AP23485052 «Түпкі кенорындар кендерінде, құм шашылымдарында және оларды қайта өңдеу өнімдеріңдегі жұқа және наноөлшемді алтынды зерттеу әдістемесін әзірлеу»
Жоба өзектілігі
Бұл жобаның тиімділігі түпкі, шашыраңды кен орындарында және мору қыртыстарында жұқа және нано өлшемді алтынды анықтау әдістемесін әзірлеу арқылы алтын қорының өсуінен көрінеді.
Жоба мақсаты
Осы жобаның мақсаты түпкі кенорындар кендерінде, шашылым құмдарында және оларды қайта өңдеу өнімдерінде жұқа және наноөлшемді алтынды (ЖНА) зерделеу әдістемесін әзірлеу болып табылады, бұл алтынның дисперсті сеппесін анықтау сұлбасын әзірлеуге және Қазақстан Республикасының алтын қорын ұлғайту үшін оны алу көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Зерттеудің негізгі нәтижесі шашыраңқы металдың көптеген дәндерінің бетінде және бос күйінде орналасқан алтын нанобөлшектерін табу болды. Қазіргі уақытта наноөлшемді алтынды зерттеудің тиімді әдістемесін қолдану мәселесі ерекше өзекті болып отыр, бұл әсіресе «дәстүрлі емес» деп аталатын объектілерді зерттеу кезінде маңызды, мұндай объектілерде алтынның өлшемі 100 мкм-ден аз бөлшектері кездеседі. Асыл металл дәндерінің гранулометриялық спектрінде 10 мкм-ден аз бөлшектер айтарлықтай үлесті құрайды, оларды қарапайым микроскоппен ажырату қиын. Мұндай бөлшектердің болуы объектіде одан да ұсақ бөлшектердің бар екенін көрсетеді, олар қазіргі уақытта қолданылатын технологиялармен алу қиын. Бұл мәліметтер объектідегі алтынның нақты мөлшері бастапқыда бағаланғаннан айтарлықтай жоғары болатынын дәлелдейді.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Ғылыми жетекшісі Омарова Гульнара Магаувьяновна