Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасы
Тарихы
Геодезия кафедрасы 1934 жылдың қыркүйек айында құрылды, кафедра меңгерушісі болып доцент Н.С. Старков тағайындалды. 1936 жылы Қазақ тау-металлургиясы институтының (1980 жылдан бері Қазақ политехникалық институты) кафедрасын меңгеруге профессор П.К. Соболевскидің оқушысы доцент П.А. Рыжов шақырылды. 1937 жылы кафедра «Маркшейдерлік іс және геодезия» деген атауға ауыстырылды.
Қазақстанда тау-кен өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты, республика көлемінде тау-кен саласының инженерлік кадрларға мұқтаждық туа бастады, осыған сәйкес П.А. Рыжовтың танытқан бастамасымен 1938 ж ҚПИ тау-кен инженер-маркшейдерін дайындай бастады. 0901 - «Маркшейдерлік іс» мамандығының бірінші студенттері ретінде Шрубко С.А., Ибраев Т.И., Шкурин В.Н., Тихонов А., Темиргалиев У.Т., Рахманова М.Ф., Маковецкий А., Янина Е.Ф., Маслов А., Безлатный Ф., Хаирова С.Ш. атауға болады.
Ұлы Отан соғысы кезінде кафедрада Қазақстанда маркшейдерлік мектебінің негізін құраған белгілі ресей ғалымы КСРО АҒ кор. мүшесі, профессор Н.Г. Келль (жоғарғы геодезия, фотограммметрия), профессор А.С. Хренов (геодезия), профессор Н.С. Осташенко-Кудрявцев (маркшейдер-геодезиялық жабдықтар) сабақ берді.
1943 жылы КСРО ауыр өнеркәсібінің халық комиссарының бұйрығы бойында профессор П.А. Рыжов Москваның тау-кен институтының «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасына меңгеруші болып ауыстырылды, ал кафедра кейін 2 дербес «Маркшейдерлік іс» және «Геодезия» болып бөлінді.
Доцент Л.А.Шрубко (1949-1960 жж.) «Маркшейдерлік іс» кафедрасының меңгерушісі болды. «Геодезия» кафедрасының меңгеруші қызметін атқарғандар: (1943-1957 жж.) доцент Г.Д. Лухтанов, (1957-1971 жж.) доцент Е.П.Мастицкий, (1972-1983 жж.) доцент С.А.Шрубко С.А., (1983-2004 жж.) доцент Б.М.Жарқымбаев., (2004-20014жж.) профессор Ж.Д.Байгурин, (2014-2016 жж) доцент О.А.Сарыбаев О.А.
1988 жылдың қаңтар айында Қазақ ПТИ ғылыми кеңесінің шешімі бойынша «Маркшейдерлік іс» және «Геодезия» кафедралары бірікті де, «Маркшейдерлік іс және Геодезия» кафедра меңгерушісі болып доцент Б.М. Жарқымбаев тағайындалды; кафедра біріккенге дейін 1960-1998 жж. аралығында меңгеруші жұмысын профессор А.Ж. Машанов атқарды.
Кафедра мемлекетіміздің халық шаруашылығына шамамен 1500-дей тау-кен инженер-маркшейдер мамандарын дайындады. Түлектердің ішінде ҚазСР түсті металлургия министрінің орынбасары болып Л.М. Катков, Л.А. Парамонов, тау-кен бірлестінің бас директоры және директорлары болып М.Т. Седов, А. Мәуленқұлов, К.И. Итимгенов, Д.Е. Қакенов, А. Дәуренбеков, А.И. Баяндаров; ірі тау-кен мекемелерінің бас маркшейдерлері болып М.И. Легай, Т.Т. Ибраев, О.С. Исаченко, А.П. Яшкина, А.М. Литвинов, Т. Дәулетбаев, К.А. Амералин, Е.А. Сапақов және көптеген басқалары жұмыс істеді.
Профессор П.А. Рыжов жоғарғы классификациялы мамандарды дайындау мақсатында, 1939 жылы ҚазММИ іргесінде алғашқы болып аспирантураны ашты. Кафедраның және институттың алғашқы аспиранттары болып А.Ж. Машанов, А.К. Каюпов, К.Ф. Ермолаев болды. Одан әрі кафедра түлектері (аспиранттар мен инженерлер) көрнекті ғалымдар болды: ҚР ҰҒА академиктері Ж.С. Ержановпен А.К. Каюпов, ҚР ҰҒА корр.-мүшелері А.Ж. Машановпен Ж.М. Қаңлыбаев, ғылым докторларымен профессор атағын алғандар Н.П. Ерофеев (Краснояркс қ.), С.П. Кудряшев (Кривой Рог қ.), В.Н. Попов (Москва қ.), Р.П. Оқатов (Қарағанды қ.), Г.Г. Поклад (Новосибирск қ.), М.Б. Нурпеисов, Т.К. Қалыбеков, А. Құрманқожаев (Алматы қ.), Т.Т. Ипалаков (Өскемен қ.), Е.А. Сапақов (Жезқазған қ.) және көптеген басқалары. Сондай-ақ көптеген кафедра түлектері мемлекетіміздің көптеген жоғарғы оқу орындарында МГГАУ, ҚазҰТЗУ, КарГТУ, КазГУ, ВКТУ, ЕГУ, КГРИ, ДГИ, КазАТиК ДГМИ, ФПТИ және Алматы, Қарағанды, Семей, Кентау, Жезқазған, Лениногорск, Магадан ж әне т.б. қалалық техникумдарында ұстаз болып жұмыс жасап жатыр. Кафедра кен орындарының геометризациясы, тау жыныстарының механикасы, жер қойнауын қорғау, маркшейдерлік өлшеудің әдістеме және техникасы бойынша зерттеулер жүргізді.
Еліміздің халық шаруашылығының дамуы мен ғылыми-техникалық жетістіктері тау-кен кәсіпорындарының маркшейдерлік жұмыстарының одан әрі жақсартуының қажеттілігіне әкелді, бұл жағдай кафедрадан оқу және ғылыми-зерттеу жұмысына түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етті. Кафедра инженер-маркшейдерлерді даярлауда тек қажетті теориялық білімін қорын арттыру ғана емес, ол білімді практикалық жұмыста, өз бетімен күрделі инженерлік мәселелері талдай білуге, еліміздің техникалық саясатын дұрыс түсінуге және тиіс ұйымдастырушылық дағдылары арттыруды талап етті.
Оқу процесінде келесі мәселелердің үлес салмағын артыру кажеттілігі: тау-кен жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау, жер қойнауын қорғау және жер қойнауының геометриясы.
Оқытушылар жекелеген пәндері бекітілед. Барлық оқылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды, оқулықтар мен кафедра қызметкерлерінің монографиялар жарыққа шығару болып отыр.
Мақсаттар және міндеттер
Білім бөліміндегі кафедра мақсаттары: оқу процессінің негізінде негізгі және қосымша инженерлік-техникалық білім беру бағдарламаларын құру, ҚР жұмыс нарығында талап етілетін мамандарда кәсіби және мәдени құзыреттін қалыптастыру; маркшейдерлік жұмыс, картография және геодезия саласында фундаменталды білім бөлімінде қолданбалы зерттемені трансформациялау; оқу қызметіне инновациялық технологияларды енгізу; жоғары білікті мамандар даярлауда ғылыми жетістіктерді ұсыну, тау-кен өндірістеріне табысты кіруге, өмірлік ұстанымы бар, Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты, халықаралық қоғамдастықтармен жетілдіру мәселелері бойынша қазіргі заманғы үздіксіз кәсіби білім беру жүйесі дамыту.
Кафедра өз жұмысының даму болашағын университеттің "Кешенді мақсатты бағдарламасымен" ҚР Елбасы Н.А. Назарбаевтың қойған міндеттерімен және Қазақстан халқына жолдауындағы "Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан" байланыстырады.
Кафедраның жұмысын дамыту бойынша қарастырылған негізгі мақсаты деп санаймыз:
- материалдық базасын нығайту және қазіргі заманғы сай оқу-ғылыми-өндірістік зертханалар құруда, яғни заманауи құралдарды жеткілікті мөлшерде сатып алу және зертханаларды жабдықтау;
- оқу жұмыс үдерісін қамтамасыз ету үшін, үш тілде шыққан оқу-әдістемелік әдебиеттерім ен қамтамасыз ету;
- кафедра біліктілігін арттыруда "Геодезия және картография", "Маркшейдерлік іс" мамандығының ПОҚ жоғары оқу Орындарында және кәсіпорындарының алыс және жақын шет жерлері жіберу;
- кеңейту ғылыми және педагогикалық байланыстар халықаралық деңгейде арқылы студенттер мен ПОҚ;корпоративтік мәдениет деңгейін арттыру ;
- ПОҚ және студенттері арқылы кафедраның халықаралық байланыс деңгейін арттыру;
- кеңейту ғылыми және педагогикалық байланыстар халықаралық деңгейде арқылы студенттер мен ПОҚ;
- оқу және өндірістік практикаларының қаржыландыру көлемін ұлғайту.
Миссия және стратегия
МІжГ кафедрасының миссиясы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ гүлденуіне толықтай үлес қосып қоғамның интеллектуалды және кәсіби дамуына техникалық біліммен жаңа ұрпақты дайындауына қосқан үлесі болып табылады.
Бұл үшін кафедра геодезия және картография, тау-кен ісі саласындағы автоматизацияланған компьютерлік жүйе, инновациялық оқу технологиялар көмегін қолданып, жеке тұлғаның интелектуалды және кәсіби даму қажеттілігін дамытуға бағытталған оқу, ғылыми зерттеу, тәрбиелік, кәсіптік бағдарлық, консалтингтік қызметті жүзеге асырады.
Кафедраның білім саласында стратегиясы төмендегідей анықталады: жоғары квалификациялы мамандарын дайындауда заманауи формалар мен әдістерді іздеу; зерттеу әдістерін оқыту, кадрлық потенциалды күшейту арқылы кафедраның инженерлі-техникалық мектебін дамыту; аймақтық ЖОО-ның бәсекелестiгi шарттарындағында бiлiм беретiн бағдарламаларды студенттiк құраммен қамтамасыз ету белсендi кәсiби бағдарлау мақсаттарында жұмыс. Қазақстан индустриясы үшiн бакалаврлар, магистрлер және PhD докторлардың заманауи үлгісі қосымша білім процесіне инновациялық технологияларды енгізу.
Ақпараттық технологиялар және заманауи техникалық тапсырма амалдарын коммуникативті, зерттейтін және аналитикалық шешім қолдана алатын кәсіби құзыреттердің жоғары деңгейін қамтамасыздандыратын, бағалау индикаторларын, кадр қызметкерлерінің жетістіктер тәсілін құру.
Білім беру бағдарламалары
-
Бакалавриат
-
Магистратура
-
Докторантура
-
Қашықтықтан білім беру