Академиялық адалдық лигасы

Сәтбаев университеті 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Академиялық адалдық ұйымының мүшесі болып табылады. Ұйымның мақсаты – жоғары білім беру жүйесінің сапасын арттыру, плагиатқа жол бермеу және сыбайлас жемқорлықпен күресті нығайту.

Академиялық адалдық лигасы Қазақстанда 2018 жылы жазда америкалық осы аттас ұйымға ұқсас етіп құрылған. Лиганың құрамына енген жоғары оқу орындары сапалы білім беруге кепілдік береді.

Ұйымның басты қызметі – академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары мен стандарттарын жасау. Әрбір жоғары оқу орнының өкілдерінен құрылған ұйымның кеңесі осы уақытқа дейін академиялық адалдықтың он шақты қағидаттары мен стандарттарын жасап шығарды. Аталмыш ұйым жыл сайын оқу үрдісінің ұйымдастырылуына, студенттердің оқу нәтижесіне, сондай-ақ ұйымның құрамына кіретін жоғары оқу орындарының жарық көрген ғылыми жұмыстарының сапасына баға беріп, сол жоғары оқу орны ұйымның стандарттары мен қағидаттарына қаншалықты сәйкес екендігін анықтайды.

Қазақстандық лига мүшелері плагиатқа қарсы халықаралық жүйені қолданады, оның шарты бойынша студенттер мен оқытушылардың жазбаша жұмыстары өз саласында міндетті түрде толық тексеріледі. Егер де сыбайлас жемқорлық фактісі орын алған болса, оның себебі анықталып, жемқорлықты түп-тамырымен жою үшін арнайы шаралар жүргізіледі.

Академиялық адалдықты бұзу шараларына тап болған студенттер мен оқытушылар, ғылыми қызметкерлер ол туралы ұйымның сайтына жазуына болады. Академиялық адалдық лигасының  құрамына енетін жоғары оқу орнында академиялық адалдық қағидаттарын бұзу жағдайы орын алса, онда ол оқу орны лиганың құрамынан шығарылатын болады.

Лига Академической Честности
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту