Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Оқу ақысына жеңілдіктер

№ р/н

Талапкерлер мен білім алушылар санаты

Қажетті құжаттар

1.1

ҰБТ нәтижесі кемінде 100 балл болатын, «Алтын белгі» немесе «Үздік аттестат» сияқты ерекше үлгідегі аттестат иегерлері

 «Алтын белгі», «Үздік аттестат» аттестаты

ҰБТ сертификаты

1.2

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың және конкурстардың жеңімпаздары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған)

Жүлделі орындар, дипломдар

(соңғы 3 жылда)

1.3

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар және халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы мектеп түлектері

Ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік

Қамқоршылардың жоқтығы туралы анықтама

Мүгедектік туралы анықтама

1.4

Сәтбаев Университеті ұйымдастырған зияткерлік ойындардың, конкурстардың, стартап-жобалардың, турнирлердің және пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары

Жүлделі орындар, дипломдар, медальдар

 (жеке/командалық)

1.5

Мемлекеттік мекемелер мен  ірі компаниялар тарапынан ұйымдастырылған республикалық деңгейдегі айтулы байқаулардың, фестивальдердің, турнирлердің, хакатондардың, макеатондардың жеңімпаздары

1.6

Спорттық жарыстардың жүлдегерлері (Азия, Еуропа және Әлем чемпионаттары)

Ескертпелер:

1. Бакалавриат грантын алу үшін ҰБТ/КТ шекті балы - 65 балл.

2. Оқу семестрінің қорытындылары бойынша 1.1-тармақшаның санаты бойынша GPA кемінде - 3.0; 1.2, 1.3, 1.4, 1.5, 1.6 -тармақшалардың санаты бойынша оқу жылының қорытындысы бойынша GPA кемінде 3.2.

Оқу үлгерімі бойынша осы талап сақталмаған жағдайда студент қайта алу құқығынсыз Университет грантынан айырылады.

 

Бакалавриат бойынша оқу ақысына жеңілдіктер беру

Сәтбаев Университеті жекелеген санаттағы студенттер үшін оқу ақысына жеңілдіктер ұсынады. Жеңілдіктер Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КЕАҚ білім беру қызметтеріне гранттар мен жеңілдіктер беру және білім алушыларды материалдық ынталандыру (көтермелеу) жөніндегі Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады:

  1. Ерекше үлгідегі «Алтын белгі» немесе «Үздік аттестат»  иегерлері; Колледждің үздік түлектері (ҰБТ нәтижесі 80-нен 100 балға дейін);
  2. Жетім балалар қатарындағы студенттер;
  3. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі студенттер (немесе отбасында мүгедектігі бар ата-аналар/балалар);
  4. Көп балалы отбасынан шыққан балалар (18 жасқа толмаған балалар);
  5. Толық емес отбасынан шыққан балалар;
  6. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі шетел азаматтары (мигранттар);
  7. Спорттық разряды бар спортшылар - ҚР спорт шебері, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
  8. «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің бағдарламасы бойынша талапкерлер;
  9. Оқу озаттары (GPA 3.0-ден төмен емес) (2–5-курстар).

Жеңілдік алуға өтінім беру 2025-2026 оқу жылының қыркүйек айында басталады.

Барлық сұрақтар бойынша Әлеуметтік жұмыс бөліміне хабарласу керек.
Телефон: 320 40 75 – Ибрагимова Жанат ТалғатқызыE-mail: zh.ibragimova@satbayev.university

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту