Инфрақұрылымды басқару департаменті
Жалпы ереже
Инфрақұрылымды басқару департаменті (ИБД) Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың (ары қарай - Университет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департаментті ҚазҰТЗУ Ректорының бұйрығымен қызметке тағайындалып және қызметінен босатылатын директор басқарады.
Инфрақұрылымды басқару Департаментінің штаты директордан, директор орынбасарынан, жоба жетекшісінен, бас маманнан, жетекші маманнан және 7 бөлімщенің жетекшілерінен тұрады: Эксплуатациялық қызмет (ЭҚ), Жөндеу және құрылыс бөлімі (ЖжҚБ), Көлік бөлімі (КБ), Техникалық бөлім (ТБ), «Қапшағай» оқу полигоны, Оқу-өндірістік цех (ОӨЦ), «Самал» пансионаты.
Департамент өз қызметі бойынша корпоративті даму жөніндегі Проректорға бағынады.
ИБД қызметі төмендегідей нормативтік құжаттар бойынша реттеледі:
- 9000 сериясы ISO Сапасының халықаралық стандарты;
- 27 шілде 2007 жылғы № 319 -111 «Білім жөніндегі» ҚР Заңымен;
- 02.03.2005ж. №195 «Жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беруді ұйымдастыру қызметінің Типтік ережелері» ҚР Үкіметінің Қаулысымен;
- 21 мамыр 2003 ж. № 172 Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру Комитетінің бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ Жарғысымен;
- ҚР СТ ИСО 9001-2001. Сапа менеджменті жүйесі. Талаптары;
- құрылыстағы шығын материалдарының бірыңғай нормаларымен;
- құрылыс-монтаждау жұмыстарына бірдей бағаларымен;
- өндіріс жұмыстарының техникалық шарттарымен;
- ҚР СТ 1157-2002 «Жоғары кәсіптік білім»;
- Сапа саласындағы Университеттің міндеті, стратегиясы, саясаты және мақсаты;
- Ұжымдық келісімшарт;
- Ғылыми кеңестің қаулысы;
- Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректорының бұйрықтарымен және өкімдерімен, сондай-ақ осы Ережемен.
Тағайындау (Мақсаттары)
Департаменттің негізгі мақсаты университет инфрақұрылымын дамыту негізінде Университеттің тұрақты табысына қол жеткізу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін Департамент мынадай міндеттерді шешеді:
- университет ғимараттарына жыл сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу;
- университеттің оқу-өндірістік базасын дамытудың келешекке арналған жоспарлауы;
- барлық инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың үздіксіз жұмыстарын қамтамасыз ету;
- университеттің барлық оқу-өндірістік ғимараттарын электр энергиясымен үнемі жабдықтап отыру;
- университеттің барлық оқу-өндірістік ғимараттарын сапалы телефон байланысымен үнемі жабдықтап отыру;
- университеттің үздіксіз жұмыстарын автокөлікпен қамтамасыз ету;
- университеттің жаңа оқу-өндірістік ғимараттарын пайдалануға тапсыруда және құрылыс жұмыстары кезінде бақылау жасау;
- университетке тиесілі аймақтар мен оқу ғимараттарының ішінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау мен санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету.
ИБД-ның негізгі міндеттері:
университет ғимараттарына жыл сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу, смета жасау үшін қабылданған өтінімдер бойынша ақау актісін құрастыру;
- университеттің оқу-өндірістік базасын дамытудың келешекке арналған жоспарлауы;
- бөлімдерді жобалық-сметалық құжаттамалармен қамтамасыз ету;
- жаңа құрылыс жұмыстары үшін қала қызметінен рұқсат құжаттары мен келісімдерін алу кезінде жетекшілік жасау;
- ҚазҰТЗУ-дың жаңа оқу ғимараттары мен жатақханаларының құрылысы және пайдалануға қабылдауы кезінде бақылау жасау;
- барлық инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың үздіксіз жұмыстарын қамтамасыз ету;
- университеттің барлық оқу-өндірістік ғимараттарын электр энергиясымен үнемі жабдықтап отыру;
- университеттің барлық оқу ғимараттары мен жатақханаларын сапалы телефон байланысымен үнемі жабдықтап отыру;
- университеттің үздіксіз жұмыстарын автокөлікпен қамтамасыз ету;
- автокөліктің жыл сайынғы техникалық тксеруін жүргізу;
- университетке тиесілі аймақтар мен оқу ғимараттарының ішінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау мен санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету;
- тексеру және бақылау жүргізетін мемлекеттік органдармен жұмыс жасау.
Өкілеттігі
Департамент құқылы:
Департамент өз қызметтерін атқаруы және өкілеттігін жүзеге асыруы үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды ҚазҰТЗУ-дың құрылымдық бөлімшелерінен сұрауға және алуға.
Департамент құзыретіне қатысты мәселелер бойынша тараптағы ұйымдармен Департамент құзыреті аясында өзара әрекеттесу.
Департамент жұмыстарын ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жетекшілік ететін проректорға ұсыныстар енгізуге.
Орнықтырылған тәртіп бойынша қажет болғанда апатты жағдайдағы жарықты, суды және жылуды сөндіруге.
Орнықтырылған тәртіп бойынша ҚазҰТЗУ-дың дәрісханаларына, кабинеттеріне, зертханаларына және басқада бөлмелеріне кіруге.
Жауапкершілігі
Осы Ережеде қарастырылған міндеттер мен қызметтерді атқаруға жауапты, соның ішінде:
- сапалы және мерзімінде орындалуына;
- берілген өкілеттігін жұрыс және толық орындауға;
- СМЖ және СМПБжЗ құжаттамаларының талаптарын, сапа саласындағы міндеттемелерін орындауға;
- жүктелген міндеттемелердің орындалу барысы жөнінде Университет басшылығын уақытында хабардар етуге;
- Университет ғимараттарын жылу, жарық, су-мен жабдықтауға;
- университетке тиесілі аймақтар мен оқу ғимараттарының санитарлық-гигиеналық жағдайларына.
Басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекеттестігі
Департамент өз қызметін іске асыру барысында:
- университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара қызметтік байланысқа түседі және олармен қажетті ақпараттармен алмасады;
- Департамент қызметінің мәселелері бойынша дайындалған нормативтік құжаттардың жобаларын мүдделі құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерімен, университеттің лауазымды тұлғалармен өзара келісіп жасайды.
- Университет басшылығының келісімі бойынша ҚазҰТЗУ-дың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысшыларын Департаментпен ұйымдастырылған/жүргізілетін іс-шараларды жүзеге асыруға тартады.