Химиялық және биохимиялық инженерия кафедрасының түлектері
Кафедра Қазақстан Республикасы экономикасының химиялық және мұнай-газ, биотехнологиялық және басқа да салаларында табысты жұмыс істейтін химиялық, биологиялық және биохимиялық инженерия саласында кең бейінді ғылыми-техникалық және инженерлік кадрларды дайындайды және шығарады.
ХиБИ кафедрасының ерекше мақтанышы мен жетістігі - түлектер, олардың арасында ғалымдар мен кәсіпорын басшылары бар:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының меңгерушісі, х ғ.к. Ирмухаметова Галия Серикбаевна
"Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты" ЖШС Бас директоры Товасаров Адылхан Дадебаевич
"CASPI BITUM "БК" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Муканов Талгат Дюсенбиевич
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының бизнес-инкубаторлары мен акселераторлары қауымдастығының " ЗТБ бірінші вице-президенті, gimadi.kz негізін қалаушы, Тұран университетінің коммерцияландыру орталығының директоры Оразбекұлы Ерболат.