Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Басқанбаева Динара Жұмабайқызы

Басқанбаева Динара Жұмабайқызы

Ph.D. докторы

Директордың орынбасары

Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты

Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы

Email: d.baskanbayeva@satbayev.university

H-index:
9

Докторанттардың саны:
5

Кәсіби өмірбаяны

Басқанбаева Динара Жұмабайқызы 1997- 2002 жылдар аралығында  Қ. И. Сәтбаев атындағы  "Қазақ ұлттық техникалық университетінің  "Мұнай-газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары" мамандығы бойынша толық 5 жылдық оқуды тамамдаған. 2011 жылдан 2013 жылдар аралығында Қызылорда қаласында орналасқан Қорқыт Ата атындағы ҚМУ - нің  "Технологиялық машиналар және жабдықтар" кафедрасында магистратура оқып, техника ғылымдарының магистрі атағын алған.   2002 жылдан 2017 жылдар аралығын" Технологиялық машиналар және жабдықтар"кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарған.  2017 жылдың маусым айынан 2021 жылға дейін  (Satbayev University) Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ - нің  "Технологиялық машиналар мен  жабдықтар" кафедрасының оқытушысы қызметінде болды. 2018 жылдан 2021 жылдар аралығында 6D070700 "Тау-кен ісі"мамандығы бойынша докторантураны аяқтап, диссертациясын сәтті қорғап шықты. 01.09.2021 - 31.08.2024  ж. аралығында "Энергетика және машина жасау " институтының ғылыми бағыты бойынша директор орынбасары қызметін абыроймен атқарды. 01.09.2024 ж. бастап - "Технологиялық машиналар және жабдықтар" кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 50-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде Scopus MDPI (multidisciplinary digital Publishing Institute, Naukovyi Visnyk NHU, Mining of Mineral Deposits, Eastern-European Journal of Enterprise) дерекқорындағы рецензияланған журналдардағы 18 мақала. Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда 13 мақала; РИНЦ ұсынған журналдарда 1 мақала; халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда 18 баяндама, оның ішінде үшеуі шетелде (Румыния); 5 түрлі елдің жетекші ғылыми журналдарындағы мақалалар, сондай-ақ 10 Қазақстан патенттері, 2 - ЕАПО патенті бар. ҚазҰТЗУ КЕАҚ ұсынған бір монография, шет елде жарық көрген бір ұжымдық монография бар. Қ. И. Сәтбаев. Хирш Индексі -9 (Scopus). WOS – 4 (Web of Science). ХАА академигі (Алматы. 29.06.2022 ж. № 2716 хаттама). "Физика-техникалық институт" ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі (Алматы. 14.05 № 4 хаттама. 2024). 2024-2026 және 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған жобаларға ғылыми сараптама жүргізу үшін ҰҒТО сарапшысы. Магистранттар мен докторанттардың диссертациялық жұмыстарының ғылыми жетекшісі болып табылады. Соңғы 3 жылда Динара Жұмабайқызының жетекшілігімен 3 философия докторы (PhD) және 1 техника ғылымдарының магистрі дайындалып, диссертецияларын сәтті қорғады.

Білімі

1997-2002 жж. ҚазҰТУ. Қ.И. Сәтбаев. «Мұнай газ өнеркәсібінің машиналар және жабдықтар» кафедрасы. Мамандығы: Инженер-механик. ЖБ 0039978

2011-2013 жж. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ. 6М0724 - "Технологиялық машиналар және жабдықтар", техника ғылымдарының магистрі. ЖООК –М №0046928

2018- 2021 жж. ҚазҰТЗУ Қ.И. Сәтбаев. 6D070700 - «Тау-кен ісі», Доктор  PhD. PhD. 00021443927.