AP19679572 «Тауарлық өнімдерді ала отырып болат балқыту өндірістерінен алынатын мырыш шаңын кәдеге жаратудың жаңа технологиясын әзірлеу»
Жоба өзектілігі
Қорғасын мөлшері жоғары мырыш шаңын өңдеудің тиімді технологиясы болмағандықтан, олар өндірістік ауқымда қолданылмайды және үлкен көлемде жиналады. Әзірленген технология құрамында қорғасын бар мырыш шаңын өңдеуге қатыстыру арқылы Pb, Zn және болат өндірісінің дамуын ынталандырып, жоғары өзіндік құны бар тауарлық өнімдер алуға мүмкіндік береді. Құрамында қорғасын бар мырыш шаңын өңдеу өндірісін дамыту, олардың дәстүрлі өндірісінде тауар өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге оң әсерін тигізіп, экспорттық потенциалын арттырады.
Жоба мақсаты
Клинкерден мырышты кальций хлоридымен күйдіру арқылы бөліп алудың физика-химиялық негіздерін зерттеу. Клинкерден мырышты бөліп алу бойынша технологиялық тәжірибелер. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілді: Клинкерде металдар қандай қосылыстар ретінде кездесетіндігіне зерттеу жүргізілді; тауарлық мырыш шаңын алу үшін клинкерді өңдеу әдісін таңдау және негіздеу жүргізілді; клинкер құрамындағы компоненттердің кальций хлоридімен қатты фазалық өзара әрекеттесуінің термодинамикалық талдауы жүргізілді; температура, тотықсыздандырғыштардың шығыны мен процестің ұзақтығының клинкерді кальций хлоридімен күйдіру өнімдерінде мырыш пен қоса жүретін металдардың бөлініп таралуына әсерін зерттеу бойынша зертханалық тәжірибелер жүргізілді; алынған нәтижелерге баға берілді; тауарлық өнімдерді алу мақсатында мырыш шаңын өңдеуге арналған жалпы технологиялық схема құрылды.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Нәтижелер: Клинкерде металдар қандай қосылыстар түрінде кездесетіндігі бойынша жаңа мәліметтер алынды. Мырыш бар клинкерді өңдеуге қатысты жаңа ғылыми тәсілдер негізделді; клинкерді кальций хлоридімен қатты фазада күйдіру жағдайында мырыш пен ілеспе металдардың бөлініп таралуы бойынша жаңа деректер алынды; процестің өнімдері арасында металдардың бөлінуі бойынша жаңа мәліметтер алынды; қара және түсті металлургия шаңынан қорғасын мен мырышты алуға арналған технологиялық схема әзірленді. Жаңалығы: клинкерде мырыштың жоғары мөлшері анықталды – 50%-ға дейін. Клинкерде мырыш оксид түрінде, аз мөлшерде (~1%) мырыш хлориді түрінде кездеседі. Қорғасын толығымен оксид түрінде ұсынылған. Клинкердегі темірдің 90%-ы вюстит түрінде және аз мөлшерде (~0,2%) хлорид (FeCl₃) түрінде бар. Клинкерді CaCl₂-пен қатты фазада күйдіру жағдайында мырыш, қорғасын және ілеспе металдардың өзгерісі бойынша жаңа мәліметтер алынды. Мырыш оксидін кальций хлоридімен тотықсыздандырудың сатылы механизмі арқылы мырышты оның хлориді түрінде ұшқындарға селективті түрде алу мүмкіндігі анықталды. Клинкерді CaCl₂-мен жоғары температурада күйдіру кезінде мырыш пен қорғасынның өнімдер арасында алыну-бөлінуі бойынша жаңа мәліметтер алынды. Клинкерді кальций хлоридімен бірге жоғары температурада күйдірудің оңтайлы параметрлері анықталды: t=900 °С, τ=60 минут, CaCl₂ шығыны стехиометриялық қажетті мөлшерден 1,3 есе артық. Мырыштың ұшқындарға алыну дәрежесі 98,9% құрады.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Научный руководитель - Қойшина Гүлзада Мынғышқызы
Жарияланымдар тізімі
- Dosmukhamedov N. K. et al. Enlarged laboratory experiments of ferrous metallurgy dust sintering with calcium chloride //Kompleksnoe Ispolzovanie Mineralnogo Syra= Complex use of mineral resources. – 2025. – Т. 335. – №. 4. – С. 59-66.
- Koishina G. M. et al. Извлечение цинка из пыли от электродуговых печей путем высокотемпературного хлорирующего спекания //Engineering Journal of Satbayev University. – 2024. – Т. 146. – №. 4. – С. 8-15.