Медициналық орталық
Satbayev University-де 1 медициналық орталық және 1 Жаңа студенттік емхана бар.
1. Медициналық орталық "Satbayev University" құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Медициналық орталықтың негізгі міндеті университеттің білім алушылары мен қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар өткізу болып табылады.
Университет аумағында орналасқан, №206 бас оқу корпусының (ГУК) 2-қабатында орналасқан. Медициналық қызмет көрсету уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін, қабылдау уақыты сағат 09.00 - ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс: сенбі, жексенбі.
Байланыс: тел. 2925780, ішкі.74-23
e-mail medicalcentr@satbayev.university
2. Жаңа "Almaty Clinic" студенттік емханасы университет аумағында орналасқан, № 1 студенттік жатақхананың I қабатында орналасқан: Ғабдуллин көшесі, 1. Медициналық қызмет көрсету уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8.00 - ден 20.00-ге дейін (сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), үзіліссіз. Жұмыс емес күндер-жексенбі.
Емхана тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде осы емханаға тіркелген білім алушылар мен университет қызметкерлеріне профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін қоса алғанда, қолжетімді, сапалы және қауіпсіз қызмет көрсетумен жоғары білікті, заманауи медициналық көмек көрсетеді.
Орталықта қабылдауды: невропатолог, оториноларинголог, гинеколог, уролог, эндокринолог, офтальмолог, хирург, кардиолог, онколог-маммолог және т. б. жүргізеді..
Жұмыс істейді: УДЗ кабинеті, дәрігерге дейінгі кабинет, сүзгі, емшара кабинеті, физиотерапия кабинеті, ЭКГ өткізуге арналған кабинет және стоматолог кабинеті, зертхана, сондай-ақ 6 төсектік күндізгі стационар бар .
Сондай–ақ, емханада жасөспірімдер мен жастарға кешенді медициналық-психоәлеуметтік қызмет көрсететін Жастар денсаулық орталығы бар.
Байланыс деректері:
Call орталығы — +77012121622
WhatsApp — +77714005924
Instagram: @Almaty_clinic
E-mail: Spga1@mail.ru