МжПҚБ мамандығының түлектері

МжПҚБ кафедрасының ерекше мақтанышы және жетістігі (құқықтық мирасқоры ТММ және АММиПҚБ кафедрасы) түлектер болып табылады, олардың арасында тау-кен металлургия саласының көрнекті ғалымдары мен кәсіпорын басшылары, министрлер, ректорлар және Қазақстан Республикасының әртүрлі қайраткерлері бар. Ғылым мен техника саласындағы ерен еңбегі үшін 19 түлекке КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен ҚазКСР 9 мемлекеттік сыйлығы берілді. ҚР ҰҒА-ның көрнекті ғалым-металлургтері, академиктері: Е.А. Бөкетов, Р.А. Исакова, Л.П. Ни, Н.С. Бектұрғанов; ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі: И.А. Онаев, Б.Б. Бейсембаев, Н.А. Байтенев, И.Р. Полывянный.

Көптеген түлектер Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсіп саласының  жетекші кәсіпорындарында ірі басшылық қызметтер атқарды:  ӨҚМ комбинат директоры, екі дүркін Еңбек Қызыл Ту орденінің кавалері, Халық Қаһарманы А.С. Куленов; ӨТМ комбинатының директоры, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту орденінің кавалері М.К. Байбеков; «Южполиметалл өнеркәсіп корпорациясы» АҚ президенті Т.К. Асамбаев; "ӨТМК" АҚ президенті, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Отан» ордендерінің кавалері Б.М. Шаяхметов; ӨҚМ комбинат директоры Н.С. Касенов; Жезқазған мыс балқыту зауытының директоры, т.ғ.д., «Құрмет» орденінің кавалері К. Д. Телешев және т.б.

Кафедра түлектері арасында Қазақстан Республикасының 3 министрі (Б.Б. Атамқұлов – бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Н.С. Бектұрғанов – бұрынғы Білім және ғылым министрі, Н.А. Ысқақов – бұрынғы Экология және қоршаған ортаны қорғау министрі), ҚР жоғары оқу орындарының 2 ректоры (Ақтау мемлекеттік университетінің бұрынғы ректоры - А.А. Әбжаппаров және Қостанай мемлекеттік университетінің бұрынғы ректоры – Х. Х. Валиев) болды.

Қазіргі уақытта кафедраның мақтанышы: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кешенді технологияларды дамыту және инвестицияларды жоспарлау департаментінің директоры Оспанов Е.А., «KAZ Minerals» ЖШС Бас байытушысы Жетібаева Ұ.Қ., «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Қызылқұм» ЖШС Бас директоры Айдүйсенов Б.А., «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Перспективалы кен орындарын дамыту департаментінің директоры Арынов А.К., «Тектұрмас кварциттері» ЖШС Бас директоры Абенов Н.А., «Қазгидромедь» ЖШС директорының ғылым жөніндегі орынбасары Қорабаев А. С., «Валенторлық мыс карьері» ЖШҚ бас директоры Козлов М.Н. «Gurvansaikhan» ЖШС (Монғолия және Чехославакия) техникалық директоры  Батталов Е.О., Директор по производству «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»  «БК Катко» ЖШС (ҚР) және Orano (Франция) өндіріс жөніндегі директоры Мәсімханов Ұ., «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» «Семизбай-U» ЖШС Ирколь кенішінің (ҚР) и CNGP (Қытай) бас инженері Калымбетов Ж., «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Катко БК» ЖШС өндіріс басқармасы бастығының орынбасары (ҚР) және Orano (Франция) Қарахан А.,  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Катко БК» ЖШС Технология қызметінің бастығы (ҚР) және Orano (Франция) Қалмұқамбетов, Басқарма мүшесі - Өндіріс жөніндегі бас директор, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қ.А. Омарбеков және т. б.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту