Сәтбаев университетіндегі AI-Sana
AI-Sana: Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту жөніндегі ұлттық бағдарлама
AI-Sana – студенттердің жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін арттыруға, стартаптарды қолдауға және жаңа буынның технологиялық экожүйесін қалыптастыруға бағытталған ауқымды мемлекеттік бастама. Бағдарлама ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының, соның ішінде Satbayev University-дің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.
Бағдарламаның мақсаттары:
- 650 000 студентті жасанды интеллект негіздеріне үйрету;
- 100 000 студентті стартап жобаларға дайындау;
- 1 500 MVP жобасын әзірлеп, акселерация кезеңіне жеткізу;
- Жаһандық әлеуеті бар жасанды интеллект экожүйесін құру.
Бағдарлама Stanford University, Huawei, Coursera, Astana Hub сынды жетекші білім беру платформалары және технологиялық компаниялармен әріптестік негізінде жүзеге асырылады.
Satbayev University-дің рөлі
Satbayev University – AI-Sana бағдарламасын жоғары білім беру жүйесіне енгізетін 27 «тірек» университеттің бірі. Университет Huawei ICT Academy курстарын және өзінің авторлық бағдарламаларын қазақ және ағылшын тілдерінде ұсынады.
AI-Sana бағдарламасы мықты негіз қалайды: базалық курстар студенттердің ауқымын кеңейтіп, кейін оларды практикалық жобаларға, тереңдетілген оқуға және стартап акселерациясына жетелейді. Бүгінде Satbayev University-де жасанды интеллектке арналған 20-дан астам оқу бағдарламасы енгізілген, оқу үдерісінде AI-агенттер қолданылады және университеттің өзі әзірлеген кең ауқымды курс іске қосылған.
1. Search and AI General Course
Мақсаты:
Huawei компаниясының HCIA AI сертификатына үміткер студенттерді іздеу алгоритмдері мен жасанды интеллект негіздерімен таныстыру.
Студенттер үйренген дағдылар:
- Іздеу алгоритмдерінің (тереңдікке, ендікке іздеу, эвристикалық іздеу) жұмыс істеу қағидаларын түсіну;
- Бұл әдістердің машиналық оқыту және ИИ-мен байланысын ұғыну;
- Ойын сценарийлерін жобалап, алгоритмдер арқылы оңтайлы шешімдер табу.
Практикалық қолдану:
- Ойын және бизнес логикада шешім қабылдауды автоматтандыру;
- Зияткерлік агенттердің прототипін әзірлеу;
- ИИ мен машиналық оқытуға арналған күрделі тапсырмаларға дайындық.
Қазақ тілінде – 1 626, орыс тілінде – 372 студент оқуды аяқтады.
2. Overview of AI
Мақсаты:
Жасанды интеллекттің тарихы, негізгі бағыттары мен болашағы жайлы анимация мен өмірлік мысалдарға сүйеніп, қызықты форматта түсіндіру.
Студенттер үйренген дағдылар:
- ИИ-дің даму кезеңдерін, тарихи хронологиясын меңгеру;
- Негізгі бағыттармен танысу (машиналық оқыту, нейрондық желілер, сараптамалық жүйелер және т.б.);
- ИИ енгізудің этикалық және әлеуметтік аспектілерін талдау.
Практикалық қолдану:
- ИИ шешімдерінің мүмкіндіктерін сыни тұрғыдан бағалау;
- Әртүрлі салаларда ИИ енгізу стратегиясын әзірлеу;
- Цифрлық трансформация тұжырымдамаларын құру.
Қазақ тілінде – 985, орыс тілінде – 278 студент оқудан өтті.
3. Artificial Intelligence Technology and Applications
Мақсаты:
Машиналық және терең оқыту әдістерін практикалық тұрғыда қолдана алатын дағдыларды қалыптастыру.
Студенттер үйренген дағдылар:
- Машиналық оқыту алгоритмдерін меңгеру (регрессия, классификация, кластеризация);
- Жай персептроннан бастап терең нейрондық архитектураларға дейінгі жүйелермен жұмыс істеу;
- Деректерді даярлаудан бастап модельді енгізуге дейінгі толық жобаларды орындау.
Практикалық қолдану:
- ИИ қосымшаларын әзірлеу: компьютерлік көру, табиғи тілдерді өңдеу, ұсыным жүйелері;
- AI жобаларына техникалық тапсырма дайындау және прототип жасау;
- Ірі ИИ жобаларын жоспарлау мен жүзеге асыруға қатысу.
Қазақ тілінде – 85, орыс тілінде – 25 студент білім алды.
Авторлық курс: «Баршаға арналған жасанды интеллект»
Бұл курс Satbayev University тарапынан әзірленіп, екі тілде қолжетімді. Қазірге дейін бұл курсты 12 мыңнан астам адам, соның ішінде 654 оқытушы аяқтады. Оқу мазмұны инженерлік және қолданбалы міндеттерде ИИ-ді нақты қолдануға бағытталған.
Ресурсы по программе AI-Sana