Мансап орталығы
Мансап орталығының міндеттері:
- білім алушылардың кәсіптік практикасы және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша университет жұмысын ұйымдастыруды үйлестіру және бақылау;
- жұмыс берушілерге және халықты жұмыспен қамту қызметтеріне байланысты кәсіптік практиканы ұйымдастыру және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерінде әлеуметтік әріптестікті кеңейту бойынша жәрдемдесу;
- мамандарды мақсатты даярлау саласында кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар орнату (кәсіпорындармен келісім-шарт). Практикадан өту орындары туралы кәсіпорындармен және басқа да ұйымдармен және мекемелермен келісім-шарттар жасасу бойынша кафедралардың жұмысын үйлестіру;
- практикалық дағдыларды дамыту бойынша студенттерге арналған тренингтер, мастер-кластар өткізуге әлеуетті жұмыс берушілерді тарту;
- бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу, тарату орындарына келген түлектердің санын талдау және т.б. болып табылады.