Сәтбаев университеті Хабаршысы
«ҚазҰТУ Хабаршысы» -«Вестник КазНИТУ», «Vestnik KazNRTU» ғылыми журналдары Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің органы болып табылады.
Журналдың мақсаты – кәсіби мамандар қауымына арналған зерттеулер мен соңғы жаңалықтар, ғылым мен техниканың өзекті мәселелері мен жаңа идеяларды жариялау. Журналда ғалымдар мен аспиранттардың, магистранттар мен докторанттар зерттеулерінің нәтижелері, жетістіктері туралы хабарлама беріледі. Сондай-ақ журналда төмендегі тематикалық бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер туралы ғылыми мақалалар жарияланады:
- Физико-математикалық ғылымдар;
- Техникалық ғылымдар;
- Жер туралы ғылымдар;
- Химиялық және металлургиялық ғылымдар;
Журнал халықаралық «INSPEC» базасы және қазақстандық дәйексөз базасы арқылы индексацияланады. Журналдың бір жылдық алты номері де «Республикалық жоғары оқу орындарының аралық электрондық кітапханасы» базасына орналасқан.
- Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын;
- Шығу мерзімі: жылына 6 рет;
- ISSN: 2709-4758; eISSN 2709-4766
Мақаланы беру алдында журналдың сайтында тіркелу қажет. Мақаланы редакцияға тапсырарда оны «Вестник» журналы ережелеріне сәйкес безендіруді сұраймыз.
Төлем редакция мақаланы қабылдағаны туралы хатты және төлеуге деректемелерді жібергеннен кейін ғана іске асырылуы керек. Мақаланы алдын ала төлеуге қатаң тыйым салынады!
Редакцияның мекенжайы:
Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22,
© Satbayev University