Бошкаева Лайля Турсуновна
Техникалық ғылымдар кандидаты
Аға оқытушы
Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты
Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту кафедрасы
Email: l.boshkayeva@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
1997 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін (ары қарай – ҚазҰТУ) «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп, инженер-металлург біліктілігін иемденді. 1997–2001 жж. ҚазҰТУ-да «05.02.16 – Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды. 2010 жылы «Қазақстанның ильменитті концентраттарын флюсті қоспалармен бірге электротермиялық балқыту технологиясын жетілдіру» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғады. Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қ. орта мектебінде сызу пәнінің мұғалімі ретінде бастап, 2001 жылдан бері ҚазҰТУ-дың «Түсті металдар металлургиясы» кафедрасында оқытушы, 2007-2014 жж. – аға оқытушы, 2014-2016 жж. – доцент міндетін атқарушы ретінде жалғастырды. 2016 жылдан бері осы уақытқа дейін Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың (қазіргі Сәтбаев Университетінің) «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасында сениор-лектор қызметін атқарады. 1998 жылдан бастап жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер және жауапты атқарушы ретінде көптеген фундаменталдық, инновациялық және гранттық ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға тікелей қатысып келеді. 45-тен аса ғылыми (оның ішінде, мақалалар, баяндамалар, патенттер, ҒЗЖ және патенттік ізденіс туралы есептер) және 40-тан аса оқу-әдістемелік жұмыстардың (оның ішінде, титптік және жұмысшы бағдарламалар, ПОӘК, әдістемелік нұсқаулар) авторы. Келесі пәндер бойынша дәрістер оқиды: «Металлургиялық процестерді модельдеу», «Наноқорытпалар мен наноматериалдар», «Металлургиялық өндірістің технологиясы», «Металлургиядағы автогенді процестер», «Сирек металдар металлургиясы», «Ауыр түсті металдар металлургиясы», «Түсті металлургиядағы процестер мен аппараттар», «Жалпы металлургия», «Арнайы электрометаллургия», «Алтынқұрамды шикізатты өңдеу технологиясы». Докторанттар мен магистранттардың диссертациялық жұмысына, студенттердің дипломдық жобаларына жетекшілік етеді және корпоративтік бағдарламалар мен дистанциондық оқыту бойынша титан-магний («Ө ТМК» АҚ) өндірісіне арналған магистранттар мен бакалаврларды дайындап шығарды. Студенттердің өндірістік және диплом алдындағы тәжірибелерін «Қазмырыш», «Қазақмыс», «Алтынтау-Көкшетау» Корпорациялары мен «Ө ТМК» АҚ сияқты еліміздің жетекші металлургиялық компанияларында өткізуге үздіксіз атсалысады. 2015 жылы «ITMA» Университетінде (Прага қ., Чех Республикасы) «Металлургия және құйма өндірісі: зерттеулер және инновациялар» және «Экология және тұрақты даму» тақырыптары бойынша шетелдік тағлымдамадан өтті, 2019 жылы Чанъань Университетінде (Сиянь қ., ҚХР) «Жібек жолының білім беру саласындағы ынтымақтастығы және тәжірибе алмасуы» тақырыбы бойыынша Халықаралық Форумға қатысты. Магистратура мен бакалавриат бойынша МАК мүшесі, ҚР БжҒМ ҰТО жанындағы КТА тапсыру бойынша Республикалық аппелляциялық комиссия мүшесі, магистратураға қабылдау емтиханы, КТА және ОЖСБ (ВОУД) бойынша тест тапсырмаларын жасақтаушы және сарапшы, Университеттің ІБК мүшесі, эдвайзер сияқты жұмыстарын қосымша атқаруда. 2014 жылы кадрлар дайындауға атсалысқаны үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ грамотасымен, 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Алғыс хатымен, 2014 жылы үлгілі оқуы үшін "Алумни" Ассоциациясының "Ең таңдаулы түлек" медалімен марапатталды.
Білімі
Жоғары - 1992-1997 жж. - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, "Түсті металдар металлургиясы" мамандығы, біліктілігі "инженер-металлург".
Аспирантура - 1997-2001 жж. - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, "05.16.02 - Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы" мамандығы, техникалық ғылымдар кандидаты дипломы ҒК №0007990.
Ғылыми жобалар
Титан-, кремний-, мыс-, мырыш-, рений-, осмий- және ванадийқұрамды тауарлы өнімдер мен асфальтбетондарға арналған модификацияланған битумдар алу технологияларын зерттеу және жасақтау, сонымен қатар, металлургиялық өндірістің қалдықтары мен ЖЭС шаңдарын өңдеуді зерттеу, экология және қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша бірқатар зерттеулермен айналысады.
