Химиялық және биохимиялық инженерия кафедрасының ғылыми жобалары

"Химиялық және биохимиялық инженерия" кафедрасының ашылуы инженерлік биотехнологияны, Қазақстанның мұнай өндіру және химия өнеркәсібін, көмірсутек шикізатының химиясы мен технологиясын дамытудың жеделдетілген қарқынымен, жаңа мұнай кен орындарын қарқынды игерумен, химиялық, биологиялық және биохимиялық технологияларды одан әрі дамытумен, Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі салаларында мұнай химиясы мен биотехнология өнімдерін кеңінен қолданумен байланысты.

Кафедрада бірінші кезекте өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыру үшін жаңа материалдар мен технологияларды құру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.  Сонымен қатар, кафедра базасында мұнай саласының күрделі мәселелерін шешуге бағытталған жетекші мұнай өндіру және мұнай өңдеу зауыттарының ("Ембімұнайгаз" АҚ, "АМӨЗ" ЖШС, "ПМХЗ" ЖШС, т.б.) шаруашылық келісімшарттық жобалары орындалуда. Білім алушылардың (бакалавриат, магистратура, докторантура) осы ғылыми - зерттеу жұмыстарын орындауға белсенді қатысуы олардың жоғары біліктілігін, сұранысын және мансаптық өсуін қамтамасыз етеді. Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың қатысуымен жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде кафедра халықаралық конференцияларда, отандық және шетелдік ғылыми журналдарда үнемі еңбектерін жариялайды.

Кафедра 2021-2025 жылдары орындайтын ғылыми-зерттеу жобалары:

ГҚ:

1. Рафикова Х.С., PhD, AР19676664 Отынды күкіртсіздендіруге арналған терең эвтектикалық еріткіштер, 2023-2025

2. Бойко Г. И., AР09260008 Мұнай өнеркәсібінің күрделі экологиялық мәселелерін шешуде энергия мен сутектің балама көзі ретінде белсендірілген алюминий, 2021-2023

3. Қосалбаев Б.Д. AP14869048 Цианобактериялардың hup-мутанттарын жобалау және сутекті алу тиімділігін арттыру үшін өсіру технологиясын әзірлеу 2022-2024

4. Қосалбаев Б. Д. AP13067574 Гендік инженерия әдістерімен цианобактериялар штаммдарымен сутегі өндіру белсенділігін арттыру, 2022-2024

5. Керимкулова А.Ж., АР19680576 Медициналық мақсаттар үшін ұзақ әсер ететін көпфункционалды жараларды емдейтін полимерлі композициялық материалды (ПКМ) әзірлеу, 2023-2024.

Коммерцияландыру жобасы: Анапияев Б.Б. АР15573770 Көп мақсатты пайдалану үшін "Балдай" қант құмай сиропын өнеркәсіптік өндіру, 2022-2024:

"Самұрық-Қазына Өндіріс" ЖШС үшін ҒЗТКЖ: Амитова А.А., №860403/2023/1 Топырақ құнарлылығын арттыру үшін тотыққан қоңыр көмір негізінде кешенді гумин препаратын алу технологиясын әзірлеу, 2023-2024

ХД: Бойко Г.И. шарт № 571756/2021/1 22.06.2021 АМӨЗ: "Жер үсті және жер асты суларын тазарту бойынша қызметтер,"АМӨЗ" ЖШС буландырғыш тоған топырақтарының агрохимиялық көрсеткіштерін органикалық қосылыстармен және ұзақ әсер ететін органоминералды био тыңайтқыштармен белсендірілген алюминий қорытпаларын және оның кешендерін пайдалана отырып қалпына келтіру".

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту