Тау-кен кафедраның ғылыми жобалары

Қазіргі уақытта кафедрада келесі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде:

ҚР ҰҚШҰ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыруы бойынша:

1) АР14869083 "Бүкіл периметрі бойынша терең тау-кен қазбаларын көлемді геомеханикалық модельдеуге жаңа тәсіл негізінде кен орындарының қорларын алудың толықтығын қамтамасыз ету", 2022-2024жж., ғылыми жетекші С.К. Молдабаев;

2) АР1489802 "Гравитациялық байытудың инновациялық технологияларын және алтынға қатардағы геологиялық сынамаларды минералогиялық талдауды әзірлеу", 2022-2024жж., ғылыми жетекші А. Бегалинов;

3) АР14871011 "Басқарылатын режимде және тұйық циклде жер қойнауы массивін үздіксіз және кешенді пайдалану бойынша тау-кен жұмыстарының технологияларын құру", 2022-2024жж., ғылыми жетекші Х.А. Юсупов;

4) АР14871266 "Қуаты аз көлбеу кен кен орындарын тиімді және қауіпсіз жерасты игерудің инновациялық әдістерін әзірлеу", 2022-2024жж., ғылыми жетекші Е.Т. Сердалиев;

5) AP19676591 "Кертпелердің күрделі құрылымдық блоктарынан шашыраңқы кондициялық кендерді толық алудың инновациялық технологияларын әзірлеу", 2023-2025 жж., ғылыми жетекші Б.Рақышев;

6) AP19679911 "Күрделі гидрогенді кен орындарын игеру кезінде уранды шаймалау тиімділігін арттыру", 2023-2025 жж., ғылыми жетекші Әбен Е.;

7) AP19676884 "Жарылыс энергиясының параметрлерін басқару арқылы күрделі құрылымдық массивтен кенді өңдеу кезінде тау-кен массасын ұсақтаудың тиімді әдістерін әзірлеу", 2023-2025 жж., ғылыми жетекші Е.Е. Ысқақов.

Шаруашылық келісім-шарт негізінде:

8) 14.09.2022 жылдың № PD/SCER/22-0041 шарты бойынша "Кен денелерін игеру кезектілігін белгілеу және Қашар кен орнының контур маңындағы қорлары мен терең бөлігін қауіпсіз игеру мүмкіндігіне ашық тау-кен қазбасының шекті контурынан тыс ақаулардың әсерін зерттеу", 2022-2024ж.ж., ғылыми жетекшісі С.К. Молдабаев;

9) 09.10.2023 жылдың №895818/2023/1 шарты бойынша "Технологиялық ерітінділерден электр энергиясын өндіру үшін ГЭС аралас қондырғысын әзірлеу", 2023-2024 жж., ғылыми жетекшісі Х.А. Юсупов;

10) 22.02.2023 жылдың № PD/SCER/23-0014 шарты бойынша "Тау массасын тік көтерудің технологиялық желісіне жобалау-конструкторлық құжаттаманы әзірлеу", 2023-2024 ж.ж., ғылыми жетекшісі С.К. Молдабаев.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту