ББ және оқу-әдістемелік жұмысты басқару бөлімі
Білім беру бағдарламаларын басқару және оқу-әдістемелік жұмыс бөлімі (бұдан әрі – ББББ және ОӘЖБ) «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КЕАҚ (бұдан әрі – Университет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары: жаңа білім беру бағдарламалары бойынша құжаттарды кәсіби стандарттарға, Қазақстан Республикасындағы жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласына, сондай-ақ жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес әзірлеу жұмыстарын үйлестіру. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын жоғары білімнің бірыңғай платформасында (бұдан әрі- ЖББП) техникалық сүйемелдеу, кафедралардағы Академиялық комитеттердің құрамын қалыптастыру және ЖББП тізіліміндегі білім беру бағдарламаларына мониторинг жүргізу.
Жұмыс оқу жоспарларын (бұдан әрі - ЖОЖ) әзірлеу процесіне техникалық және әдістемелік қолдау көрсету, оның ішінде:
- ҚР МЖМБС және ішкі нормативтік құжаттарды ескере отырып, ЖОЖ құрылымы мен қалыптастыру бойынша консультациялар беру;
- SSO цифрлық платформасын пайдалану барысында сүйемелдеу;
- енгізілген деректердің дұрыстығын және ЖОЖ-дың білім беру бағдарламалары талаптарына сәйкестігін бақылау;
- кафедралар мен институт қызметкерлеріне арналған оқыту семинарларын ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсету;
- ЖОЖ шаблондары мен форматтарын өзектендіруге қатысу.
Элективті пәндер каталогын (ЭПК) жүргізу және жаңарту:
- элективті пәндер бойынша ақпаратты жинау, тексеру және жүйелеуді ұйымдастыру;
- пәндер кодтарын беру және олардың дұрыстығын бақылау.
Оқу-әдістемелік жұмыс бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу, түсіндіру-консультациялық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ университеттің білім беру порталында профессор-оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік кешендерінің уақтылы жүктелуін тұрақты мониторингтеу.
Оқу жылына арналған профессор-оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік басылымдарының тақырыптық жоспарын қалыптастыру және түзету.
Бөлім басшысы: Әбуова Назира Қожанқызы
Электрондық пошта: n.abuova@satbayev.university
Тел.: 87475362470