Мүмкіндігі шектеулі студенттерге қолдау көрсету
Инклюзивті білім беру – білім алушыларға (оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері студенттерге) берілетін жалпы білім беруді үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз ететін және оларға ерекше жағдайлар мен қажетті әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге кепілдік беретін мемлекеттік саясат.
Әлеуметтік қолдау – инклюзивті білім беруде мүмкіндігі шектеулі студенттерді әлеуметтік қолдауға, оның ішінде тұрмыстық мәселелерді шешуге, жатақханада тұруға, әлеуметтік төлемдерді, шәкіртақыларды төлеуге бағытталған білім беру процесіне ілеспе іс-шаралар кешені.
Университет мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды қабылдау, оқыту және жұмысқа орналастыру кезеңдерінде ақпараттық жүйеде арнайы есепке алуды жүргізеді.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер мен туберкулезге қарсы диспансерлық есепте тұрған студенттерге университеттің жеке қаражаты есебінен тамаққа ақшалай өтемақы төленеді. Есту және көру қабілеті бұзылған студенттер үшін шәкіртақыға 75% мөлшерінде үстемеақы белгіленеді. Университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен келісім-шарт негізінде оқитын мүмкіндігі шектеулі студенттердің оқу ақысына 10-20% (GPA – 2,5 және одан жоғары) жеңілдіктер беріледі.
Университетте білім алушыларға кедергісіз орта жасау үшін барлық оқу ғимараттарында және студенттік жатақханада пандустар орнатылған.
IPR MEDIA компаниялар тобы көру қабілеті бұзылған адамдарды оқыту мақсатында инклюзивті білім беру бағдарламалары мен бейімделу технологияларын әзірлеуші компания болып табылады. Университеттің Ғылыми кітапханасы көру қабілеті бұзылған студенттерге арналған IPR медиа ресурстарына жазылуды ұйымдастырды.
Сайтта нашар көретіндерге арналған https://satbayev.university/ виджеті орнатылған, сайтқа кіріп, нашар көретіндерге арналған жазу нұсқасын басу арқылы ақпаратты көрсетуге арналған функционалды мәзірді ашуға болады. Көру және есту қабілеті нашар студенттер үшін Polytech online (polytechonline.kz) ресми сайтында оқытудың арнайы механизмі әзірленген.
Мансап орталығы мүмкіндігі шектеулі студенттерді жұмысқа орналастырумен белсенді түрде айналысады.