Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Ақымбек Съезд Шардарбекұлы

Ақымбек Съезд Шардарбекұлы

Қауымдастырылған профессор

Жобаларды басқару институты

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Email: s.akymbek@satbayev.university

Кәсіби өмірбаяны

1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік бітірген. Сол жылы жас маман ретінде аталған оқу орнына оқытушылыққа қабылданды. 2003 жылы 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша «П.М.Мелиоранский және қазақ тілі фонетикасы» тақырыпта филология ғылымдарының кандидаты (PhD) дәрежесін алу үшін диссертация қорғайды. 2003-2014 жылдары Қазақ филологиясы кафедрасының доценті. 2014-2018 жылдар аралығында Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі. 2018 жылдан ҚХР Минзу университеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ассистент-профессоры. 2020 жылдан бастап Сәтбаев университетінде жұмыс істейді.

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (1989-1994)