Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Идрисова Тунык Кайратовна

Идрисова Тунык Кайратовна

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Кіші ғылыми қызметкер

Сәтбаев Университеті холдингінің ғылыми қызметкерлері

Физика-техникалық институты

Email: t.idrissova@satbayev.university

Кәсіби өмірбаяны

Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ, "Физика-техникалық институты" ЖШС 2011 жылдан инженер қызметінде жұмыс істеп бастады. 

Қазіргі уақытта "Физика-техникалық институты" ЖШС, ғарыш сәулелері физикасы зертханасында кіші ғылыми қызметкер міндетін атқарады. Кең атмосфералық нөсерлер келуінің кеңістіктік-уақыттық корреляциясын және әлсіз әсерлесетін Ғаламның қара материясындағы үміткер бөлшектерді іздеу бойынша зерттеу жұмыстарына "2015-2017 жж Жоғары энергиялы, ғарыш сәулелері физикасын және олардың Қазақстан Республикасында тәжірибедегі қолданылуын дамыту" жобасы аясында қатысты.

Білімі

2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетін "Ядролық физика" мамандығы бойынша тәмамдады, 2012 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің магистратурасына түсіп, "Ғарыш сәулелерінің әсерлесулеріндегі аномалды оқиғаларды зерттеу" тақырыбында диссертациясын қорғап шықты. 2019 жылдан бастап Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ 8D05301 "Қолданбалы және инженерлі физика" мамандығы бойынша докторантурада білімін алуын бастады