МI&Г студенттер оқу тәжірибесі
Біздің білім беру бағдарламаларымыз 6В07303 - "Геокеңістіктік цифрлық инженерия" (геодезия және картография), 6В07310– "Жерге орналастыру және кадастр", студенттерге осы саладағы табысты жұмыс пен мансап үшін қажетті терең білім мен практикалық дағдыларды үйретеді. Бағдарлама практикалық тәжірибенің маңыздылығына баса назар аудара отырып, заманауи әдістер мен технологияларды қолдануды қамтиды.
Біздің кафедра жетекші кәсіпорындармен және ұйымдармен белсенді ынтымақтастыта жұмыс атқарады:
- "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК; https://qazgeodesy.kz/filials/almatygeodeziya
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ https://gov4c.kz/ru/
- Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық ізденістер Мемлекеттік институты (ГИСХАГИ)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны https://gishagi.kz/
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті https://www.gov.kz/memleket/entities/land?lang=ru
- ALIGeo ЖШС;
- "Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы" КММ https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zher?lang=ru
- Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесі.
Бұл серіктестік студенттерге сала мамандарымен оқу бағдарламасының өзектілігін қамтамасыз ете отырып, одан әрі жұмысқа орналасу үшін өзара байланыс орнатуға үшкен мүмкіндік жасайды.
Біз студенттеріміздің жоғары дайындық деңгейін қамтамасыз ету үшін оқытуда, практикада кеңінен қолданылатын заманауи бағдарламалық жасақтаманы және заманауи аспаптарды қолданамыз (ұшқышсыз ұшу аппараттары, GNSS қабылдағыштар).
Оқу практикасы
Біздің студенттер университет аумағында заманауи геодезиялық аспаптардың көмегімен оқу практикасынан өтеді. Оқу практикасында студенттер далалық жағдайда геодезия пәні бойынша алған білімдерін іс жүзінде байқап көреді. Оның ішінде нивилир, GNSS сынды әртүрлі замануи геодезиялық аспаптармен практикалық жұмыстарды орындайды. Бұл жұмыстар практикалық тәжірибені кеңейтіп қана қоймай, аудиторияда алған теориялық білімдерін нығайтады.
Өндірістік практика
Студенттердің өндірістік практикасы жетекші геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық ұйымдарда, өндірістік орталықтарда, мемлекеттік мекемелерде өтеді. Бұл саладағы жұмысты ұйымдастырумен танысудың, оның құрылымы мен ішкі процестерін түсінудің бірегей мүмкіндігі. Сала мамандарымен өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу студенттердің кәсіби дамуын байытады. Бұл оларға нақты тәжірибе береді және оқу білімін нығайтады.
Біздің оқу және өндірістік тәжірибеміз студенттерге өз білімдерін тереңдетуге, кәсіби дағдыларын кеңейтуге және өз салаларында табысты мансапқа дайындалуға бірегей мүмкіндіктер жасайды.