдері, Басқарма аппараты басшысының нұсқауы бойынша басқа құжаттар;
  • құрылымдық бөлімшелерде іс жүргізудің мемлекеттік тілде жүргізілуін бақылау.

Бөлімнің әрбір қызметкері өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қол жеткізуге болатын құпия ақпараттардың сақталуына және жария етілмеуіне толық жауапты болады.

Қызметкерлердің еңбек жағдайы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Университеттің нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Байланыс жолдары:

  • Бастық: Жанар Орақбаева, тел.: +7 (727) 220 41-28, zh.orakbayeva@satbayev.university.
  • Кеңсенің бас маманы: Айжан Керімқұлова, тел.: +7 (727) 290-60-25,  info@satbayev.university
  • Архивтің бас маманы: Фаридаш Изатова, тел.: +7 (727) 260-14-07.

Мекенжай: Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22а, Масанчи көшесінің қиылысы, Мұнай ғимараты, 201 каб. (2-қабат), тел.: +7 (727) 292 64 20.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 08:30-17:30, түскі үзіліс – 13:00-14:00.

Бөлімшелер

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту