Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

АР19680576 «Медициналық мақсатта жараны емдеуде ұзақ әсері бар көп функцияналды полимер композиттік материал әзірлеу» 17
АР19679049 «Тығыз азғындалған плазманың термодинамикалық және радиациялық қасиеттер»
АР19677949 «Пайдаланудағы негізгі желдеткіштердің аэродинамикасы мен конструкциясын жетілдіру арқылы шахталарды желдетудің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру»
BR24993218 «Каспий аймағындағы шөлейттену және топырақтың деградациясы мәселелерін шешудің инновациялық әдістерін әзірлеу»
BR24993166 «Кешенді инновациялық онлайн платформаны, заңгерлік көмектің автоматтандырылған жүйесін және адвокаттардың жұмысын автоматтандырудың бірыңғай жүйесін құру»
BR24993105 «Аграрлық өнімдер мен технологияларды әзірлеу және коммерцияландыруға арналған биотехнологиялық R&D орталығын құру»
BR24993072 « Мектеп окушыларының сыни ойлау қабілетін дамытуға арналған жасанды интеллект қолдана отырып интеллектуалды білім беру ресурсын әзірлеу»
BR24993051 «IoT және деректерді талдау негізінде интеллектуалды қала жүйесін дамыту»
BR24992956 «Газды сығымдау үшін инновациялық жабдықтар мен технологияларды әзірлеу және құру»
BR24992920 «Академик Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми-мәдени мұраларын зерттеу - қазақстандық ғылыми мектептердің даму бағдары»
BR24992908 «Өсімдік шаруашылығындағы агротехникалық іс-шараларды мониторинг құралдары мен жасанды интеллект әдістерінің кешені негізінде қолдау жүйесі (Agroscope)»
BR24992907 «Қазақстан қалаларын жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысын цифрландыру және оңтайландыру үшін бағдарламалық өнімді әзірлеу»
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту