Әскери институт
Әскери дайындық туралы
Әскери істер институтында (әскери кафедрада) Қазақстан Республикасы азаматтарын алынатын жоғары кәсіби білімінің негізінде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрімен бекітілетін қабылдау жоспарына сәйкес запастағы офицерлер бағдарламалары бойынша әскери дайындау ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
Әскери дайындау Қазақстан Республикасының мобилизациялық резервін дайындау мақсатында жүргізіледі. Әскери істер институты «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Әскери істер институты әскери дайындық мәселелері бойынша ҚР Қорғаныс министрінің бұйрықтарын басшылыққа алады.
Студенттерді әскери дайындау оқудың қосымша түрі болып табылады және оқытудың теориялық және практикалық курстарынан, студент-жігіттер үшін оқу-жаттығу жиындары немесе студент-қыздар үшін кәсіби практикадан құралады.
Әскери дайындауға барлығы 588 академиялық сағат бөлінеді, оның ішінде 360 академиялық сағат ЖОО-да және 228 академиялық сағат оқу-жаттығу жиындарында (студент-қыздар үшін кәсіби практика).
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындау өтеусіз және өтеулі негізде ұйымдастырылады. Өтеулі негізде оқуға өтеусіз негізде оқуға конкурс шарттары бойынша өте алмаған және өтеулі негізде оқуға іріктеу бойынша комиссиямен ұсынылған студенттер тартылады.
Әскери кафедраларда оқу үшін ЖОО-ның басшысының ҚР Қорғаныс министрінің келісімі бойынша және қабылдау жоспарына сәйкес өтеулі негізде оқуға, меншік түрі және бағыныстылығына байланыссыз, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің білім беру қызметіне лизенциясы бар, бірақ әскери кафедралары жоқ басқа да ЖОО-ның студенттері тартылады.
Әскери кафедраның қызметін қамтамасыз етуге байланысты ЖОО-ның шығындарын өтеу мақсатында, әскери кафедрада өтеулі негізде оқудың ақысы ЖОО-ы басшысының шешімі бойынша әскери кафедрада мемлекеттік тапсырыс бойынша өтеулі негізде оқудың ақысына қатысты 10 % жоғарылатылуы мүмкін.
Тарихы
Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің бірнеше кафедралары және факультеттері арасында әскери кафедра ерекше орын алады, ол университет түлектеріне, егеменді мемлекеттің әрбір азаматына негізгі мамандық – Отан қорғаушы мамандығын береді.
Қазақ тау-кен институты әлемде соғыстың пайда болу қатері шындық болған жылы құрылды, сондықтан сол кезеңде азаматтық оқу орындарында әскери мамандарды дайындау өзекті мәселе болды.
Институттың алғашқы құрылған күнінен бастап, оның студенттері, оқытушылары және қызметкерлері жалпыға бірдей білім беру желісі бойынша негізгі мамандықтан үздіксіз әскери істі меңгерген. 1940 жылы әскери мамандарды дайындаудың ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында институт қабырғасында әскери істер кафедрасы құрылды.
Әскери істер кафедрасының алғашқы бастығы майор А.С.Дубиль болған, ол Ұлы Отан соғысы жылдарында ұрыс даласында қайтыс болған. Ол инженерлерді әскери дайындауға және жастарды патриоттық тәрбиелеуге зор үлес қосқан. Осының нәтижелері Қазақ тау-кен институтының тәриеленушілері және түлектерінің ерліктері және батырлықтарынан айқын көрінді, ол туралы кітаптың басқа бөлімінде айтылатын болады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери кафедра бастығының лауазымына половник Николай Иванович Осинский – Азаматтық және Ұлы Отан соғысына белсенді қатысушы, курсанттардың алғашқы Кремль мектебінің түлегі (кейіннен Жоғары Кеңес атындағы әскери училище) тағайындалған.
Институттың әскери істер кафедрасы шын мәнінде әскери кадрларды дайындаудың ұстаханасы болған. Тек қана 1944 жылы институт қабырғасында 1499 әскери маман дайындалған. Оның ішінде: кіші командирлер-танкистер – 22 адам, кіші командирлер – автоматшылар – 84 адам, гранатометчиктер – 302 адам, қоян-қолтық ұрысшылар – 70 адам, радист-телеграфшылар – 116 адам, радист-операторлар – 328 адам, жауынгер-шаңғышылар – 337 адам, сапер-полярниктер – 50 адам, жетілдірілген атқыштар – 190 адам.
Әскери істер кафедрасының түлектері Ұлы Отан соғысының майдандарында өз оқу орындарының абыройын жоғары ұстаған және олардың ішінде алтауы:
- Ященко Николай Иванович,
- Засядько Владимир Алексеевич,
- Маркелов Николай Данилович,
- Торопкин Алексей Георгиевич,
- Баймұханов Мұса,
- Губанов Максим Герасимович
көрсеткен ерліктері үшін Кеңестер Одағының Батыры жоғары атағын иеленген.
Жалпы алғанда әскери кафедра құрылғаннан бері31 мыңнан астам запастағы офицер дайындалған. 1946 жылдан 1991 жылға дейінгі кезеңде әртүрлі әскери мамандықтағы запастағы офицерлер – 21544 адам шығарылған. 1992 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде 10000 астам адам шығарылды.
Соғыстан кейінгі жылдары – 1952 жылдан әскери істер кафедрасы институттың әскери кафедрасы болып өзгертілген. Әскери кафедра бастығы болып – ірі әскери басшы, Ұлы Отан соғысының барлық «оты мен суынан» өткен, Ленинград әскери округінің Әскери кеңесінің мүшесі, көптеген жауынгерлік ордендермен наградталған, әскери істің теориясы мен практикасының білімпазы, артиллерияның генерал-майоры Касаткин Николай Степанович тағайындалған. Николай Степанович өте білімді адам болған, оған адалдық интеллекті, адамгершілік, рухани мейірімділік қасиеттер тән болған. Оның сыртқы жинақылығы, сұлулығы және студенттермен, әріптестермен сөйлесу мәнері әруақытта барлығын таң қалдырған. Ол толық мағынасында жастармен – студенттермен, оқушылармен қызықты қоғамдық жұмыстармен айналысқан. Ол олардың пірі болған. Институтта жоғары құрметке және беделге ие болған.
Кафедра артиллериялық бөлімшелер үшін запастағы офицерлерді дайындауға кіріскен. 1961 жылдан бастап кафедра қабырғасында танкіге қарсы бөлімшелер үшін запастағы офицерлерді, 1971 жылдан – әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері үшін запастағы офицерлерді, ал 1978 жылдан – жер үсті артиллериясының инженерлерінқосымша дайындауды бастаған.
Әскери кафедраның округтегі ең жақсылардың бірі болғанын атап өту қажет. Кеңестер кезеңінде бірнеше рет жүлделі орындар алған және Кеңестер Одағының Қорғаныс министрлігінен көтермелеулер алған. Әскери дайындық курсынан өткен біздің институттың түлектері, жоғары кәсіби деңгейі барлар ретінде Кеңестер Армиясының қатарына шақырылған.Кафедраның абыройы Қазақстан тарихында 1965 жылы алғаш рет артиллерия маршалы, Кеңестер армиясының зымыран әскерлері және құрлық әскерлері артиллериясының қолбасшысы К.П.Казаковтың институтқа келуі тамаша фактісімен куәландырылады. Ректорат және институт ұжымы Кеңестер Одағының Маршалы К.П.Казаковты үлкен құрметпен қарсы алуды ұйымдастырған.
Егеменді мемлекет – Қазақстан Республикасының құрылуына және өз Қарулы Күштерімізді құруға байланысты Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің әскери кафедрасы ұжымының алдына аса маңызды тапсырма қойылған.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырауына байланысты мемлекеттердің Қарулы Күштері үшін офицерлік кадрларды дайындаудың бірыңғай жүйесі де ыдырады. Шын мәнінде Қазақстан Республикасының артиллерия әскерлері, Әуе шабылына қарсы қорғаныс әскерлері және РАВ қызметі үшін офицерлік кадрларды дайындайтын жалғыз оқу орны – Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің әскери кафедрасы болды.
Отанның болашақ қорғаушыларын сапалы дайындау үшін 2003 жылдан әскери кафедраға студенттерді конкурстық іріктеу арқылы қабылдау жүзеге асырылды, бұл болашақ офицерлерді кәсіби дайындаудың деңгейін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік берді.
Бүгінде әскери кафедраның көптеген түлектері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бөлімшелерінің командирлері болып табылады және мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту бойынша оларға жүктелген жауапты тапсырмаларды абыроймен атқаруда. Әскери кафедраның 10-нан аса түлегі генерал атағын алды.
Мысалы, генерал-майор Хакимов Шамиль Рафикович, ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының бастығы. 1981 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген, осы әскери кафедрада әскери мамандық алған. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін Хакимов Ш.Р. 2-дәрежелі «Айбын» орденімен, II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» және III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»медальімен наградталған. Генерал-майор Хакимов Ш.Р. ҚазПТИ және әскери кафедрадағы тамаша оқу жылдарын ерекше ыстық ықыласпен еске алады. Атап айтқанда, әскери кафедрадағы оқу оның келешек тағдырын түбегейлі өзгертті және ол өзінің барлық өмірін ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери қызметпен байланыстырды.
Бүгінде самай шашы ағарған, погондарындағы генерал жұлдыздары жарқыраған кезде Шамиль Рафикович әрбір ер азаматтың Қарулы Күштерде әскери қызметтен өтуі тиіс, өзінің Отан алдындағы конституциялық борышын орындауы қажетдеп есептейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-лейтенанты Божко Владимир Карпович – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, 2007 жылдан 2014 жылға дейін. 1971 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген, осы әскери кафедрада әскери мамандық алған. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін Божко В.К. I-дәрежелі «Барыс» орденімен және 2-дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.