Төмендегі ғылыми жобаларға қатысқан:
- 2015-2017 жж. Ғылым комитетінің гранты - «Табиғи ресурстарды рационалды пайдалану, шикізат пен өнімдерді өңдеу» басымдығы, «Шикізаттар мен өнімдерді өңдеу технологиялары» ішкі басымдығы бойынша келесі тақырыптардағы ҒЗЖ: 1. «Қазақстан ванадийлі кендерін өңдеудің инновациялық технологиясын жасақтау», 2. «Тауарлы қосымша өнімдер ала отырып ЖЭС, электр станциялары мен металлургиялық өнеркәсіптердің қалдық газдарын терең тазалау технологиясын жасақтау», 3.«Асфальтбетондарға арналған резинобитумды тұтқыр материалдар алудың инновациялық технологиясын жасақтау және тәжірибеге енгізу»;
- 2013-2015 жж. Ғылым комитетінің гранты - тақырыбы № 753.МОН.ГФ.13.6 «Төменгі сортты және қиынбалқитын ильменитті концентраттарға жаңа флюсті қоспаларды қосу арқылы титанды шлактарды алудың инновациялық технологиясын жасақтау»;
- 2012-2014 жж. Ғылым комитетінің гранты - «Инновациялық нәтижелерге бағытталған Университеттік ғылымды мақсатты дамыту» ҒТБ - тақырыбы «Мысқорыту өндірісінің қорғасынды шаңдарын автоклавты-дистилляциялық әдіспен аммоний перренатын ала отырып, қорғасын шаңдарын өңдеуден қалған қалдықтардан қорғасын, осмий, мыс, кадмий, мырышты мақсатты өнімдер ала отырып кешенді өңдеу»;
- 2009-2011 жж. Ғылым комитетінің гранты, сонымен қатар 1999-2004 жж. фундаменталдық және шаруашылық-келісім шарттық ҒЗЖ - тақырыптары: «Жоғары сапалы кварцты концентрат алудың жаңа газтасымалдаушы технологиясын жасақтау», «Мыс өндірісінің қорғасынды шаңдарынан рений мен осмийді бөліп алудың жаңа пирометаллургиялық технологиясын жасақтау», «ӨТМК шламжинақтаушы тұнбаларынан бағалы компоненттерін бөліп алып және қалдықтарын жоя отырып өңдеуді зерттеу және технологиясын жасақтау», «ӨТМК жағдайында №№1,2,3 шламжинақтаушы тұнбаларын қосымша жоя отырып титанды шлак алу технологиясын жасақтау».
Жарияланымдар
1. Бошкаева Л.Т., Худайбергенов Т.Е. Эколого- экономическая оценка осадков шламонакопителей УК ТМК// Труды I международ. научно-практ. конф. «Горное дело в Казахстане». - Алматы, 2001. –Т.2.
2. Свамбаев Е.А., Султанбекова Г.А., Бошкаева Л.Т. и др. Токсикологическая оценка метанола // Труды VI межд. научно-техн. конф., посвященной к 70-летию КазНТУ им. К.И. Сатпаева «Новое в безоп. жизнед.» (ОТ, экология, валеология, защита человека в ЧС, токсикология), Ч.ІІ, Алматы, КазНТУ, 2004.
3. Бошкаева Л.Т., Худайбергенов Т.Е., Лохова Н.Г. Исследование способов гидрометаллургической переработки осадков шламонакопителей УК ТМК // КИМС. -2004. -№ 5-6.
4. Сламов Т., Даулетбаков Т.С., Бошкаева Л.Т. Исследование агломерирующего обжига свинцовой шихты // Вестник КазНТУ, №6, 2006.
5.Способ переработки титановых концентратов. Шаяхметова Р.А., Бошкаева Л.Т., Шаяхметов Б.М., Алыбаев Ж.А., Харламов А.С. Патент инновационный № 20560, С22И 34/12. РК. опубл. 15.12.2008, Бюл. № 12.
6. Жунусова Г.Ж., Бошкаева Л.Т., Корабаев А.С. и др. Обоснование процесса йодирующего обжига компонентов кварцсодержащего сырья в равновесных условиях // Вестник КазНТУ, 2011. – № 6.
7. Еденбаев С.С., Жунусова Г.Ж., Бошкаева Л.Т. и др. Автоклавно-дистилляционная переработка свинцовых пылей медеплавильного производства // КИМС, 2011. – №11,12.
8. Способ извлечение осмия из осмийсодержащих материалов и установка для его осуществления. Еденбаев С.С., Жунусова Г.Ж., Бошкаева Л.Т. и др. Патент инновационный № 27168, С22, РК. Дата подачи заявки 24.08.2012 г., опубл. 2013
9. Алыбаев Ж.А., Баимбетов Б.С., Бошкаева Л.Т., Омирзаков Б. Термодинамический анализ процессов при плавке ильменитовых концентратов на титановый шлак. КИМС. №2. 2014.
10. Байскакова М., Жунисали А., Бошкаева Л.Т. Перспективные технологии ХХІ века – способы переработки забалансовых медных руд // Труды международного форума «Инженерное образование и наука в XXI веке: Проблемы и перспективы», посвященного 80-летию КазНТУ имени К.И. Сатпаева. Том I, Алматы.: - 2014.
11. Алыбаев Ж.А., Бошкаева Л.Т. Перспективы использования ванадиевых руд Казахстана // Труды международного форума «Инженерное образование и наука в XXI веке: Проблемы и перспективы», посвященного 80-летию КазНТУ имени К.И. Сатпаева. Том I, Алматы.: - 2014.
12. Бекенова Г.К., Алыбаев Ж.А., Левин В.Л., Бошкаева Л.Т., Джуманкулова С.К. Микро- и наноразмерные минералы ванадиеносных углеродисто-кремнистых сланцев Северо-Западного Каратау (Южный Казахстан). - Известие НАН РК. №3. – Алматы.-2016.
13. Досмухамедов Н.К., Жолдасбай Е.Е., Каплан В.А., Бошкаева Л.Т., Курмансеитов М.Б. Технологические опыты по регенерации карбонатно-сульфатных расплавов электротермическим способом. - Вестник КазНИТУ, №1. -Алматы, -2017.
14. Шумозащитные наружные жалюзи. Патент РК №4108. Опубл. 01.03.2019 г.
№ | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
---|