Металлургия және кен байыту институты
Минералдық шикізатты байыту, металлургия және материалтану саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер мен жаңа технологиялар әзірлеуді жүзеге асыратын әлемдік деңгейдегі ірі ғылыми-зерттеу институты. 1945 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Халық Комиссарлары Кеңесінің Қаулысына сәйкес құрылды және Қазақстанда түсті металдардың жаңа өндірістерін ұйымдастыруды ғылыми-технологиялық сүйемелдеу орталығына айналды. Институт жанында әзірленген технологияларға сынақ жүргізу үшін тәжірибелік-эксперименттік металлургиялық өндіріс жұмыс істейді.
Ғылыми зерттеулерден басқа, институт өндірістік ұйымдарға қызметтердің кең спектрін ұсынады, олардың қатарына мыналар кіреді:
- Техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу
- Өндірістің технологиялық регламенттерін әзірлеу
- Минералды, техногенді, қайталама шикізатты металлургиялық қайта өңдеу, байыту технологияларын әзірлеу және сынау
- Материалтану бойынша зерттеулер
- Жоғары дәлдіктегі өндірістік жұмыстар
Институт мамандары өз ісінде стандартты емес зертханалық жабдықтарды (Ұлттық ғылыми зертхана) әзірлей және дайындай отырып, металлургия және материалтану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін стандарттар белгілейтін жоғары санатты мамандар болып табылады.
Институттың металлургия ғылымы мен практикасын дамыту саласындағы жетістіктері шет елдердегі (АҚШ, Канада, Швейцария, Германия, Англия, ҚХР, Испания, Корея, Бельгия, Чехословакия, Жапония, Венгрия, Югославия, Түркия, Ресей) симпозиумдар мен конференцияларда жоғары бағаланып, мойындалды.