Әскери кафедрада болашақ офицерлерді дайындаудың сапасына үлкен көңіл бөлінеді, оқу-материалдық база жетілдірілуде, электронды-есептеу техникасы кеңінен енгізілуде, оқытудың үздік әдістері қолданылады.
Педагогикалық ұжымды әртүрлі кезеңдерде басқарған кафедраның бастықтары кафедраның қалыптасуына және дамуына өздерінің жеке үлкен үлестерін қосқан. Әскери кафедраның (Әскери істер институты) профессорлық-оқытушылар құрамына мынадай адамдар басшылық еткен:
1962 -1966 жылдары - полковник Парнышков С.П.
1966 - 1975 жылдары - полковник Кузьменко В.Г.
1975 - 1988 жылдары - полковник Сивицкий Г.А.
1988 - 1992 жылдары - полковник Агафонов В.Т.
1992 - 1994 жылдары - полковник Кудрин А.С.
1994 -2007 жылдары - полковник Мелишихин С.А.
2007 -2010 жылдары - полковник Бекмуратов Д.М.
2010 -2015 жылдары - полковник Ажимов О.В.
2015 - 2018 жылдары – әділет полковнигі Сағымбеков Т.Т.
2018 -2019жылдары генерал-лейтенант Дарбеков Б.К.
2019-2020 жылдары – запастағы полковник Қайнарбаев Б.Б. бастықтың міндеттерін уақытша атқарған.
2020 жылғы наурыздан институт бастығы запастағы генерал-майор Рысбаев В.Н.
Әскери кафедрада мынадай тәжірибелі кәсіби офицерлер ұзақ жылдар оқытушы болып қызмет атқарған: полковниктер: М.С. Алшанбаев, В.И.Заграничный, А.И. Васильев, Л.И.Степанов, Г.М.Тысленко, Б.М. Эглентал, В.И. Ефимович, В.А.Бузинский, И.А.Подворчан, У.Гаджиев, П.Я.Белощицкий, Г.И.Стеценко, Б.Л.Рубан, А.Я.Купцов, Ш.Ц.Берикашвили, В.К.Андрейченко, В.М.Лесной, К.Т.Сулейманов, Л.И.Степанов, А.В.Антонов, М.В.Горшков, С.М. Мячин, С.П. Подзолков, И.Р. Ибрагимов, А.Н.Линьков, Маленко Ю.Г., Ефремов В.В., Агафонов В.К., Бобков Г.В., Орлов С.В.және басқалары.
Қазіргі уақытта Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ әскери кафедрасында ғылыми-педагогикалық қызметті 42 оқытушы атқаруда. Профессорлық-оқытушылар құрамы және әскери кафедраның қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары білікті запастағы офицерлерін және запастағы сержанттарын дайындауға бағытталған тәрбие, әскери-патриоттық, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды және оқу-әдістемелік қызметті одан әрі жетілдіруге барлық күш-жігерін жұмсауда.
Әскери істер институты
студенттерді келесі әскери-есепке алу мамандықтары бойынша
дайындауды жүзеге асырады:
Әскери-есепке алу мамандықтарының атаулары 1-ші және 2-ші оқу жылы |
Циклдер |
Жер үсті артиллериясының бөлімшелері, бөлімдері және құрамаларын жауынгерлік қолдану; |
Артиллерияны жауынгерлік қолдану циклі |
Минометтік бөлімшелерді жауынгерлік қолдану; |
|
Реактивті артиллерия әскерлері бөлімшелері, бөлімдері және құрамаларын жауынгерлік қолдану. |
|
Жер үсті, реактивті, танкілік және өздігінен жүретін артиллерияның материалдық бөлігін пайдалану мен жөндеу; Байланыс құралдарын пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру; Артиллериялық қару-жарақты пайдалану және жөндеу; Қару-жарақ және әскери техниканы метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру; Қарулы Күштерінде радиоэлектронды күресті ұйымдастыру. |
Техниканы және қару-жарақты пайдалану және жөндеу циклі |
Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың метрлік диапазондағы радиолокациялық кешендерін пайдалану мен жөндеу; |
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс циклі |
Аз қашықтықтағы зениттік зымырандық кешендермен қаруланған әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерін, бөлімдерін және құрамаларын жауынгерлік қолдану; |
|
Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың метрлік диапазондағы радиолокациялық кешендерін қолдану. |
|
Жалпыәскери мақсаттағы ғимараттар және құрылысжайлардың құрылысы және пайдалану; |
Құрылыс және ұшқышсыз ұшу аппараттары циклі
|
Ұшқышсыз ұшу аппараттарының бөлімшелері мен бөлімдерін жауынгерлік қолдану. |
|
Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың әскерлерін басқаруды автоматтандыруды ұйымдастыру; |
Басқарудың автоматтандырылған жүйелері циклі
|
Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың радиотехникалық бөлімшелерін басқаруды автоматтандырылған құралдары бөлімшелерін қолдану; |
|
Киберқауіпсіздік. |