Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
20 маусым 25

AP19175313 Белгісіздік жағдайында бассейндік модельдеу негізінде Шу-Сарысу алабы Тасбұлақ ойпаты палеозой шөгінділерінің көмірсутектік жүйелерін талдау және мұнай-газ әлеуетін бағалау

Жоба өзектілігі

Шу-Сарысу бассейні Қазақстанның жалғыз басым газды бассейні болып табылады, алайда оның көмірсутек әлеуеті жеткілікті зерттелмеген. Қазіргі заманғы геологиялық барлау әдістері, соның ішінде 2D сейсмикалық барлау және компьютерлік бассейндік модельдеу деректердегі олқылықтардың орнын толтыруға және мұнай-газ жинақтаудың перспективалы аймақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу елдің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру және оның энергетикалық секторын дамыту үшін маңызды болып табылатын төмен көміртекті энергия көздерін іздеу мен игеру тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жоба мақсаты

2D сейсмикалық, терең бұрғылау және геохимиялық мәліметтердің минималды мөлшердегі деректері негізінде Тасбұлақ ойпатының палеозой шөгінділері кешені шегінде көмірсутекті жүйелердің қалыптасу тарихын қайта құру және көмірсутек ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтау.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер

 

Зерттеулер нәтижелері бойынша Тасбұлақ ойпатының орта-жоғарғы палеозой шөгінділерінің құрылымы, формациялық құрамы, көмірсутектердің генерациясы туралы жаңа көзқарастар дәлелденді. Алғаш рет орта-жоғарғы палеозой шөгінділерінде, осы ойпаттың 3D моделі негізінде деформацияланбаған немесе сәл деформацияланған көмірсутекті жүйелердің таралуымен және теңіз немесе көл жағдайларында түзілген конформды шөгінділерімен сипатталатын солтүстік-шығыс бағытында созылған ірі Орталық Тасбұлақ білігі анықталды. Бұл негізінен бастапқы көмірсутек әлеуетінің сақталғанын көрсетеді. Бұл білік шегінде карбонатты құрылымдардың дамуы (рифтік тип) болжанады. Сонымен қатар, принципиалды ғылыми жаңалық ретінде Тасбұлақ ойпатының квазиплатформалық қабатының шөгінді тау жыныстары жоғары газ-мұнай әлеуетіне ие деген тұжырымдамасы қарастырылады. Бұл тұжырымдама сүзу және сыйымдылық қасиеттері бар қабаттардың дамуымен, регионалды және зоналды хемогендік және сульфатты-аргиллиттік экрандардың үлкен қалыңдығымен және газ-мұнайды генерациялайтын тау жыныстарының таралуымен расталады.

Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер

Жумагулов Алмас Серикбаевич

Жарияланымдар тізімі (URL, DOI көрсетілген)

Исмаилова Д. А., Жумагулов А. С. Геолого-геофизические исследования и поисково-разведочное бурение палеозойских отложений тасбулакского грабена.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту