Диссертациялық кеңестер

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрығымен бекітілген диссертациялық Кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес (ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 №294 бұйрығымен жаңа редакцияда),

3-тармақ. "ЖЖОКБҰ-да диссертациялық кеңестер күнтізбелік 3 (үш) жылға құрылады және докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары бойынша:

1) докторантура бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша;

2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабының 2-тармағына сәйкес соңғы 3 (үш) жылда Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізіліміндегі докторантураның білім беру бағдарламалары;

3) кемінде 3 (үш) жыл мерзімге аккредиттелген және Министрлік туралы ереженің 15-тармағының 21) тармақшасына сәйкес Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген докторантураның білім беру бағдарламалары;

4) Министрлік туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес оқытудың 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші)-жылына даярлау бағыты бойынша бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың контингенті болған жағдайда жұмыс істейді.";

5-тармақ: " Диссертациялық кеңестің құрамы 7 (жеті) адамнан аспауы тиіс. Диссертациялық кеңестің барлық мүшелерінде ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар.

Диссертациялық кеңестің кемінде 3 (үш) мүшесі басқа ЖЖОКБҰ-лардың, ғылыми және (немесе) басқа да ұйымдардың өкілдері болып табылады.

Диссертациялық кеңестің құрамында диссертациялық кеңестің 4 (төрт) мүшесі, оның ішінде төраға, төраға орынбасары және ғалым хатшы тұрақты мүшелер болып табылады.

Диссертациялық кеңестің құрамында диссертациялық кеңестің 3 (үш) мүшесі докторлық зерттеу саласына байланысты докторанттың қорғау кезеңіне уақытша тағайындалады";

"Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КЕАҚ жанындағы докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңестер құрылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту