Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық білім алушының немесе қызметкердің бірлескен білім беру, зерттеу бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ екі жақты келісімдер негізінде басқа білім беру немесе ғылыми мекемеге (өз елінде немесе шетелде) белгілі бір кезеңге ауысуы болып табылады.

shema

ҚР Академиялық ұтқырлық білім қолдауымен 2011 жылдан бастап Satbayev University АҚШ, ЕО және Азияның серіктес ЖОО-да студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығын сәтті жүзеге асыруда.

Қаржыландыру көздері

  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі қаржыландыратын бағдарлама (әуе қатынау, тұру, консулдық алымдар және медициналық сақтандыру).
  • Конкурсқа құжаттарды жинау жыл басында жүргізіледі. Сайтта жаңалықтарды қадағалау қажет.
  • Еуропалық Одақ қаржыландыратын Erasmus+ бағдарламасы (ай сайынғы стипендия 800 евродан, тегін оқу, әуе қатынау).
  • Құжаттарды жинау гранттардың болуына байланысты жүргізіледі. Сайтта жаңалықтарды қадағалау қажет.
  • Томск политехникалық университетімен (РФ) ынтымақтастық туралы екі жақты келісім, ол SU студенттерін жатақханада тұру және оқу төлемдерінен босатады. Қалған шығындар білім алушылардың өз қаражаты есебіне жатқызылады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары

Эрасмус +

Эразмус+ - Еуроодаққа мүше елдердің университеттері, сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн, Македония, Норвегия, Түркия арасында ынтымақтастық пен оқытушылар алмасуды қолдауға бағытталған, 2014 жылдан 2020 жылға дейін қолданылатын Еуропалық Одақтың коммерциялық емес бағдарламасы. Эразмус+ 33 елден 4 мыңнан астам білім беру мекемелері қатысады.

Erasmus+ Erasmus+

Бағдарламаның атауы голланд философы Эразм Роттердамның атынан болды, ол өз ой-өрісін кеңейту және жаңа білім алу үшін, Еуропаның көптеген қалаларында өмір сүрді және жұмыс істеді. Сонымен қатар, Erasmus сөзі (ағылш. – European Region Action Scheme for the Mobility of University Students) - "университет студенттерінің ұтқырлығын арттыру үшін Еуропалық қауымдастықтың әрекет ету схемасы" дегенді білдіреді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – Еуропадағы білім беру сапасын арттыру, еуропалық және ЕО-мен көршілес елдер студенттерінің ұтқырлығы мен мәдени байланыстарын дамыту. Бағдарлама студенттер мен оқытушыларға бағдарламаға қатысатын басқа елде оқудан, тағылымдамадан өтуге немесе сабақ беруге мүмкіндік береді.

Erasmus+ бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген үміткерлер конкурстық негізде іріктеледі. Студенттер келесі талаптарға сай болуы керек:

  • Satbayev University-де кем дегенде 2 жыл оқыған студент болу;
  • қабылдаушы университет белгілеген орташа балға ие болу;
  • қабылдаушы университетте оқыту жүргізілетін тілді меңгеру.

Жеңімпазды таңдау жіберуші университет тарапынан жүргізіледі. Оқу және тағылымдамадан өту мерзімі 3 айдан 1 жылға дейін, көп дегенде – 2 жылға дейін.  Білім алу бағдарламасына студент 1 рет және жұмыс тәжірибесі үшін 1 рет қатыса алады. Эразмус+  бағдарламасы бағдарлама бойынша оқыған студенттер елге оралғаннан кейін Эразмус+ бағдарламасы бойынша қабылдаушы университетте оқыған пәндерін жіберуші университет тарапынан есепке алынатынына кепілдік береді.  

Студенттер қабылдаушы университетте оқу ақысын төлемейді, барлық шығындарды Еуропалық Одақ өтейді. Студенттер сондай-ақ шетелде шығындарды жабуға ай сайынғы стипендия алады.

Көптеген студенттер үшін, Эразмус+ бағдарламасына қатысу шетелге оқуға және тұруға алғашқы мүмкіндік. Нәтижесінде "Эразмус тәжірибесі" мәдени феномен ретінде танымал. Бұл қосымша білім алу ғана емес, басқа елдердің студенттерімен байланыс орнату мүмкіндігі.

Erasmus+ бағдарламасы бойынша ағымдағы конкурстар университеттің және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Erasmus+ бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар

Мелвана туралы

 

«Ғарыштық кеңістік пен зияткерлік роботтандырылған жүйелерді игеру бойынша қолданбалы оқу бағдарламасы»

AppleErasmus+ бағдарламасы аясында жоғары оқу орындары APPLE (Erasmus+) еуропалық жобасы «Ғарыштық кеңістік пен зияткерлік роботтандырылған жүйелерді игеру бойынша қолданбалы оқу бағдарламасы» сияқты жобаларды жүзеге асырады. Жобаға Қазақстан, Франция, Германия, Латвия, Эстония, Бельгия, Ресей, Беларусь елдерінен 20 ЖОО қатысады. Еуропалық Одақтан оның үйлестірушісі - Берлин техникалық университеті. Satbayev University 2016 жылдың 15 қазанында жобаға қатысу туралы келісімге қол қойды.

Жоба робототехникалық жүйелер мен ғарышты игеру саласындағы бакалавр – мамандарды, магистрлерді, аспиранттарды даярлау және білім беру сапасын жақсарту үшін әзірленген. Жоба аясында студенттер еңбек нарығының заманауи талаптарына, Болон процесі мен озық тәжірибеге сәйкес құрылған Еуропалық оқу бағдарламаларына қол жеткізеді. Жоба ұзақтығы 1-2 апта тағылымдама ұсынады. Тағылымдама (стажировка) Эразмус+ жобасы есебінен толығымен қаржыландырылады.

Жобаның негізгі мақсаты Қазақстан университеттерінде ғарыш пен зияткерлік робототехникалық жүйені игеруде жоғары білімді жаңғырту және жоғары білімді жаңғыртудың еуропалық бағдарламасына сәйкес қолданбалы білім беру бағдарламасын енгізу болып табылады. Жоба шеңберінде B-Learning және M-Learning қамтитын оқу бағдарламаларын жаңарту жүргізілетін болады; қолданыстағы зертханалар жаңғыртылады және жаңа зертханалар құрылады.

Жобаның міндеттері:

- нарықтық сұранысқа және оқу бағдарламаларының ағымдағы шолуына сәйкес мақсатты саладағы білім беру қажеттіліктерін талдау;

- жаңа қолданбалы білім беру бағдарламасын біріктіру;

- пәнаралық оқу бағдарламаларын енгізу;

- ECTS-ді қоса алғанда, жаңа практикалық курстарды әзірлеу, енгізу және аккредиттеу;

-серіктес елдердің жоғары оқу орындарын еңбек нарығымен жақындастыру.

Жобаның маңызды бөлігі - "Электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар" және "Робототехника және автоматиканың техникалық құралдары" кафедрасының зертханалары базасында RoboLab бірегей зертханасын құру. Зертхана көп пәнаралық талдау мен оңтайландыруды, жобалаудың ықтималдық және сенімді әдістерін қамтитын есептеу әдістері мен құралдарын енгізу есебінен ғарыштық және робототехникалық жүйелерді жобалауды жақсартуға арналған. Жұмыс үшін жаңа жабдық – моноблоктар, 3D-принтер, 3D-сканер, Smart-тақта сатып алынды, ол RoboLab зертханасында орнатылған.

Жобаның жүзеге асырушы әріптес ЖОО-лар:

  1. Aerospace Committee (KazCosmos)
  2. Almaty University of Power Engineering and Telecommunication (Казахстан)
  3. ECM Space Technologies GmbH (Германия)
  4. Geoinformation systems (Белоруссия)
  5. Institute Thomas More (Бельгия)
  6. Riga Technical University (Латвия)
  7. Small Satellites Center LLC (Россия)
  8. Tallinn University of Technology (Эстония)
  9. Technische Universität Berlin (Германия)
  10. Université Pierre et Marie Curie (Франция)
  11. Белорусь мемлекеттік университеті (Белоруссия)
  12. Белорусь информатика және радиоэлектроника мемлекеттік университеті (Белоруссия)
  13. Белорусь ұлттық-техникалық университеті (Белоруссия)
  14. Л.Н. Гумилев атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Қазақстан)
  15. Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Қазақстан)
  16. GlavKosmos (Россия)
  17. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Қазақстан)
  18. Инвестициялар және даму министрлігі (Қазақстан)
  19. Білім және Ғылым Министрлігі (Белоруссия)
  20. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі
  21. Ресей Федерациясы Білім және Ғылым Министрлігі
  22. Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы (Қазақстан)
  23. Санкт-Петербург политехникалық университеті (Ресей)
  24. Сібір федералды университеті (Ресей)
  25. Орал Федералдық университеті РФ Тұңғыш Президенті
  26. Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университеті, (Курск қ., Ресей)

Оқу материалдарын неғұрлым тиімді енгізу және жаңарту үшін оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер жетекші еуропалық ЖОО-да тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады. Бірінші тағылымдама (стажировка) 2018 жылдың қаңтар айында Михелин қаласында (Бельгия) Томас Мора университетінде өтті.

Томас Мора университетінің оқытушылары Satbayev University "Introduction to VHDL programming, using Basys3 and Vivado" және "Entrepreneurship and effective communication" тақырыптары бойынша мастер-класстар өткізді. Соңғы мастер-класс аясында смарт-қосымшалар идеялары байқауы өткізілді және Satbayev University студенттері бірінші орынға ие болды.

2018 жылдың шілде айында Парижде Мария Кюри (Сорбонна) институтында оқытушылар тренингі өтті. Оқытушылар Француз университетінің ғарыштық зерттеулер мен роботехника саласындағы тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік алды. Олар LATMOS laboratory of Atmospheres, ISIR laboratory (Robotics and Intelligent systems) зертханаларына барып, CNES Француз ғарыш агенттігі әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, шағын ғарыш аппараттарын жобалау үшін инженерлік әдіснаманы зерттеді.

Satbayev University тарапынан жоба координаторы – "Электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар" кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясының ғарыш техникасына еңбегі сіңген сынаушы Сүйменбаев Бағдат Темірғалиұлы.

Оның Эразмус+ жобасына қатысу үшін өтінімді ресімдеу жұмысының арқасында университетке қатысушының бірегей сәйкестендіру нөмірі (PIC) берілді, ол әрі қарай да Эразмус+ жобаларына қатысуға мүмкіндік береді. Жобаның ұзақтығы – 2016-2019 жж.

Satbayev University оқытушылары APPLE Эразмус+ бағдарламасына өз жобаларымен қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін жобаны әзірлеп, оны іске асыруға Эразмус + комитетіне өтініш беру қажет. Өтініш беру жөнінде кеңес алу үшін бағдарламаның үйлестірушісіне хабарласуға болады.

ACESYRIErasmus+ бағдарламасы аясында Satbayev University информатика саласындағы жас зерттеушілер мен докторанттарға арналған алдыңғы қатарлы орталықты (ACeSYRI) әзірлеуге қатысады.

Жоба (жобаның тіркеу нөмірі 610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP) Erasmus+ бағдарламасының шеңберінде аспиранттар, жас зерттеушілер, Қазақстан оқытушылары және Еуропалық Одақ елдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында орындалады.

ACeSYRI қатысушыларға зерттеу топтарын құруға, халықаралық зерттеу топтарымен ынтымақтасуға, ғылыми ақпаратпен және жобалардың нәтижелерімен алмасуға мүмкіндік береді.

ACeSYRI аумағында жұмыс тегін және студенттерге де, жас зерттеушілерге де қолжетімді.

ACeSYRI-дің басты мақсаты – ЕО университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту негізінде информатика саласындағы жас зерттеушілер мен докторанттардың зерттеу жағдайларын жақсарту, мақсатты топтармен ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында Қазақстандағы виртуалды портал мен орталықты әзірлеу.

Жоба 3 жылға есептелген және 4 еуропалық және 9 қазақстандық университеттермен жүзеге асырылады.

 ACeSYRI-ді енгізу – Қазақстандағы жоғары білімді жаңғыртуға бағалы үлес. Жас зерттеушілердің зерттеу жағдайын жақсарту, сондай-ақ оларды зерттеулердің өзекті мәселелеріне тарту информатика саласындағы жоғары білім деңгейін арттырады деп күтілуде.

 ACeSYRI жобасына келесі университеттердің жас зерттеушілері мен профессорлары қатысады:

  • Жилин университеті (ZU) - Словакия, Жилина
  • Лодза университеті (ULO) - Польша, Лодзь
  • Лотарингия университеті (UL) - Франция, Нанси
  • Назарбаев Университеті (NU) - Қазақстан, Астана
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы (BPAMC) – Қазақстан, Астана
  • Satbayev University - Қазақстан, Алматы
  • Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) – Қазақстан, Алматы
  • Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Жәңгір хан (БҚАТУ) - Қазақстан, Орал
  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (КГУ) - Қазақстан, Кызылорда
  • М. Қозыбаев атындағы  Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті– СҚМУ) - Қазақстан, Петропавл
  • Сулейман Демирел университеті (СДУ) – Қазақстан, Алматы
  • "Қазақстандық ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы" заңды тұлғалар одағы - Қазақстан, Алматы

Satbayev University тарапынан жоба координаторы - кибернетика және ақпараттық технологиялар институтының "Бағдарламалық инженерия" кафедрасының профессоры – Мухамедиев Равиль Ильгизович.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту