«Үздік университет оқытушысы» байқауы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру комитеті жыл сайын өткізетін дәстүрлі байқау. Республикалық конкурстық комиссия мамандық бойынша үздіктердің үздігін таңдап алып, олардың жетістіктерін атап өтеді. «Үздік ЖОО оқытушысы» байқауының жеңімпаздары ақшалай ынталандыру сыйлығымен қоса төсбелгі алады.
Байқаудың мақсаты – жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының кәсіби-педагогикалық мәдениетін арттыру, оқытушыларды кәсіби тұрғыда одан әрі шыңдалуға ынталандыру болып табылады. Конкурсқа қатысуға 5 жылдан кем емес үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар, педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар оқытушылар жіберіледі. Университеттің оқытушылары қатарында саналатын үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы тапсырады.