Бейсенов Бауыржан Саккоұлы

Бейсенов Бауыржан Саккоұлы

Техникалық ғылымдар кандидаты

Доцент

Қауымдастырылған профессор

Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты

Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы

Email: b.beisenov@satbayev.111

H-index:
2

Докторанттардың саны:
2

Кәсіби өмірбаяны

Профессор, қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Ғылыми-педагогикалық қызметте 37 жылдан астам еңбек өтілі бар оқытушы, зерттеуші және өнертапқыш. Өндіріске енгізілген шаруашылық-келісімді жұмыстардың, бірқатар гранттық ғылыми жобалардың жауапты орындаушысы, 100-ден астам, соның ішінде нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда ғылыми мақалалардың, 5 оқу құралының, 100-ден астам әдістемелік құралдардың авторы. 9 инновациялық патенттердің, КСРО бойынша 5 авторлық куәліктердің авторы. 5В072400 және 6М072400 мамандықтары бойынша типтік оқу жоспарының және ГОСО авторларының бірі болып табылады. Университеттік және республикалық әртүрлі конкурстардың бірнеше мәрте жеңімпаздары атанған студенттік және магистрлік жұмыстардың ғылыми жетекшісі болып табылады. «Қысыммен өңдеу машиналары мен үрдістері» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі. Институт пен университеттің ғылыми-педагогикалық қызметінен басқа да қоғамдық жұмыстарына белсене араласады, жас ғалымдардың тәлімгері мен жетекшісі. Жоғары оқу орындары аралығы бойынша 12 ғылыми еңбектер жинағының жауапты хатшысы, кафедра меңгерушісі қызметін атқарған, университеттің ішкі бақылау комиссиясының мүшесі. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың «Айрықша еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Білімі

1976-1981 жж.В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ, мамандығы: «Металлургиялық зауыттардың механикалық жабдықтары» - инженер-механик

1982-1986 жж. аспирантура В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ

1999 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға диссертацияны қорғау - Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ  

Ғылыми жобалар

Ғылыми қызығушылықтары: Технологиялық машиналардың инновациялық жетектері

Жоба атулары: 

ГФ №2018/АР05131236 «Инновациялық материалдар мен жетектердің компоновкаларын пайдаланып, тау-кен металлургия жабдықтарын жаңғырту»

ГФ №2018/АР05131363 «Құрама ағынды сорапты қондырғының көмегімен жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру барысында өнімді ерітінділерді тартып шығару техникасы мен технологиясын зерттеу және меңгеру»

Жарияланымдар

1. L. Krupnik, K. Yelemessov, B. Beisenov., D. Baskanbayevа, E.Sarybaev. Use of air bellows for low-speed drive mechanisms,  International Journal of Scientific & Engineering Research,  Язык: англ. Volume 9, Issue 11, November-2018 pg.1106-1112.  ISSN 2229-5518. 

2. Е.Е. Елагин, Б.С. Бейсенов, Е.Е. Сарыбаев, Р.З. Тагауова, Технология изготовления форм для литья корпусных деталей из полимербетона, Сборник трудов Международной научно-практической конференции «Рациональное использование минерального и техногенного сырья в условиях индустрии 4.0» ISBN 978-601-323-168-6

3. Б.С. Бейсенов,  Е.Е. Сарыбаев, С.Ж. Сейiт, Система управления пневматическим камерным проиводом поворотного действия, Сборник трудов Международной научно-практической конференции «Рациональное использование минерального и техногенного сырья в условиях индустрии 4.0» ISBN 978-601-323-168-6

4. Р.М. Желоманов, Б.С. Бейсенов, Е.Е. Сарыбаев, Особенности применения пневматических камерных подушек для тихоходных приводов технологических машин, Сборник трудов Международной научно-практической конференции «Рациональное использование минерального и техногенного сырья в условиях индустрии 4.0» ISBN 978-601-323-168-6

5. Абдукаримов Т.Х., Бейсенов Б.С., Сарыбаев Е.Е. Пневмопривод как решение актуальных проблем тихоходного оборудования, Вестник КаНИТУ им.К.И.Сатпаева №2

6. Polymer concrete and fibre concrete as efficient materials for manufacture of gear cases and pumps. E3S Web Conf. Volume 168, 2020. II International Conference Essays of Mining Science and Practice. Published online. 06 May 2020.

7. Substantiation and process design to manufacture polymer-concrete transfer cases for mining machines. Mining of Mineral Deposits, 14(2), 103-109.

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл

Докторанттардың әлеуетті зерттеу жұмыстары

1. Электрогидравликалық әсер ету негізінде ұнтақталған кен шикізатымен бункерлердің бітелуіне жол бермейтін жүйені әзірлеу және зерттеу.

2. Тізбекті сорғы қондырғыларын модернизациялау кезінде сорғыш өзек сорғыларының ұзақ жүрісті теңгерімді жетегінің тартқыш корпусының созылуының орнын толтырудың жүйесін құру және зерттеу

3. Ағымдағы сигналдың жиілік компоненттерін талдау негізінде барабан диірмендерінің толтырылуын бақылау әдістерін жасау.