Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Кафедра тарихы

  • 1970 – орыс тілі кафедрасы құрылды;
  • 1976 – кафедра қазақ топтарына арналған орыс тілі кафедрасы және шетелдік студенттерге арналған орыс тілі кафедрасы болып екіге бөлінді:
  • 1992 – орыс тілі кафедрасы шет тілдері кафедрасына қосылды;
  • 1998 – қазақ тілі кафедрасына қосылды;
  • 2000 – орыс тілі кафедрасы өз алдына жеке кафедра болып бөлінді.
  • 1990 – қазақ тілі кафедрасы құрылды.
  • 2016 – қазақ және орыс тілдері кафедрасының құрылуы.

Кафедра меңгерушісі А.Ж.Үдербаев.

Мақсаты

  • ұлттық және халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес жоғары сапалы білім беру қызметін ұсыну;
  • оқытушылардың кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру;
  • студенттердің бойында зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін, жаңаша ойлау, тәуелсіз пайымдау мен академиялық әділеттілігін дамыту;
  • белсенді азаматтық ұстанымға және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу.

Міндеті

  • қазақ және орыс тілдерін деңгей бойынша оқытуды ұйымдастыру;
  • оқу процесінде оқытудың инновациялық технологиясын, озық әдістемелер мен белсенді оқыту түрлерін қолдану;
  • студенттердің тілдік және қатысымдық құзыреттерін негізгі тілдесімдік қызметтің әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-саяси, қоғамдық-мәдени, оқу-кәсіби салалары аясында дамыту және жетілдіру;
  • білім беру бағдарламасын арттыру мақсатында элективті курстар жасау;
  • студенттердің зерттеу ортасын дамыту және инновациялық қызметін ұйымдастыру;
  • кафедраның оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу нәтижелерін оқу процесіне іс жүзінде енгізу;
  • студенттерді университеттегі оқуға бейімдеу және оларды адамгершілік және іскери қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында эдвайзерлік жұмысты ұйымдастыру.

Миссиясы

  • жинақтаған білімін, кәсіби дағдыларын жоғары деңгейде көрсете алатын, адамгершілік қасиеттері биік, біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға кафедраның қатысуы;
  • университеттің биік мәртебесін, әлемдік деңгейлі болуын қамтамасыз ету жұмыстарына кафедраның атсалысуы;

Стратегиясы

  • кафедраның оқытушы-профессорлар құрамының тиімді шығармашылық және кәсіби қызметі үшін барынша қолайлы жағдай туғызу мақсатында кафедраның жұмысын ұйымдастыру ісін жетілдіру;
  • кафедраның бәсекелестігін нығайту;
  • ұлттық және халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес жоғары сапалы лингводидактикалық білім беру қызметін ұсыну;
  • студенттердің білім алу және зияткерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланған зерттеу қабілеттерін дамыту;
  • оқыту қызметінде заманауи инновациялық білім беру бағдарламасы мен техникасын әзірлеу және енгізу; оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру;
  • кафедра қызметінде оқу, тәрбие, шығармашылық, ғылыми-зерттеу және өндірістік мақсаттардың тұрақты өзара байланысын орнату.

Кафедрада білікті ғалым-ұстаздар жұмыс істейді. Олардың ішінде 1 ғылым докторы, 1 PhD, 7 ғылым кандидаты, 2 докторант, 6 магистр және 6 тәжірибелі оқытушы. 

Кафедрада оқылатын пәндер

Кафедрада 2016-2017 оқу жылынан бастап ҚР тілдік құзыреттілік Тұжырымдамасына сәйкес қазақ және орыс тілдерін деңгейлеп оқыту енгізілді.

Диагностикалық тестілеу мен сұхбаттасу нәтижелері негізінде студенттердің тілді меңгеру деңгейі анықталып, деңгей бойынша оқу топтары құрылады. Қазақ/орыс тілдерін меңгеру деңгейін анықтау үшін оқу жылының басында студенттер университет сайтында тегін онлайн-тестілеуден әрі қазақ және орыс тілдер кафедрасында әңгімелесуден өтеді.

Орыс бөлімінде оқитын студенттер үшін жүргізілетін пәндер:

  • Қазақ тілі. Қарапайым деңгей (А1);
  • Қазақ тілі. Базалық деңгей (А2);
  • Қазақ тілі. Академиялық деңгей (В1);
  • Іскерлік қазақ тілі (В2);
  • Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті (С1);
  • Шешендік өнер (Шешендік өнер негіздері – С1).

Қазақ бөлімінің студенттері үшін:

  • Орыс тілі. Қарапайым деңгей (А2)
  • Орыс тілі. Базалық деңгей (А2)
  • Орыс тілі. Академиялық деңгей (В1)
  • Орыс тілі. Жетілдіруші деңгей (В2)
  • Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті  (С1)
  • Шешендік өнер (Шешендік өнер негіздері - С1) пәндері оқытылады.

Қазақ жазуын латыннегізді әліпбиге көшіру жобасы аясында «Жаңа қазақ тілі және тіл мәдениеті» электив пәні енгізілді.

Кафедра жанында әскери кафедра оқытушыларына қазақ тілін үйретуге арналған  курс ұйымдастырылған.

Кафедраның ғылыми жетістіктері

Қазақ және орыс тілдері кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмыстары мына бағыттар бойынша жүргізіледі. 1) Ғылыми жобалар; 2) Ғылыми конференцияларға қатысу; 3) Ғылыми журналдарда жаряланым; 4) СҒЗЖ (конкурстар, конференциялар, олимпиадалар); 5) Оқытушылардың ғылыми мекеме, ұйымдарда жұмысы (журналдарда және т.б.); 6) Пікір беру.

Ғылыми бағдарламалар мен жобалар бойынша жұмыс. Кафедра оқытушыларының ғылыми зерттеулерінің басты бағыттарының бірі – «Техникалық ЖОО-да тілдерді деңгейлеп оқыту» бастамашыл жобасының тақырыбы.

Соңғы жылдарда кафедрада ҚР БҒМ ҒК қаржыландрылған екі ғылыми жоба орындалып, нәтижелерге қол жеткізілді.

2017 жылы ассистент-профессор А.Ж. Үдербаевтың жетекшілігімен «Өзге тілдік ортада қазақ тілінің өміршеңдігі»  (гранттық қаржыландыру) ғылыми жобасы аяқталды.

2017 жылы профессор К.Б.Жақсылықованың жетекшілігімен «Гидрогеология және геоэкология бойынша қазақ-орыс-ағылшын-түрік-қытай  терминологиялық сөздігі» (гранттық қаржыландыру) ғылыми жобасы аяқталды.

ҚР БжҒМ ҒК эксперттік қорытындысы бойынша екі жобаа да жоғары балл алды.

2018 жылдан бастап 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру негізінде «Геология, геодезия, география бойынша арнайы лексикадағы инновациялар: біріздендіру мен лексикографиялау» (ғылыми жетекші, ф.ғ.к., ассистент-профессор А.Ж. Үдербаев) жобасы жүргізілуде.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми еңбектері

Кафедраның ОПҚ ғылыми және әдістемелік зерттеулер жүргізеді. Зерттеу нәтижелері отандық және шетелдік басылымдарда (Түркия, Германия, Ресей, Польша, Венгрия және т.б.), халықаралық конференция материалдары жинақтарында жарияланып отырады. Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік зерттеулері оқу процесіне енгізіледі.

Соңғы үш жылда кафедраның ОПҚ шығарған ғылыми еңбектері:

Оқу-әдістемелік және ғылыми семинарлар

Кафедрада жыл сайын тілдерді оқыту сапасын арттыру мақсатында оқытушыларға  «Білім беру технологиялары: дәстүрлер мен инновациялар» тақырыбында семинар-тренингтер өткізіледі. Семинардың мақсаты – педагогтерді тілдерді оқытуда заманауи білім беру технологияларымен таныстыру.

Халықаралық ынтымақтастық

Кафедрадағы ғылыми жоба аясында Сәтбаев Университеті мен Қазан Федералды университетінің (ҚФУ, Ресей) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ханкук Университетінің Орталық Азияны зерттеу Департаменті (Hankuk University of Foreign Studies / HUFS, Сеул, Южная Корея) мен Ақжан Машани атындағы Базалық Білім беру институты арасында академиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Кафедра басқа да техникалық жоғары оқу орындарының қазақ және орыс тілдері кафедраларымен, ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен академиялық байланыс орнатты.

Профессор Жақсылықова К.Б. қазақ әліпбиінің латын қарпіне кезең-кезеңмен өту мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ҚР Ұлттық комиссия жанындағы Әдістемелік және терминологиялық топтың мүшесі, Абылайхан атындағы ҚазХӨжӘТУ жанындағы РОӘК ОӘБ мүшесі, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ «Хабаршысы» редакциялық алқасының мүшесі  болып табылады.

Клубтар жұмысы

Кафедра жанында орыс бөлімі студенттері үшін  «Семсер» танымдық клубы мен «In principio erat verbum» («Алдымен Сөз болды») клубы жұмыс істейді.

 

qazruslang@satbayev.university

Оқытушылар

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту