Тарихи мұражайы
Satbayev University – Қазақстан Республикасының ең көне оқу орындарының бірі. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің тарихы – республиканың инженерлік білім беру флагманы мемлекетіміздің тарихымен, оның мәдениетімен және жоғары білім беру жүйесімен тығыз байланысты.
Университеттің 70 жылдығы қарсаңында, Университет ардагері Мүштай Батырбекұлы Батырбековтің бастамасымен В. И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының ректоры Әшімов Әбдіғаппар Әшімұлының қолдауымен, 1978 жылы 14 ақпанда Әскери және еңбек даңқы мұражайы ашылды.
Мұражайдың экспозициялық ауданы 300 шаршы метрден асады. Мұражай қорында үш жүзден астам сақтау бірлігі бар: оның қалыптасу тарихы, бірегей кадрлар, түлектер, соның ішінде Кеңес Одағының батыры - 7, Социалистік еңбек ері – 6 және де КСРО Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттары, ҚР ҰҒА академиктері және корреспондент мүшелері, Университеттің қазіргі қызметі туралы фото және деректі материалдар.
Мұражайдың негізгі мақсаттары:
- студенттердің зияткерлік, шығармашылық, рухани әлеуетін қалыптастыру және ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында Университет тарихын ғылыми насихаттау, Қ.И.Сәтбаев пен оның серіктестерінің, Политехтың көрнекті түлектері мен оқытушыларының ғылыми идеяларын насихаттау;
- Университеттің қалыптасу, даму және қазіргі жағдайының тарихын көрсететін тарихи материалдарды жинау және сақтау.
Бірегей экспонаттардың қатарына мыналар жатады:
- 1934 жылғы Қазақ тау-кен-металлургия институтының жарғысы;
- Қ.И.Сәтбаев еңбектерінің үлкен кітап жинағы, журналдар, сирек кездесетін құжаттар мен фотосуреттердің көшірмелері;
- 1965 жылғы «Дос-Мұқасан» ВАА барабаны;
- ректорлардың портреттері, Университет туралы сирек кездесетін фото-кино құжаттары.
Мұражайдың ерекше мақтанышы – академик Қ.И.Сәтбаевтың жеке заттары және оның пәтеріндегі кітап шкафы.
Мұражайда үнемі жаңа экспонаттарды іздеу және экспозицияны үлкейту бойынша көп еңбекті талап ететін жұмыс жүргізілуде. Мұражайда үнемі көрмелер, дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырылады.
2017 жылдан бастап Мұражай құрамына академик Қ.И.Сәтбаевтың жеке архиві кіреді, оның есімі 1999 жылдан бері Университетке берілген.
Архивте мыңнан астам құжаттар мен экспонаттар бар.
Мұражай қызметкерлері келушілерге әрқашан қуанышты және аты аңызға айналған Политехтың тарихы мен академик Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметіне қызығушылық танытатындардың барлығына қызықты экскурсиялар өткізуге дайын.
Мұражайдың жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.
Сонымен қатар Университет қонақтары бас оқу ғимаратындағы Минералогиялық мұражайды және Тау-кен-металлургия ғимаратындағы Технологияларды дамыту мұражайын көре алады.