«Сандық технологиялар және машина жасау» зертханасы
«Машинажасаудағы цифрлық технологиялар» зертханасы (МЦТЗ) КЕАҚ «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университеті» ректорының 2017 жылғы 20 маусымдағы №281-П бұйрығымен Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын МИИБ-2 іске асыру мақсатында құрылды. КЕАҚ «Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университеті» құрылымдық бөлімі болып табылады және «Автоматтандыру және басқару» кафедрасына бекітілген.
МЦТЗ қызметінің негізгі бағыты аккредиттеу аясына сәйкес өлшеу құралдарын тексеру болып табылады.
МЦТЗ мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау және аккредиттеу аясына сәйкес бөгде ұйымдарға қызмет көрсету.
МЦТЗ міндеттері:
- аккредиттеу аясына сәйкес қызмет көрсету мақсатында бөгде ұйымдарды және ғылыми жұмыстарға болашағы зор жас ғалымдарды тарту;
- машина жасаудағы автоматтандыру және роботтандыру саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
- бөгде ұйымдарының тапсырыстары мен ғылыми бағдарламалар шеңберінде аккредиттеу саласына сәйкес өлшеу құралдарын тексеру.
Байланыс
Зертхана жетекшісі Қадыр Гулинур Алымжанқызы
Тел.: 8 (705) 279 14 15
e-mail: g.kadyr@satbayev.university
Білім беру бағдарламалары
-
Бакалавриат
-
Магистратура
-
Докторантура
-
Екінші жоғары білім