Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Абжапаров Қуаныш Алмабекұлы

Абжапаров Қуаныш Алмабекұлы

Ph.D. докторы

Қауымдастырылған профессор

Автоматика және ақпараттық технологиялар институты

Автоматтандыру және басқару кафедрасы

Email: k.abzhaparov@satbayev.111

H-index:
2

Докторанттардың саны:
2

Кәсіби өмірбаяны

Абжапаров Қуаныш Алмабекұлы 2004 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне оқуға түсті. 2009 жылы аталған университетті «Аспап жасау» мамандығы бойынша аяқтады. Сол жылы осы мамандық бойынша магистратураға қабылданып, 2011 жылы магистратураны үздік бітірді. Еңбек жолын «Робототехника және автоматика құралдары» кафедрасында ассистент қызметінен бастады.

2013 жылы докторантураға түсіп, 2016 жылы «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады.

Қазіргі уақытта Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Автоматтандыру және басқару» кафедрасында қауымдастырылған профессор қызметін атқарады. Жалпы, үздіксіз педагогикалық еңбек өтілі – 13 жыл.

Қауымдастырылған профессор Абжапаров Қуаныш Алмабекұлы – ғылыми қызығушылықтары автоматтандыру, мехатроника және робототехника салаларымен байланысты жас ғалым. Ол іргелі зерттеулерді қолданбалы міндеттермен ұштастыра отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады:

автоматтандыру, робототехника және энергетика салаларындағы өзекті міндеттерді шешуге бағытталған бірқатар ғылыми-зерттеу жобаларының ғылыми жетекшісі және жауапты орындаушысы болды;

2013–2014 жж. – «Ауа бассейнінің экологиялық мониторингі жүйесіндегі ұшқышсыз ұшу аппаратын жасау» тақырыбы бойынша жобаның ғылыми жетекшісі;

30-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы, соның ішінде Scopus және Web of Science базаларында индекстелетін журналдардағы мақалалар бар;

2014 жылы Алматы қаласында өткен IV Инновациялық конвенттің лауреаты атанып, мехатроника мен робототехника саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеу мен енгізуге бағытталған «Платформалық робот» жобасын ұсынды. Бұл жоба өзектілігі, инженерлік шешімдерінің түпнұсқалығы және интеллектуалды робототехникалық жүйелерді дамытудағы практикалық маңыздылығы үшін жоғары сараптамалық баға алды;

Италияның Кассино университетінің Робототехника және мехатроника зертханасында (LARM) біліктілігін арттырды, бұл қадам отандық ғылымға әлемдік озық тәжірибелерді енгізуге ықпал етті;

қазіргі уақытта ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасы аясында (2023–2025 жж.) «Жоғары сапалы фосфор қышқылы өндірісінің технологиялық үдерістерін басқарудың математикалық модельдерін және интеллектуалды алгоритмдерін әзірлеу, зерттеу және өнеркәсіптік апробациялау» тақырыбы бойынша ғылыми қызметкер болып табылады (жоба жетекшісі – т.ғ.д., профессор Сүлейменов Б.А.).

Білімі

1. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. "Аспап Жасау" Мамандығы. Бакалавр 2005-2009 жж.

2. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. "Аспап Жасау" Мамандығы. 2009-2011 жж. магистрі

3. Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті. "Автоматтандыру және басқару" мамандығы. PhD докторы 2013-2016 жж.

Ғылыми жобалар

Ғылыми қызметкер – ғылыми-зерттеу жұмысы: «Жоғары сапалы фосфор қышқылы өндірісінің технологиялық үдерістерін басқарудың математикалық модельдерін және интеллектуалды алгоритмдерін әзірлеу, зерттеу және өнеркәсіптік апробациялау» (2023–2025 жж., жоба жетекшісі – т.ғ.д., профессор Сүлейменов Б.А.).

2013–2014 жж. – ғылыми жоба жетекшісі: «Ауа бассейнінің экологиялық мониторингі жүйесіндегі ұшқышсыз ұшу аппаратын жасау».

Бастамашылық жоба: «Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмотұрақтылығын сынауға арналған платформалық роботтар негізінде стенд прототипін жасау».

Бастамашылық жоба: «Теңселмелі желкендері бар автоматтандырылған басқарылатын жел электр станцияларының құрылымдарын негіздеу және тәжірибелік үлгілерін жасау».

Жарияланымдар

1. Adilkhan Zhiyengali,  Kuanysh Abzhaparov.  Atomistic Modeling of Graphene Oxide and Epoxy Resin Composite for Wind Turbine Applications. ES Materials and Manufacturing. 2025, 27, 1567 | 13 DOI: https://dx.doi.org/10.30919/mm1567

2. Abzhaparov K.A., Sholanov K.S.,Kabanbayev A. Study and Selection of Parameters of Automatically Controlled Wind Power Station with Swaying Sails (Article). International journal of renewable energy research.  Vol.10, No.2, June, 2020. рр.768-779,  ISSN: 1309-0127. https://www.ijrer.org/ijrer/index.php/ijrer/article/view/10581

3. Abzhaparov K.A., Sholanov K.S., "Justifying and choosing parameters of the wind power installation with an automatically controlled sailing working body" (Article). Journal: EAI Endorsed Transactions on Energy Web. Vol.19, No.21, 2019, e6, ISSN: 1615-5548. https://eudl.eu/doi/10.4108/eai.12-9-2018.155860

4. К.А. Абжапаров, А.А. Жиенгали, Г.С. Баяндина, Система усовершенствованного управления базы ветрянной электростанции на основе предиктивного управления. Вестник КАЗАТК No 3 (132), 2024 стр 283-291.  DOI: https://doi.org/10.52167/1609-1817-2024-132-3-283-291

5. К.А. Абжапаров, А.Р. Жиенгали, Г.С. Баяндина, К.М. Сансызбай  Ветровая электростанция на основе параллельного манипулятора. Вестник КАЗАТК No 3 (132), 2024 стр 442-448. DOI: https://doi.org/10.52167/1609-1817-2024-132-3-442-448

6. Абжапаров К., Сарсенбаев Н., Алдияр Е. Новый подход решения прямой задачи кинематики платформы Стюарта – Гофа Satbayev International Conference Volume 24 (2024), Issue 1, 915-922стр

7. Kuanysh Abzhaparov, Zhiyengali Adilkhan, Korganbayeva Zhuldyz. A new automatically controlled wind power station of the parallel manipulator. VIII Международная научно-практическая конференция. «Информатика и прикладная математика» 26-27 октября 2023 года. Стр.105.

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл
1 Система усовершенствованного управления базы ветрянной электростанции на основе предиктивного управления М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының хабаршысы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 2024
2 Ветровая электростанция на основе параллельного манипулятора М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Хабаршысы Көлік, көлік инженериясы, көлік логистикасы, жүк тасуды ұйымдастыру, автоматтандыру, телемеханика, байланыс, энергетика 2024