Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
20 маусым 58

AP19676884 «Құрылымы күрделі массивтен кенді игеру кезінде жарылыс қуатының параметрлерін басқару арқылы тау-кен массасын ұсақтаудың тиімді әдістерін жасау»

Жоба өзектілігі

Құрылымы күрделі және жарықшақтары көп кен массивтерін игеру елеулі инженерлік-техникалық қиындықтар туғызады. Тау жыныстарының тұрақсыз физика-механикалық қасиеттері мен жарықшақтылықтың жоғары деңгейі дәстүрлі бұрғылау-жару әдістерінің тиімділігін төмендетеді. Осыған байланысты жарылыс энергиясын басқарудың ғылыми негізделген әдістерін әзірлеу – тау-кен жұмыстарының өнімділігін арттыру мен шығындарды азайту үшін өзекті мәселе болып табылады.

Жоба мақсаты

2024 жылға арналған жұмыстың мақсаты теориялық және тәжірибелік зерттеулерге, газ-динамикалық процестерді модельдеу және жарылғыш зат зарядтарының конструкцияларын оңтайландыруға негізделген күрделі құрылымды және қатты жарықшақталған таужыныстары массивін қопару үшін жарылыс энергиясы мен бұрғылау-жару жұмыстарының параметрлерін бақылау әдістерін жасау болып табылады.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер

Жарықшақталған массивтерде таужынысының қопарылысы кезінде заряд жарылған мезетте жарылыс энергиясы барлық бағыттарда біркелкі таралады, бірақ бұзылу аймақтарынан тыс жерде кернеу тез төмендейді. Жарылыс өнімдері ашық беттерге шоғырлы түрде әсер етеді, бұл қосымша бұзылуға әкелуі мүмкін. Қысым мен кернеуді есептеу үшін төрт ось бойымен зарядтың ауырлық центріне бағытталған эквивалентті нәтиже күштері бар модель жасалды. Заряд камерасындағы газ-динамикалық процестерді модельдеу құрылымы күрделі, қатты жарықшақталған массивтерді қопару кезінде газ-динамикалық тығындарды қолдану детонация өнімдерінің 10-15 мс кешігуін қамтамасыз ететінін көрсетті, бұл өз кезегінде ұңғыманың қабырғаларына жоғары қысымның ұзақ уақыт әсер етуіне алып келеді. Қопарылу аймақтарының өлшемдері заряд ұзындығының ұлғаюымен өсетіндігі анықталды, бұл жарылыс сұлбаларын жобалау кезінде, әсіресе жарықшақты тау жыныстарында геологиялық шарттарға байланысты қопарылыс аймақтарының мөлшері мен пішіні әртүрлі болып өзгеретін кездерде ескерілуі керек. Зерттеулер көрсеткендей, 0,75 ұңғыма тереңдігіне немесе 0,85 кемер биіктігіне тең заряд ұзындығы жоғары сапалы ұсақтау және максималды қопарылыс көлеміне қол жеткізу үшін ең тиімді болып табылады. Алынған нәтижелер негізінде қопару аймақтарының радиустары мен бұзушы кернеулердің шамасы арасында байланыс орнатылып, қопарылыс радиусын анықтаудың эмпирикалық формуласы ұсынылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту