"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық орталығы
Қазақстан экономикасы үшін басым бағыттарда инновациялық әзірлемелерді құруға бағытталған ғылыми-технологиялық және оқыту орталығы. "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі 2008 жылы инновациялық зерттеулерді тиімді басқару және ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелерін шешу үшін құрылған. 2014 жылы Холдинг "Парасат" ғылыми-технологиялық орталығы болып қайта құрылып, Satbayev University құрамына кірді.
"Парасат" ғылыми-технологиялық орталығы келесі қызметтерді көрсетеді:
- Зияткерлік меншікті қорғау
- Серіктестер мен инвестицияларды іздеу, тарту, бірлескен жобаларды бірлесіп қаржыландыру
- Оқыту тренингтерін, семинарларды және т. б. ұйымдастыру және өткізу.
- Кеңсе жайларын, конференц-залды және т. б. жалға беру.
- Жобалардың ғылыми-технологиялық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу
- Маркетингтік зерттеулер жүргізу, ғылыми әзірлемелерді іздеу және іріктеу
"Парасат" ғылыми-технологиялық орталығы ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру саласында белсенді жұмыс жүргізуде, оның қызметі электравтобустар немесе энергия тиімді жарықдиодты компоненттер сияқты заманауи өнімдерді өндіруге бағытталған еншілес ұйымдарды құруда. Ұйым қызметінің бір бағыты экологияға қамқорлық жасау болып табылады-холдинг шеңберінде люминесцентті лампалар мен құрамында сынабы бар аспаптарды кәдеге жарату ұйымдастырылған.