Чалимбаева Анеля Дархановна

Чалимбаева Анеля Дархановна

Тьютор

Жобаларды басқару институты

Шет тілдер кафедрасы

Email: a.chalimayeva@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

Еңбек жолын 2015 жылдан 2016 жылға дейін No72 орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс жасадым.

2017 жылдан 2018 жылға дейін TELC компаниясында курстардағы студенттерді IELTS-ке дайындаумен айналыстым.

2018 жылдан 2019 жылға дейін Қазақ-Ресей Медициналық Колледжінде (КРМК) ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істедім.

2019 жылдан 2020 жылға дейін «Бөбек» РГКП ННПООЦ Тұлғаның Үйлесімді Дамуына бағыт алған С.А. Назарбаева атындағы «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінде ағылшын тілі және сабақтас пәндердің оқытушысы болып жұмыс істедім. Қазіргі таңда Қ.И. Сәтбаев атындағы Ұлттық Техникалық Университетінде ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде жұмыс атқарудамын.

Білімі

2018-2020 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Мамандық: Шетел тілдері филологиясы. Дәреже: Филология ғылымдарының магистрі.

2013-2016 жж. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті. Мамандығы: Шетіл тілі: Екі Шетел Тілі. Мамандығы: Ағылшын және неміс тілдері мұғалімі.

 

Ғылыми жобалар

Қазақстан Республикасының білім беру дискурсындағы ағылшын-американдық кірме сөздер

Болашақ шетел тілі мұғалімнің металингвистикалық құзыреттілігінің когнитивті компонентін қалыптастыру процесіндегі инфокоммуникациялық технологиялар маңыздылығы

Жарияланымдар

Қазақстан Республикасының білім беру дискурсындағы ағылшын-америкалық кірме сөздері: жағдайы, болашағы

Ағылшын тілі мәдениетаралық қарым-қатынас тілі ретінде - техникалық университетте ағылшын тілін оқыту сапасын арттырудың жаңа ресурсы