Молдабеков Мурат Сманович
Ph.D. докторы
Қауымдастырылған профессор
Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты
Мұнай инженериясы кафедрасы
Email: m.moldabekov@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Молдабеков Мұрат Сманұлы – Phd, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Мұнай инженериясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 1998 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін үздік бітірді. 1998-2002 жылдары Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» ААҚ-да оператор, ұңғымаларды жерасты жөндеу цехында бригадир, мұнай-газ өндіру цехында инженер-технолог, мұнай-газ өндіру цехында мұнай-газ өндіру басқармасы технологиялық бөлімінде жетекші инженер-технолог болып жұмыс істеген. «Өзенмұнайгаз» ААҚ-да жұмыс істеген кезінде Молдабеков М.С. өзін мұнай-газ саласының жоғары білікті маманы ретінде көрсетті. Түрлі төтенше жағдайларда пайдалану ұңғымаларын пайдаланудың дұрыс шешімдерін тауып, ұңғымаларды өндіруді арттыруға және Өзен және Қарамандыбас кен орындарын пайдалануды оңтайландыру үшін әртүрлі жаңа технологияларды енгізуге қатысты.
2002 жылдан бастап Қ.И Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Ұңғымаларды бұрғылау технологиясы және жабдықтары» кафедрасында жұмыс істеді.
2003-2005 жылдар аралығында конкурс комиссиясының шешімімен Қазақстан-Британ техникалық университетінде геодезия, геология, геофизика және мұнай-газ ісі кафедраларында оқытушы болып жұмыс істеді. ҚБТУ-да жұмыс істеген жылдары ол «Мұнай ісі» кафедрасын құруға белсене қатысып, осы кафедрада оқытылатын пәндердің оқу-әдістемелік негіздерін әзірледі. Зертханалық базаны құруға және ұңғымаларды бұрғылау тренажерын орнату бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқауларды дайындауға қатысты.
2005-2007 жылдар аралығында оқытушы, 2007-2015 жылдар аралығында конкурс комиссиясының шешімімен Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Ұңғымаларды бұрғылау технологиясы және техникасы» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарды. 2007 жылдың 30 наурызында жоғары білікті мамандарды даярлаудағы адал еңбегі үшін университет ректоры атынан алғыс жарияланды.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да жұмыс істеген уақытында кафедраның зертханалық базасын кеңейтуге белсене атсалысты, «Бұрғылау» ЖШС, «Жөндеу» ЖШС, «Круз» ЖШС (Жаңаөзен қ., Маңғыстау облысы), «Ембімұнайгаз» АҚ (Атырау қ.) кәсіпорындарында ЖОО студенттерінің өндірістік практикасын өткізуге келісім-шарттар жасады, үш электронды оқулық («Бұрғылау жамдықтары», «Мұнай және газ ұнғыларының бұрғылау технологиясы» - қазақ және орыс тілдерінде) және «Бұрғылау және тампонаждық ерітінділер» оқу құралы, сонымен қатар көптеген жетекші пәндер бойынша нұсқаулар оқу-әдістемелік кешендер мен әдістемелер әзірленді.
2013 жылы Каспий қоғамдық университетінде 6N0706-Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мамандығы бойынша магистратураны бітірді. «Газды ұңғымаларды тойтарусыз жөндеудің қазіргі технологиясы» тақырыбы бойынша магистерлік диссертация қорғады.
2017-2018 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да «Арнайы снарядтарды қолдану арқылы технологиялық ұңғымаларды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының технологияларын жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми жобада жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Зерттеу барысында оң нәтижелер алынып, зерттелген қондырғылар тазартқыш снарядтар түріндегі «Семізбай-У» ЖШС Иіркөл кен орнына енгізілді. Жасалған құрылғыға патент алынды - Өнертабысқа патент № 34200. Бюллетень. № 26 03.07.2020.
2018 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 6D070600 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мамандығы бойынша докторантурасын бітіріп, «Геотехнологиялық ұңғыларды құру кезіндегі шиеленістердің себебін зерттеу және оларды қалпына келтіру шараларын өңдеу» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
2019 жылы конкурстық негізде Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Қ.Тұрысов атындағы «Геология, мұнай және тау-кен ісі» институтының «Мұнай инженериясы» кафедрасына ассистент-профессор қызметіне қабылданды. 2020-2021 жылдарға Геология және газ ісі институтында директордың ғылым жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Молдабеков М.С. «Мұнай инженериясы» кафедрасында ғылыми, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмыстарын белсенді жүргізеді. Ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз тәжірибесі 20 жылдан асады. 2002 жылдан қазіргі уақытқа дейін Молдабеков М.С. түрлі ғылыми жобаларға қатысты. «Мұнай өндіру және айдау ұңғымаларының функционалдығын қалпына келтіру үшін гидродинамикалық тазарту құрылғысын жасау» зерттеу тақырыбы бойынша гранттық қаржыландыруға өтінім берілді.
Ол 40-тан астам ғылыми жарияланымның жеке өзі және бірлескен авторы болды, оның 3-і Web of Science және Scopus деректер базасында рецензияланған рейтингтік журналдарда жарияланған, Ресей ғалымдары В.И. Спирин және Ю.Е. Будюковпен бірге шығарған басылымдары бар, Хирш индексі, немесе h-индекс Scopus деректер базасына сәйкес – 2.
2019 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығынан магистратураға түсушілерге арналған тест сұрақтарын әзірлеуге қатысып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығында техникалық колледж оқытушыларына арналған тест сұрақтарына сараптама жүргізді.
Оның жетекшілігімен «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша 6 магистрант және 65 бакалавриат жұмыстарын қорғады, 3 магистрант пен 1 докторанттың ғылыми жетекшісі. «Drilling engineering» білім беру бағдарламасын әзірлеуге белсенді қатысты. 2022 жылдан бастап Қонаев қаласындағы ҚазҰТЗУ оқу орнында студенттердің жазғы оқу-бұрғылау тәжірибесін басқарады.
Марапаттары:
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 75 -жылдығына орай білікті мамандар даярлаудағы көп жылдық жемісті еңбегі үшін құрмет грамотасы (2009 ж);
Құрмет грамотасы «Білім беру жүйесіндегі тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудегі, сондай-ақ жас ұрпаққа білім мен тәлімді тәрбие берудегі белсенді еңбегі үшін» ҚР БжҒМ, (Астана 2011 ж.);
«Инженер мамандар даярлау ісіндегі адал еңбегі үшін және «Геолог күні» кәсіби мерекесіне орай құрмет грамотасы», ҚазҰЗТУ (2011 ж.);
Мұнайшылар күніне орай Мұнай-газ саласына маман даярлауға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы (2013 ж.);
Қазақстан Республикасының Геолог күні кәсіби мерекесіне орай геология саласын дамытуға және еліміздің минералдық-шикізат қорын арттыруға қосқан айтарлықтай мол үлесі үшін Құрмет грамотасы (2015 ж.);
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитеті), Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл мерекесі қарсаңында Құрмет грамотасы, 2021 Сәтбаев Университеті;
«Алғыс хат», Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі, 2022 ж.;
«Қазақстан Республикасы Өндірістік геологиялық ұйымдар қауымдастығы» ММ «Құрметті бұрғылаушы» ордені, 2023 ж.
Білімі
2015-2018 ж. – 6D070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша докторантура (PhD), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университеті.
2011-2013 – «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша магистратура, Каспий қоғамдық университеті.
1993-1998 жж – мұнай факультеті, мамандығы «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау», біліктілігі – тау-кен инженері, Қазақ ұлттық техникалық университеті.
Ғылыми жобалар
1. 2017 жылдан 2018 жылға дейін Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-де профессор А.Қ. Қасеновтың жетекшілігімен «Арнайы снарядтардың көмегімен технологиялық ұңғыларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының технологиясын жетілдіру» атты ғылыми жобаның жетекші ғылыми қызметкері жұмысын атқарған. Зерттеу барысында оң нәтиже алынды және ұңғыны тазалау бойынша жасалған құрылғы «Иіркөл» кен орнында «Семізбай-U» ЖШС енгізілді. Жоба тақырыбы бойынша патентке сұраныс тапсырылды.
2. ГМжТКІИ директоры А.Х. Сыздықовтың жетекшілігімен профессор А.Қ. Қасеновпен бірге «Тазалау сұйығының кавитациялық эффектісін қолданып мұнайгаз ұңғыларын тазалау бойынша жаңа техника мен технологияларды өңдеу» тақырыбында ғылыми жоба орындауға «Қазмұнайгаз инжиниринг» ҰК-на сұраныс тапсырылды.
Жеке және авторлармен бірге 40-тан аса ғылыми еңбектері жәрияланған, оның ішінде 2 Web of Science и Scopus базаларына енген рейтингті журналдарда жәрияланған.
Жарияланымдар
Касенов А.К.Спирин В.И., Молдабеков М.С., Файзулин А.З.Байбусинова Ж. Анализ современной технологии, техники освоения и проведения ремонтно-восстановичтельных работ в геотехнологических скважинах, Известия Национальной академии наук Республики Казахстан. Серия геологии и технических наук, Алматы, НАН РК.,№3, 2018, ISSN 2518-170Х (Online), ISSN 2224-5278 (Print), стр.283-289
Касенов А.К.Будюков Ю.Е.Спирин В.И., Молдабеков М.С. Разработка устройств по декольматации фильтров геотехнологических скважин и предварительные испытания в производственных условиях, Научно-технический и производственный Горный Журнал Казахстана. Алматы, №8, 2018г., ISSN 2227-4766, стр.40-42
Спирин В.И.Будюков Ю.Е.Соловьев Н.В.Касенов А.К., Молдабеков М.С. Совершенствование технологии бурения геотехнологических скважин. Разведка и охрана недр. Издательство: Всероссийский научно-исследовательский институт минерального сырья им. Н.М. Федоровского, г. Москва, №1, 2017г. ISSN: 0034-026X, стр.43-45
Kassenov A.K.,Moldabekov M.S., Ratov B.T.,Faizulin A.Z.,Bukenova M.S. The reasons of formation of oil seals when drilling geotechnological wells for underground leaching of uranium ores, 16th International Multidisciplinary Scientific GeoConference SGEM 2016, www.sgem.org, SGEM2016 Conference Proceedings, Albena, Bulgary, ISBN 978-619-7105-55-1 / ISSN 1314-2704, June 28 - July 6, 2016, Book1 Vol. 1, 633-640pp,.
В.И.Спирин, Ю.Е. Будюков, Н.Г.Егоров, А.К. Касенов, М.С. Молдабеков. Перспективы применения забойных шламоуловителей при бурении геотехнологических скважин. Материалы международной конференции “Геологоразведочное и нефтегазовое дело ХХ1 веке: технологии, наука, образование. Алматы. 09 – 13 ноября. 2016г., ISBN 978-601-7529-48-2, стр.122-125
В.И. Спирин, Ю.Е. Будюков, В.П. Онищин, Б.Т. Ратов, М.С. Молдабеков. Повышение эффективности сооружения разведочно-эксплуатационных скважин на углеводородное и минеральное сырьё. Материалы международной конференции “Геологоразведочное и нефтегазовое дело ХХ1 веке: технологии, наука, образование. Алматы. 09 – 13 ноября. 2016г., ISBN 978-601-7529-48-2, стр.283-288
Касенов А.К., Молдабеков М.С., Спирин В.И., Будюков Ю.Е. Выбор бурового раствора для сооружения геотехнологических скважин. Доклады III международной научно-технической конференции «Инновационные наукоемкие технологии», Издательство: «Инновационные технологии, г. Тула. 2016г., ISBN 978-5-9906864-7-2, стр.10-14
Касенов А.К., Молдабеков М.С., Файзулин А.З., Рахметов М.Т. Колонковый снаряд с разборной внутренней керноприемной трубой. Материалы международной конференции “Геологоразведочное и нефтегазовое дело ХХ1 веке: технологии, наука, образование. Алматы. 09 – 13 ноября. 2016г., ISBN 978-601-7529-48-2, стр.26-28
№ | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
---|
Докторанттардың әлеуетті зерттеу жұмыстары
Тазалау сұйығының кавитациялық эффектісін қолданып мұнайгаз ұңғыларын тазалау бойынша жаңа техника мен технологияларды өңдеу