Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Technical and Executive Business School

Көшбасшылық технологиялары

Technical and Executive Business School (TEBS) – технологиялар мен бизнестегі көшбасшылыққа бағытталған кәсіпкерлер мен басқарушыларға арналған бизнес-мектеп.

Executive MBA, MBA және DBA бағдарламалары – академиялық білімді озық технологиялармен, жетекші сарапшылардың практикалық тәжірибесімен және менторлық қолдаумен үйлестіретін синергия. Бағдарламалар дағдыларды дамытуға және практикалық кейстерді шешуге басымдық береді.

Оқу форматы: модульдік, икемді кесте, онлайн және офлайн форматтар.

EMBA

Ұзақтығы: 1 академиялық жыл

Executive MBA – мансапты үзбей, бизнес, басқару және көшбасшылық салаларындағы білімін тереңдеткісі келетін топ-менеджерлерге, бөлім басшыларына және кәсіпкерлерге арналған.

  • Бағдарлама үш негізгі модульден тұрады: GROWTH MBA, SMART MBA және EMPOWER MBA – стратегияны, салалық экспертизаны және тұлғалық дамуды үйлестіретін бірегей тәсіл.
  • Халықаралық тағылымдама қарастырылған.

MBA (салалар бойынша)

Ұзақтығы: 2 академиялық жыл

Салалық MBA бағдарламасы өз білімін тереңдетіп, стратегиялық құзыреттерін дамытқысы келетін негізгі секторлардың мамандары мен басшыларына арналған.

Бағыттар:

  • Энергетика
  • Көлік және логистика
  • ТМК (тау-металлургия кешені)
  • Білім беру
  • Геология және мұнай-газ саласы
  • Архитектура және құрылыс

DBA

Ұзақтығы: 3 академиялық жыл

DBA бағдарламасы – ғылыми-зерттеу және стратегиялық құзыреттерін дамытуға ұмтылатын топ-менеджерлерге, кәсіпкерлерге, мемлекеттік сектор басшыларына және консультанттарға арналған.

Бағдарлама үш негізгі модульден тұрады: Зерттеу модулі. Тұлғалық даму және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру модулі. Практикаға бағытталған модуль.

Корпоративтік бағыт:

  • Кәсіпкерлік орталығы – кәсіпкерлерге ұйымдастырушылық, консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету
  • Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы перспективалы жобаларды қолдау
  • Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту
  • Ғылыми, білім беру, бизнес бастамаларын және кәсіпкерлердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту
  • Шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен байланыстарды дамыту және нығайту, халықаралық бағдарламаларға, тағылымдамаларға, конференцияларға қатысу

Бөлімшелер

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту

Whoops, looks like something went wrong.