Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Наурызова Сәуле Зинагиевна

Наурызова Сәуле Зинагиевна

Ph.D. докторы

Қауымдастырылған профессор

Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты

Химиялық және биохимиялық инженерия кафедрасы

Email: s.nauryzova@satbayev.university

H-index:
3

Кәсіби өмірбаяны

PhD докторы, ассистент-профессор. Алдыңғы жылдары негізгі мамандығы бойынша химия-технологиялық институті (Шымкент қ.), Қ.Жубанов атындағы мемлекеттік университеті (Ақтөбе қ.), Алматы технологиялық университеті, 2012 жылдан Сәтбаев Университетінде жұмыс істеді. 2016 ж. Мәскеу технологиялық университетінде және Фрумкин атындағы физикалық химия мен электрлік химия институтында ғылыми тағылымдамадан өтті. 2012-2016 жж. – Ұлттық тестлеу орталығында ғылыми-әдістемелік лабораторияның әзірлеуші ​​және сарапшысы ретінде «Көмірсутектік шикізатын өндеу технологиясы», "Органикалық заттары технологиясының теориялық негіздері" пәндері бойынша тест тапсырмаларын қалыптастыру жұмыстарына қатысты. 2017 ж. – ҰБТ  өткізу кезінде ҚР БҒМ өкілі ретінде апелляциялық комиссияның төрағасы болды. Магистрлік және докторлық диссертациялардың жетекшісі. Ғылыми жетекшісі болған студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы 2018 жылы Республикалық конкурстың ІІ дәрежелі дипломына ие болды.  Ғылыми зерттеулерінің негізгі нәтижелері ҚР білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті бекітілген тізіміндегі басылымдарында («Промышленность Казахстана», «Нефть и газ Казахстана», «Вестник КазНУ») (2016-2018), «Scopus» мәліметтер базасына  кіретін Colloids and Surfaces A: Physicochemical and Engineering Aspects» (IF 2.7), Менделеев съезділерінің  (2012, 2016 жж.), 8 халықаралық IUPACсимпозиумы (2017 ж.) тезістерінде, «Вестник технологического университета» (2019 ж., Казань, ВАК РФ) мақалаларда келтірілген.

Білімі

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1978-1983), мамандығы - химик, химия оқытушысы.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, К. Турысов атындағы геология және мұнай-газ ісі институті (2012-2014) - 6М073900- Мұнай-химия мамандығының техникалық ғылымдар магистрі.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (2014-2017) - 6D073900- Мұнай-химия мамандығының PhD докторы.