Автоматика және ақпараттық технологиялар институты

Тарихы

Институтты құрудың басталуы 1962 жылы «Автоматтандыру және телемеханика» және «Есептеу техникасы» кафедралары негізінде «Автоматтандыру және есептеу техникасы» (АжЕТ) факультеті ашылған кезең деп санауға болады. Факультет алғашқы деканы болып, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Джолдасбеков Умирбек Арисланович тағайындалды. Факультеттің декандары болып әртүрлі жылдарда т.ғ.к., доцент В.П. Зуб (1965-1967 жж.), т.ғ.д., профессор Б.Р. Ракишев (1967-1974 жж.), т.ғ.к., доцент Н.Қ. Қожаспаев (1975-1977), ф.ғ.д., профессор У.Е. Сыдыков (1977-1980 жж.) тағайындалған.

1980 жылы студенттер саны мен мамандықтардың күрт көбеюіне байланысты АжЕТ) факультеті екі бөлімге бөлінді: Автоматтандыру және басқару жүйелері (АжБЖ) және Электронды есептеу техникасы (ЭЕТ).

Әртүрлі жылдар бойына АжБЖ деканы болып: бірінші т.ғ.к., автоматтандырылған желілер жүйесі және телекоммуникациялар саласындағы Қазақстан Республикасының алғашқы профессоры Ж.Н. Ниеталин (1980-1986 жж.); т.ғ.д., профессор К.Ш. Асаубаев (1986-1992 жж.); т.ғ.д., профессор М.Ш. Байбатшаев (1992-2000 жж.) тағайындалған.

ЭЕТ факультетінің декандары: У.Е. Сыдыков (1980-1983 жж.); Ж.С. Сарыпбеков (1983-1996 жж.); т.ғ.к., доцент Ш.К Кошимбаев. (1996-2000 жж.).

2000 жылы Информатика және ақпараттық технологиялар институты (ИжАТИ) АжБЖ және ЭЕТ факультеттері негізінде құрылды. Директоры болып т.ғ.д., профессор Г.З. Казиев тағайындалды.

2003 жылы ИжАТ институтының негізінде ақпараттық технологиялар екі институт ұйымдастырылды: (АТ) және автоматтандыру және басқару (АжБ). Г.З. Казиев АТ институты директоры, М.Ш. Байбатшаев АжБ институты директоры болып тағайындалды.

2005 жылыдан 2011 жылға дейін М.Ш. Байбатшаев АҚ директоры қызметін атқарды. 2005-2008 жылдар аралығында Г.З. Казиев АжБ институты директоры болды.

2008 жылы «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының АТ институтының құрамынан АжБ институтына көшірілуі себебінен АжБ институты негізінде Автоматтандыру және телекоммуникациялар институты (АжТИ) құрылды. Институт директоры болып т.ғ.к., доцент А.А. Бейсембаев тағайындалып, бұл лауазымда 2011 жылға дейін жұмыс істеді.

2011 жылы АТ және АжТ институттары негізінде Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты құрылды. Институттың директоры болып т.ғ.д., профессор Б.С. Ахметов тағайындалды, ол осы лауазымда 2017 жылға дейін жұмыс істеді.

2011 жылы университеттің қайта құрылуына байланысты институт құрамына «Автоматтандыру және басқару», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Компьютерлік және программалық инженерия», «Ақпараттық технологиялар», «Информатика», «Математика», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Роботты техника және автоматиканың техникалық құралдары», «Электротехника» кафедралары кірді.

2017 жылдан 2018 жылға дейін институт директоры, инж.ғ.д., профессор Р.И. Мұхамедиев болды.

2018 – 2019 жылдары институт директоры қызметін Умаров Т.Ф. атқарды. Тимур Умаров, Computer Science мамандығы бойынша PhD доктор. King's College London (Великобритания) университетінің түлегі.

2019 жылдың 20 тамызынан бастап институт директоры болып Сейлова Нургуль Абадуллаевна тағайындалды, «Ақпараттарды жүйелік талдау, басқару және өңдеу» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, ассистент профессор. Сейлова Н.А. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін бітірген. 2013-2014 жылдары Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары қызметінде жұмыс істеген. 2014-2019 жылдары «Ақпараттық қауіпсіздік», қазір «Киберқауіпсіздік, ақпаратты өңдеу және сақтау» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

 

Міндеттері мен мақсаттары

Институттың негізгі мақсаты сапалы білім алуды дамытуға, ғылым мен практика жетістіктерін құруға бағытталған ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуына қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Институттың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • білікті кадрларды бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау заманауи талаптарына сәйкес келетін, білім беру процесін, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, инновациялық және азаматтық-патриоттық жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласындағы жалпы мәдени және кәсіби құзыретті білікті мамандар даярлау;
  • ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласындағы ғылыми білімді тарату мен насихаттау, қолданбалы және іргелі зерттеу жүргізу.

 

Миссиясы және стратегиясы

Институт миссиясы заманауи білім беру технологиялары мен факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен оқу-әдістемелік қызметті үздіксіз жетілдіруді енгізу арқылы тұтынушылардың талаптарына сай ІТ-мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Білім беру бағдарламалары
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту