Ғылыми жобаларды сүйемелдеу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті
Satbayev University — еліміздегі жетекші зерттеу техникалық университеті. Университеттің ғылыми-білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны ретінде дамуы нақты экономика секторы мен мемлекеттік ұйымдармен белсенді өзара іс-қимылдың нәтижесінде жүзеге асуда.
Университеттің ғылыми-инновациялық қызметі гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында ғылыми зерттеулерді орындауға, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру арқылы ғылыми әлеуетті дамытуға бағытталған.
Ғылыми жобаларды сүйемелдеу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті ғылыми жобаларды ұйымдастырушылық, әкімшілік және әдістемелік сүйемелдеуді, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Департаменттің негізгі мақсаты — ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға тиімді жағдай жасау, университеттің ғылыми әлеуетін дамыту және ғылыми жобаларды сапалы сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
Департамент басшылығы
Департамент директоры:
Жұмаділова Жанар Оразбекқызы
Лауазымы:
Ғылыми жобаларды сүйемелдеу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры
Email:
z.zhumadilova@satbayev.university
Департамент құрылымы
Ғылыми жобаларды сүйемелдеу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің құрамына келесі бөлімдер кіреді:
1. Бюджеттік жобалар бөлімі
Бөлім басшысы:
Садыкова Толкынай Сейткадыровна
Email:
t.sadykova@satbayev.university
Бөлімнің қызметі ғылыми-техникалық бағдарламалар мен гранттық қаржыландыру аясында орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырушылық және әкімшілік сүйемелдеуге бағытталған.
Бөлімнің негізгі функциялары:
- гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясындағы жобаларды сүйемелдеу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
- конкурстық өтінімдерді дайындауды үйлестіру;
- ғылыми жобаларды жүзеге асыру процесін әкімшілік сүйемелдеу және мониторинг жүргізу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстары кезеңдерінің орындалуын бақылау.
2. Докторантура және ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі
Бөлім басшысы:
Хведелидзе Мадина Жексенбаевна
Телефон:
8 (727) 320 4123
Email:
m.khvedelidze@satbayev.university
Бөлім докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруді және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың ғылыми жұмысын ұйымдастырушылық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Бөлімнің негізгі функциялары:
- докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және сүйемелдеу;
- ғылыми жұмыстың жеке жоспарларын дайындау мен жүзеге асыруды үйлестіру;
- докторанттардың ғылыми зерттеулерінің орындалуын мониторингтеу;
- ғылыми жетекшілермен және университеттің ғылыми бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға жәрдемдесу.