Сандық техника және технологиялар институты
Өндірісті автоматтандыру, big data және машиналық интеллект саласында халықаралық деңгейдегі әзірлеуші. Жасанды интеллект саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді, өнеркәсіптік автоматтандыру, цифрландыру және аспап жасау саласындағы инновациялық технологияларды әзірлеумен, енгізумен және іске асырумен айналысады.
Институт өндірістік автоматтандыру саласындағы ірі жобаларға маманданған, АСУТП, ДБО, АСДЦ, ЦД жүйелерін, диспетчерлік орталықтарды, өндірісті басқару орталықтарын, MES жүйелерін, PI, цифрлық қосарланғандарды, ірі компаниялар үшін зияткерлік цифрлық кен орындарын құрады. Сондай-ақ құрылымында тәжірибелік-конструкторлық бюро және деректердің үлкен ауқымын өңдеу бойынша қызмет көрсететін суперкомпьютерлік модельдеу зертханасы бар.
Институт бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және әзірлеу бойынша, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін теңгерім қалыптастыру және диспетчерлендіру бойынша, ТОРО бөлігінде өндірісті басқару бойынша қызметтер көрсетеді. Институт SMART CITY шешімдері, медициналық ақпараттық жүйелер және корпоративтік бұлт шешімдері сияқты мемлекеттік корпорацияларға арналған шешімдерді әзірлейтін еліміздің цифрландыру орталықтарының бірі болып табылады
Институт ұжымы ТМД-дағы ірі өндірістер үшін бизнес-процестерді біріктірілген жоспарлаудың жалғыз жүйесінің авторы болып табылады.