Аршамов Ялкунжан Камалұлы
Геология және минералогия ғылымдарының кандидаты
Қауымдастырылған профессор
Профессор
Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты
Пайдалы қазбалар кенорындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау кафедрасы
Email: y.arshamov@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты "Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау" кафедрасының профессоры, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. ҚР Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының және ҚР Минералдық ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі. Екі ғылыми жобаның жетекшісі және бірқатар іргелі және гранттық ғылыми жобалардың орындаушысы.
Біліктілігі – тау-кен-инженер геолог, 20 жыл өтілі бар білікті оқытушы.
Өзінің оқытушылық және кәсіби қызметін «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» кафедрасының ассистенті қызметінен бастаған. 2006-2008 жыл аралығында аталған кафедраның оқытушысы, 2008-2011 ж.ж. аға оқытушы, 2011-2016 ж.ж. кафедра доценті, ал 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры қызметін атқарады. 2004 жылдың 1-ші қараша айынан 2008 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Қ.Тұрысов атындағы Геологиялық барлау институтының оқу- әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды. 2007 жылдың қараша айынан бастап, негізгі жұмысымен қатар Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының «Геологиялық және рудалы формациялар» лабораториясында ғылыми қызметкер, ал 2011 жылдан бастап аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды. 2019 жылдың қыркүйек айынан 2022 жылдың қыркүйек айына дейін Сәтбаев университетінің Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының директор орынбасары қызметін атқарған.
Қосымша ақпараттар:
1. ҚР БжҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің Оқу бағдарламары бойынша эксперттік топтың Геология бағыты бойынша мүшесі.
2. «Тау-кен ісі» және «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандықтары бойынша РhD докторлық диссертацияларды қорғау бойынша Қарағанды техникалық университетінде диссертациялық кеңестің мүшесі.
3. Геология бағыты бойынша «Қазақстан Республикасының геологиялық өндірістік ұйымдарының ассоциациясының» салалық біліктілік шеңберін және кәсіби стандарттарды дацындау бойынша эксперттік топтың мүшесі.
4. Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі (академигі).
5. ҚР Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі.
6. ҚР Минералдық ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі.
- 2020 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
- 2021 жылы Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Жер қойнауын үздік барлаушысы" төсбелгісімен марапатталған.
- 2022 жылы ғылым күніне орай Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУдың Алтын меделімен марапатталған.
- 2022 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
- 2023 жылы 25.01.00 – Геология және минералогия мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді (ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 19.01.2023 ж. №11 бұйрығы).
Білімі
1) 1999-2004 жж. – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Геологиялық барлау факультеті, мамандығы – «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау». Біліктілігі – тау-кен-инженер-геолог.
2) 2005-2008 жж. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, сырттай оқу аспирантурасы, специальность – «Геология, қатты пайдалы қазбаларды іздеу және барлау; минерагения».
3) 2010 жылы «Жоңғар-Балқаш қатпарлы облысының кеш палеозойлық вулканогендік-плутондық белдеуінің мысты-порфирлі кенденуі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. Ғылыми дәрежесі: геология-минералогия ғылымдарының кандидаты.Ғылыми жобалар
Зерттеулердің негізгі ғылыми бағыттары:
Геология, мыс және алтын кенорындарын іздеу және барлау, металлогения. Эпитермалды алтын-күмісті және мыс-порфирлі кенорындардың іздеу критерийлерін және кен бақылаушы құрылымдарын зерттеу. Аймақтық геология және рудалы кенорындардың геологиясы.
Сәтбаев Университетінде жұмыс істеп жүріп, Я.К. Аршамов фундаменталды грантты ғылыми-зерттеу жобаларды орындауға белсене қатынасады. Төмендегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатынасқан:
1. «Қазіргі мобилизм аясында Кіндіктас-Іле маңы аймағының геодинамикалық эволюциясы және оның рудалы құрылымдарын металлогениялық талдау» (2006-2008 жылдары);
2. «Кенорындар жаралуының моделін және қара, түсті және асыл металлдарды өнеркәсіптік бағалаудың ғылыми-негізделген критерийлерін» (2009-2011 жылдары);
3.«Кенді құрылымдардың стратиграфиялық, тектоникалық, литологиялық және геодинамикалық критерийлерін айқындау, Қазақстан дамуының геодинамикалық моделін құрастыру» (2009-2011 жылдары);
4. «Маңызды кенді бөлікшелер бойынша далалық іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу үшін объекттерді таңдау мақсатында ірі масштабты болжамдық карталар, қималар, диаграммалар және жалпылаушы есепті мәліметтер құрастыру» (2012-2014 жылдары);
5. «Жонғар-Балхаш кенді провинциясының эптермалды Au-Ag кенденуін талдау және жаңа типті ірі кенорындарды табу мақсатында перпективті аудандарды бөлу» (2012-2014 жылдары);
6. «Қазақстан палеозоидтері кенбілінімдерінің орналасу заңдылықтары жайлы жаңа мәліметтер базасы негізінде пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің перспективті бағыттарын анықтау» (2015-2017 жылдары).
7. «Орталық және Оңтүстік Қазақстанның сақиналы құрылымдарының кенденуін зерттеу және олардың ішіндегі айтарлықтай келешегі бар құрылымдарды іздеу жұмыстарын құру үшін анықтау» (2018-2020 жылдары).
8. 2021-2023 жылғы «Қазақстанның вулканогенді-плутондық белдеулерінде кедей кенді ірі-көлемді эпитермалды алтын-күміс кенорындарын анықтау үшін ғылыми-негізделінген перспективті алаңдарды анықтау» атты жобада ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатынасады.
9. 2022-2024 жылғы «Шу және Сарысу өзендерінің төменгі ағысындағы сортаңдардың литийлігін анықтау және олардың өнеркәсіптік перспективаларын бағалау» атты жобада ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатынасады.
Ғылыми жобаларды жетекшілік етуі:
2015-2017 жылдары «Қазіргі заманғы геодинамикалық концепциялар негізінде Қазақстанның континенттік жанартау-плутондық белдеулеріндегі (девондық және кешпалеозойлық) мыс-порфирлі кенденулердің өнеркәсіптік перспективасын қайта бағалау» ҚР БжҒМ гранттық ғылыми-зерттеу жобасының ғылыми жетекшісі болды.
Қазіргі таңда 2018-2019 жылдарға арналған «Ақтоғай кенорнының ауқымындағы жарылым маңы тектониканың мыс-порфирлі кенденудің минералдық құрамына әсер етуі » ғылыми-зерттеу жобасының ғылыми жетекшісі. Бұл ғылыми жобаны ЖШС «КAZ Minerals Aktogay» қаржыландырады.
Соңғы бес жылда Я.К. Аршамовтың ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарының негізгі нәтижелері жеке авторлықпен және бірлескен авторлармен 50-ден астам еңбектерде жарияланған, оның ішінде 5 оқу құралы баспадан шығарылған. «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» «Қолданбалы» мамандығы бойынша құрастырылған оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының бірлескен авторы. 12 ғылыми мақалалары мен баяндамалары Scopus базасында индекстелетін ғылыми журналдар мен конференцияларда жарияланған. Ғылыми мақалалары мен баяндамалар тезисі алыс және жақын шетелдерде, республикалық басылымдарда және ҚР ҒжЖБМ Ғылым және жоғарғы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда жарық көрген.Жарияланымдар
1. Atal Yousufi, Hemayatullah Ahmadi, Alma Bekbotayeva, Yalkunzhan Arshamov, Akmaral Baisalova, Gulnara Omarova, Emrah Pekkan (2023). Integration of Remote Sensing and Field Data in Ophiolite Investigations: A Case Study of Logar Ophiolite Complex, SE Afghanistan. Minerals 2023, 13(2), 234; https://doi.org/10.3390/min13020234, https://www.mdpi.com/2075-163X/13/2/234
2. Abyshev, B., Shlimas, D.I., Zdorovets, M.V., Arshamov, Ya.K., Kozlovskiy, A.L. (2022). Study of Radiation Resistance to Helium Swelling of Li2 ZrO3 /LiO and Li2 ZrO3 Ceramics. Crystals, 2022, 12(3), 384
3. B. Zeylik,, Yа.Arshamov, R. Baratov, A. Bekbotayeva (2021). New technology for mineral deposits prediction to identify prospective areas in the Zhezkazgan ore region. Mining of Mineral Deposits Volume 15 (2021), Issue 2, р. 134-142.
4. A.Mendygaliyev, Yа.Arshamov, V.Selezneva, E.Yazikov, A.Bekbotayeva (2021). Prospects for application of multi-spectral earth sensing data in forecasting and searching for reservoir-infiltration uranium deposits. News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, Series of Geology and Technical Sciences 2(466), p. 90-97.
5. Seitmuratova E.Y., Goryaeva V.S., Arshamov Ya.K., Baratov R.T.,(.....), Saidasheva F.F., Seitzhanov S.A. (2019). Results of survey works on gold mineralization revaluation for the zhungar-balkhash fold belt. News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, Series of Geology and Technical Sciences 1(433), p. 206-215.
6. Baibatsha A., Arshamov Ya., Bekbotayeva A., Baratov R. (2017). Geology of the main industrial types of copper ore deposits in Kazakhstan. International Multidisciplinary Scientific GeoConference Surveying Geology and Mining Ecology Management, SGEM 2017(11), p. 231-238.
7. Aksholakov E.B., Sharapatov A., Togizov K.S., Arshamov Ya.K. (2017). Zhitikara ore district: Minerals and ores of rare earths and their prospects of studying logging methods. News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, Series of Geology and Technical Sciences 1(421), p. 79-86.
8. Seitmuratova E.Y., Arshamov Ya.K., Baratov R.T., Dautbekov D.O. (2016). Geological and metallogenic features of volcano-plutonic belt Kazakhstan. News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, Series of Geology and Technical Sciences 3(416), p. 60-86.
9. Seitmuratova E.Y., Arshamov Ya.K., Bekbotayeva A., Baratov R.T. Dautbekov D.O. (2016). Priority metallogenic aspects of late paleozioc volcanic-plutonic belts of Zhongar-Balkhash fold system. International Multidisciplinary Scientific GeoConference Surveying Geology and Mining Ecology Management, SGEM 2016, p. 511-518.
10. Sharapatov A., Shayahmet M., Arshamov Ya.K. (2016). About modern technology field geophysical research areas sulfide mineralization in western Kazakhstan. News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, Series of Geology and Technical Sciences 1(415), p. 102-107.
11. Arshamov Ya.K., Seitmuratova E.Y., Baratov R.T. (2015). Perspectives of porphyry copper mineralizations in Zhongar-Balkhash fold system (Kazakhstan). International MuldiInternational Multidisciplinary Scientific GeoConference Surveying Geology and Mining Ecology Management, SGEM 2015, p. 345-350.
№ | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
---|
Докторанттардың әлеуетті зерттеу жұмыстары
1. Девондық жанартау-плутондық белдеудің геологиясы мен металлогениясы және оның перспективасы.
2. Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесіндегі жанартау-плутондық белдеулердегі кенбілінімдердің мыскендену перспективасы мен оларды өнеркәсіптік бағалау.
3. Ақтоғай кенді ауданының геологиялық-құрылымдық және тектоникалық ерекшеліктері мен мыс-порфирлі кенденуге перспективасы.